Куә бол, Қағба!


img0012Имам ортаға шығып: “Жамағат, бүгін қуанышты күн” деп бастай бергенде, “енді мешіт ішінде бізді тәуелсіздікпен құттықтайды екен”, – деп ойлап қалдым. Мен жиі баратын “Таулы Қырат” мешітіне әртүрлі ұлттың өкілдері жиналамыз. Маған бұл мешіт сонысымен ұнайды. Содан имамымыз сөз бастап келе жатқан соң: “Тағы да халықтар достығы, ел тыныштығы тәрізді” сөздер сөйлейді екен деп ойлағанмын. Сөйтсем, қателесіппін. Әлһамдулиллаһ!
Имам таяуда ғана қажылыққа барып келген жас наиб имамды (имамның орынбасарын) аман-есен қажылық парызын өткеріп келуімен құттықтады. Бәсе, көптен көрінбей кетіп еді.
Әдемі тілек айтып, соңынан батасын берді. Бұны естіп, кәдімгідей толқып кеттім.
Кеше жақын бір бауырымыз да қажылық сапардан келіп, бір дастархан басында бәріміз бас қосқанбыз. Мекке мен Мәдина қаласын, Қағбадағы тасқа қалай жеткенін бәрін әсерлі жеткізді. Құранда айтылған, талай сахабалар жүрген, асыл пайғамбарымыздың ізі қалған, миллиондаған қажылардың көз жасына малынған дұға-тілектері айтылған қасиетті жер… Діннің тарихын біліп, діни білімі болған адамдар қажылықты терең сезініп келетіні сөзсіз. Себебі Мекке мен Мәдинадағы әрбір тастың өз тарихы бар ғой. Қажылықтарың қабыл болсын, қажылар!

2 thoughts on “Куә бол, Қағба!

  1. Быйыл қажлықтан тез қайтан сияқты ма әлде? 1 айдың жүзіндей болып қалды ма екен? былтыр көрші апа мен ата барып келді, олар(ұйғыр халқы) дінге берік сияқтанып көрінеді маған. Сосын бізге базарлық ала келді, тәтеме аяттар ма бірдеме диск әкелді, ініме әдемі тюпитейка сияқты тақия. …маған уағызын ала келді. Қаржың жететін сияқты ғой, неге анаңмен үлкен апайыңды жібермейсің, я болмаса сенде бар деп үгіт айтты. Апа, жаспын ғой, сосын сәл жеңілтектеу(“шайтан жолым” көп деген мағына) ісім көп. Ұят сияқты ғой, кезінде арман болған Мекке мен сияқтылар барса не болмақ дедім. Ә оның жөн екен бірақ, имандылық жастан басталады. Бәріміз жас болғанбыз, сенің көзіңнен “жеңілдік” көріп тұрғам жоқ деп айтқаны қандай болған, бір жақсы сезліп қалдым. бірақ көп өтпей, со баяғы сүреңсіз сұр өмір. Ал кеп әлгі көрші апам кеткен соң шешемді үгіттейін. Таза жүріп Аллам дегенге не жетсін.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s