Астана қазақтың санын анықтамақшы


Сұмдық аяз!!! Астанада қатып қалдым! Жылы киініп бармаппын. Суықтан қалтафонымның қуаты азайып, инетке шығу да қиындап кетті. Бірақ астанадағы достарымның жылы пейілі мені жігерлендіріп, арқаның суығында жаурамауыма жәрдемдесті.
Алматы әуежайынан ұшағымыз Астанға бет алды. Менімен бірге қажылықтан келе жатқан кісілер бірге болды. Олар өте жұқа киінген екен. Бір бауырымыздың мұрнынан қан кетті. Қысымнан, ауа температурасының бірден өзгере бергенінен болар деп ойладым. Мені де кейбір кісілер Меккеден келе жатыр деп ойлап қалды. Ниеттеріне шүкір! Айтпақшы, бірінші рет Алматыдан Астанаға жастарға арналған тарифпен (10500 теңгеге!) ұштым.


Жұма күні ҚР Статистика агенттігі алдағы жылы болатын Санаққа орай арнайы семинар өткізді. Бұрын-соңды министрлер үйінде болмаған едім. (Тіпті, 410 теңгеге сол жерде түстендім десем, сенбейтін шығарсың)Сөйтіп, алғаш рет ұзыннан-ұзын салынған Министрлер үйінің 4-кіреберісіндегі ғимаратқа кірдім. Министрлер үйі деген өзі 20 шақты кіреберіске (подъезге) бөлінеді екен де. Әрқайсысында бір-бір министрлік орналасқан екен. Сақшылар күтіп алды. Дорбамның ішінде не бар екенін білу оларға қызық көрінді. Жайнамаз, фотоаппарат, диктафон, оны-мұны, кәкір-шүкір қағаздарды көріп, жібере салды. Семинарға Қызылжардан, Керекуден, Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Астанадан да әріптестерім қатысты. Көптен көрмеген достарымды көріп, арқа-жарқа болыстық.

Семинарда не айтылды?

  • Санақ өте маңызды. Халыққа бұның маңызын жете түсіндіру
  • Баспасөздің рөлі
  • 1999 жылғы санақ көбіне жалпы халықтың көңілін білуге бағытталса, бұл жолғысы негізінен тұрғындардың нарықтық экономикаға қаншалықты бейімделгені анықталады
  • Сосын қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білу деңгейі, жалпы саны т.т.т. жалпы 45 сауал болады.
  • 44-сұрақ маған ұнады: Жоспарлайтын бала саны (барымен қоса)🙂
  • Бұл санақтың өту мерзімі де әдейі таңдалған екен. Себебі осы уақыт аралығында көпшілігі ел ішінде, үйде болады.
  • 38-сұрақ: “Сіз оралмансыз ба?” деп аталады. Ел ішіндегі қандастарымыздың жағдайын да білу көзделген.

Ұнамағаны

  1. Журналист болған соң, үнемі кемшілік тұсын теріп жүру әдет болып кеткен ғой деймін. Семинарда отырып, алдағы санақтан мынадай кемшіліктерді байқадым. Бұл санақ БҰҰ, Әлемдік банк тәрізді Халықаралық ұйымдардың тапсырысымен ұйымдастырылады. негізі олар әр 10 жылда бір рет санақ өткізуге кеңес береді. Яғни, сауалдардың дені Қазақстандағы халықтың жағдайын жақсарту ниетін тұрғысынан емес, бірінші кезекте әлемдік қауымдастыққа қажеттісі тұрғысынан түзілген.
  2. Қазақ тіліне қатысты сауал төтесінен қойылмаған. Мәселен, 19-сауал: “Қазақ тілін меңгеру деңгейі” дейді де үш түрлі нұсқа ұсынады. 1) ауызша түсінемі 2) еркін оқимын 3) еркін жазамын. Қалған екі тілде де (орыс, ағылшын) солай. Бірден “Сіз мемлекеттік тілді білесіз бе?” деген сарында сұралмаған.
  3. 18-сұрақ. Ана тілі деп аталады. Егер сіз қазақ болсаңыз да, бірақ орыс тілін ана тілім деп есептесеңіз ана тілім орыс тілін деп белгілейді екенсіз😦
  4. Дінді анықтағанда да шамамен адамның исламға,яки басқа дінге қатысы оның жеке ойымен анықталады. Ниеті сұралады. Бұл орайда көп нәрсе санақшыларға (үй үйді аралап, қағаз толтыруда кеңес берушілер) байланысты. Олар дұрыс түсіндіре алса, адамдар дұрыс толтырмақ.

Әзірге осы. Осы апта соңында Қарағандыға одан әрі, Аллаһ нәсіп етсе, Жезқазғанға баруды ойлап отырмын. Астанада Бейбітшілік және келісім сарайына бардым. Кісі басына 650 теңге алады екен. Қанікей деген гид болды. Құрылыстың іші әдемі екен. Ұнады. Сосын Қазақ елі монументін көрдім. Ақшам уақыты еді. Сәулетті ғимараттарды аралап жүргенде досым көлігімен келіп алып кетпегенде, елордамыздың бір жерінде қатып қалар ма едім… Аллаһ разы болсын! Жылы киініп жүріңіздер. Ауырмаңыздар!

12 thoughts on “Астана қазақтың санын анықтамақшы

  1. санақта мынандай сұрақтардың болатынын естімеппін.🙂 типа жоғарғыдағыдай…

    99 жылы, келген. онда даже сұрамады-ау шамасы. біз жаққа келген кісілер тіптен құлқысыз екен. есікке қағаз іліп кетіпті. Кейнірек бір аға келді. Тәтем бойдақ кезі ғой, сұрау қойған жоқ, өзіңнің сұрақтарын қойып кетті🙂 бір қызығы, кіре беріс өндір кір болып жататын еді, әлгі келген ағаның аяғында ақ носкиі есімде ерекше қалып қойыпты, мүмкін кірлеп қалар деп ұялған болармын. білмеймін неге екенін қонақ бөлмеге кірді. мына балақайларға кім қарайды дейді біздерді көрсетіп🙂. Тәтем, мені және менен басқа қыздардың бәрі осы үйде тіркелгенін айтты. тағы бір сұрағы есімде қалыпты🙂 айтайын ба? жоқ айтпаймын, себебі, ол санаққа қатысты емес. хи*хи*хи :)))

  2. Ана жарнамада апашканы шығарып, бізге автобустар керек, жедел жәрдем керек сол үшін санақ жасап жатырмыз деп алдайды гой сонда, ия?😦
    Санақ жүргізетіндер барынша жауапкершілігі мол, бей-жай қарамайтын адамдар жүрсе екен деп тілеймін.
    Әйтпесе кейбір аймақтарда адам саны көп те, ал сол қырғын адамға 1 мектеп пен 1 автобус қана қатынайды. Сондайларға назар аударса екен…

  3. Ақзере, дұрыс айтасыз, Шаңырақ ықшамауданында қырғын халық, мектепте, звонокқа очерпен шығып, очредпен кіретін болса керек, бірдеңең құлап қалса гардеровта табу қиын дейд, не бұл тап шайнатауын, салсын да бірнеше мектеп, ол жерде саны көп деген, сапа жоқпа депте ойлайсың кейде, әйтпесе мектепте пробка көру деген сұмдық екен…

    отвишайу, сол жерден халық саны 1,5-2 млн бов қалад🙂

  4. Ақзере, Айко! Маған статистика агенттігінің адамдары осындай мәселе болмас үшін халық өзі осы санақтың дұрыс өтуіне мүдделі болуы керек деп еді. Егер санақшылар немқұрайлы қарап, ісін дұрыс атқармайтын болса, оны бір сілкіп алған дұрыс та болар🙂 Негізі санақтың қалай өтетіні тек қана жоғарыдағыдларға ғана емес, өзімізге де байланысты д.о. Ал мектептегі пробка дегенді бірінгі рет естіп отырмын. Көз алдыма елестетсем… общым қиын екен.

  5. Сәлем Асхат! Санақ туралы мәліметтерді іздеп оқып жүр едім. Zere http://www.solai.de сайтына мақалаңнан үзінді жариялапты.

    Меніңше, тілдерді меңгеру туралы сұрақ дұрыс қойылған сияқты ғой. Егер, мемлекеттік тілді меңгергеуіне “ия/жоқ” деп жауап беретін болса, толық картинаны көре алмас едік. Ал, мына сауалнама бойынша, қандай тілдерді, оның ішінде қазақ тілін меңгергендігімен бірге қаншалықты меңгергенін де біле аламыз.

    Ана тілі ұлтына сай болу керек десек, мүлдем қазақ тілін білмейтіндер де қазақ тілді болып кетер еді де, 19-сұрақта қазақ тілін белгілемесе қайшылық пайда болар еді. Бұл пункт, сірә, туғанынан тілі орысшамен (қазақшамен т.б.) ашылған қазақтарды (орыстарды т.б.) ерекше айырып алу үшін қарастырылса керек. Елімізде ондайлардың бар екендігі ақиқат қой.

  6. Сәлем, Маратхан! Жазбаға қызығушылық білдіргеніңе рахмет. Солай.деде қызу пікірталас болып жатыр екен. Бұл тақырыпқа барынша жастардың назарын аударып жатқандарыңа қуанып отырмын.
    Мені бірінші кезекте бұл санақ қазақ қоғамының игілігіне емес, Қазақстандық қоғамның болашағына арнап құрылғаны қынжылтады. Әлгіндегі 45 сауалдың ішінен кейбіреулерін теріп, шүйліккенім де сол еді.
    Әрине, санақтың қалай өтетіні және нәтижесі бұрмаланбай (билік өзінің жүргізіп отырған саясатын сәйкес)жарияланатыны бір Аллаһқа ғана аян.
    Мен бұл сауалнамада “Сіз қазақ тілін мемлекеттік тіл деп санайсыз ба?” деп сұрақты төтесінен қояр едім. Әйтсе де билік осы санақтан соң дұрыс ұлттық саясат жүргізуге ден қояды деген үмітім де бар…

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s