«Көшпелі» дикторлар


 «Диктор – қуыршақ. Диктор – кез келген телеарнаның келбеті» деген сөз санамда қалып қойыпты. Ол кезде 10-сыныпта оқимын. Астана қаласына журналистикадан бір мастер класқа барған кезім еді. Тележұлдыз болуды көксейтінбіз ол кезде.
Еліміздің телеарналарынан берілетін таңғы хабарларды көру күнде мүмкін бола бермейді. «Астана» арнасы дүйсенбі сайын таңертең (кейде жұма күні) «Жас қазақ» газетіне жасаған шолуымды көрсететін болғандықтан, бүгін демалыс болғандықтан арналардың таңғы бағдарламаларын шолып шықтым. Шолуды көре алмадым. Шамасы арнаны кеш қостым ғой деймін. Брақ біраз өзгерістерді байқадым. Әуелі не себепті «диктор – қуыршақ» дегенімді айта кетейін.

Журналистиканың ішкі құпиясын біле бермейтіндер, дикторларда таңдау еркі жоқ екенін біле бермейді (Әрине бәрі емес). Негізі телеарна басшылығы диктордың не сөйлейтінін (редакторлар жазып береді), қалай киінетінін (стилистер киіндіреді), шаш үлгісін қалай қоятынын (шаштараздардың ісі), артқы фонында не болатынын (декораторлар), қай сәтін көрсететінін (операторлар) шешеді. Олардың бар жұмысы дайын мәтінді түсініп, өз жанынан шығарғандай етіп оқып беру. Ал қалған көпшілік топтың жұмысы көрінбей, кадр сыртында қалады.

Динара Егеубаева – орыстілді диктор. Негізі кәсібилігі мықты. Бұрын 31 дің жаңалықтарын жүргізген. Қазір «kaspi bank» жарнамасын жасап жүр.

Данияр Есен «Астана» телеарнасынан осыдан екіүш жыл бұрын, үлкен дүрлігіспен кеткен. Сол кездегі арна басшылығы қазақ тіліндегі хабар беруді қысқартқан. Сөйтіп ол бірнеше жыл «Қазақстан» арнасында қызмет етті. Бүгін қарасам, «Астана» арнасында қайтадан таңғы хабарды жүргізіп отыр.

Нұрділдә (фамилиясы есіме түспей тұр) қазір Қазақстан арнасында. Бұған дейін 31 арнаның информ-бюросын жүргізген.

Берік Уәли 31 арнада «Дода» бағдарламасын жүргізген. Қазір «Хабар» арнасында «Бетпе бет» бағдарламасында.

Еліміздегі санаулы телеарнаның белгілі жүргізушілерінің бір арнадан екіншісіне «секіруі» тек бұл кісілермен шектелмейді. Бұндай үдерістің шарықтау шегі Ертісбаев Ақпарат министрі болып тұрған кезде басталды. Себебі арна басшылығы өзгерді. Газеттегі журналистер құрамында да көп өзгеріс белең алған. Ақпараттық саясат та өзгерді. Мемлекеттік телараналарға көбірек ақша құйылды. Біздер журналистер, әзірге, осы мемлекеттік ақпарат саясаты қалай қарай құбылса, соның ыңғайына көніп өмір сүріп келеміз. Сондықтан дикторларды жазғыра алмаймын. Қазақстандағы журналистердің көпшілігі, өкінішке қарай, қай жерде жұмыс істеу жайлы болса, сол жерге барамыз. Бұл шынайы журналистика емес. Марченко бір сұхбатында: «Қазақстан журналистикасы бірнеше жылға Ресейден артта қалды», – деп еді. Жеке өз басым келісемін.

 

 

Advertisements

9 thoughts on “«Көшпелі» дикторлар

  1. ал маған Берік Уәлидің «Еркін сөзі» ұнайтын. Қазіргі журналисттің өзі матреиалын бірнеше сүзгіден өткізсе(әсіресе мемлекеттік арналар), дикторларға не қалды…

  2. ат-жөнін білмеймін, бір тележүргізуші жігіт НТВның Е. Кисилевіне қатты еліктейтін еді. осыдан жеті-сегіз жыл бұрын. тіпті көзілдіріктің үстінен қарағаныда дәл сондай болатын.

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s