Айттым ғой жапондарға ұқсаймын деп…


Urimtal is the Best Blog Dart Thinker. Ағылшын тілді блогшы блогымызға осылай баға берді 🙂

looks Japanese at first glance

looks Japanese at first glance

Алматыға алғаш келіп, ағылшынша тіл сындырып жүргенде Гоголь мен Қалдаяқовтың бойынан бір турист апаларды көргенмін. Адасып қалған екен, көмектесе қояын деп (негізі ағылшынша сөйлескім келіп, тұр еді) қастарына барып: “May I help you?” дегенімде олар тіксініп қалған. Сөйтсем, зейнеткерлікке шығып, ел аралап жүрген француз апалар екен. Жастарын шамамен 60 пен 70-тің арасы деп шырамыттым. Біздің әжелер бұндай жаста немересін бағып үйде отырар еді. Содан әлгі апамыз көмегімнен бас тартты да, шамалыдан соң артымнен қуып келді. Сосын: “Сіз жапонсыз ба?” деп сұрады. Өзімнің жапонға ұқсайтынымды сол кезде біліп едім. Кейін, КИМЕП-те ағылшын тілі курсына барғанда, Нью Йоркта, Ригада, Прагада, Украинада жүргенде жұрт мені жапон деп ойлаған. Шетелде намыстанып, басыма қара тақия киіп алуға тура келген еді. Бүгін көшпелі қазақтың блогын оқып отырсам, маған арнайы жүлде тағайындапты. Сосын жапонға ұқсайтын қазақ блогшысы депті.

My next award goes to Asqat who is very Kazakh but looks Japanese at first glance, he has a blog that is in Kazakh language but ocassionally he slips into blogging in English. I trust that what he writes is a good perspective on life in his country of Kazakhstan, it was pleasant to meet him last spring.

Жылаймын ба, қайтем енді…

16 thoughts on “Айттым ғой жапондарға ұқсаймын деп…

  1. Ана суретте қазақша сақалың болмағасын ғой, жапон шығарсың деп шырамытқандары… ал негізі қазаққа көбірек ұқсайсың 🙂 🙂 :)Анау ағылшынша сені түп-тұқиянымен қазақ деуіне қарағанда, дистибитілні сенде қазақи бір ингредиенттер бар деп ойлау керек 🙂 Еленген еңбегің жана түссін, Асеке!!! Қарқыннан тайма, жазса.

  2. Кезінде бір дүние-жүзі халықтарының гендерін бір-біріне ұқсастығын тексеріп тәжірибе өткізген болатын, сонда жапондықтар мен қазақтар 98 % – ға бір-біріне гендрі келіпті. Мен ойлағанмын ол мүмкін емес деп. Енді сіздің ұқсастығыңызға қарап, ойым өзгерді.

  3. Барлықтарыңа рахмет.
    Ұқсамауымыз мүмкін емес екен, ойлап отырсам.
    Аллаһ тағала бәрімізді бірдей етіп жаратқан. Тек бір-бірімізді тану үшін әртүрлі етіпті.
    Жапондар мен кәрістердің менталитеті де ұқсаса. Ол елге барсақ, бізге адамдармен түсінісу оңай болып, “мәдени шок” жеңіл өтетін шығар.

  4. көзім сығыр болмасам да “жапондықтан” нәсібімді алғандарданмын. әйелімнің көзі бақырайған маған қарағанда, түріктер оған да жапон деді ғой. көзінің бақырақтығына аздап күмәнданып қалды сол кезде…

  5. Сізден сұрайды екен, мені көогендер ай-шайға қарамай бірден Қытай жайлы әңгіме бастап кетеді. *Оу, тоқтаңыз* деп тоқтамын. 🙂
    Тіпті Қытайларда жаныма келіп бірдемелер айтады. *Ой, кешіріңіздер мен қытай емес едім* деймін. Таң қалып қалады. Қытай өз ана тілін білмейме дегендей. Фамилиям 10 әріптен тұрады. Оны естіген қытайлар жалт беріп қарайды:)) Жеті атасын түгендеп кеттіме дегендей

  6. Қазір есіме түсіп отыр, сіздерді деп сұрағандар бар ма? Менен біраз сұрағандар болды. Кейін деректі фильмдерді зейін қойып қарайтын болдым. Шынында да қара торы қыздары ұқсайды..

  7. бірде жұмыстан қайтып келе жатып бір кісіден естігем өзім жайлы: “сен нағыз жапондықсың, оларда күліп тұрып басын шауып кететін кинолары бар ғой, сенің действияң соған саяд” – дейтін. 🙂 қызық екен дедім.
    былтыр бойфрендіме нем ұнады десем шашың дейді, неге десем түріңде япошкаға келеді екен. әсресе күліп тұрғаның дейді. шашым неге япошкаға келіпті десем шелкамды айтады, ұзын және тегіс етіп алғаным ғой. уахаха дедім, менің действиямды білмейсің ғой деп 🙂
    әзірге осы екі адам ғана айтты, әйтпесе ешкім оқшаулаған емес, бірде банкетте қызыңқырап алған бір ағашка, жас қыздарды европейитдік/азияттық деп бөліп тұр. сосын мен кімге келемін десем. күліп сенде екеуіде бар дейді. яғни керек кезде азияттық бола қалам, я болмаса европейидтік бола қалам, ой выборды өзіме салып тұрсаңыз азиялық оның ішінде кәріс қылыңызшы деп күлдім 🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s