Шүкіріміз азаймасын, құрбандық қабыл болсын!


ali-beken.ucoz.kz

ali-beken.ucoz.kz

Таңертең қай мешітке баратынымды әзір шешкенім жоқ. Жақыны Ақсай мешіті. Достарымызбен сол жаққа Құрбан айт намазына баратын болармыз, ИншАллаһ! Өткен жылы бірнеше жерден құрбандық шалынған. Жақсы болды.
Әлгінде көшеге шығып едім, дүкендердің маңайы абыр-сабыр. Мерекелік леп сезіледі. Мейлі бірі жаңа жылға, бірі туған күнге, енді бірі үйлену тойына дайындалып жатқан болар. Қалай десек те, мен үшін халықтың көңіл күйі жақсы болғанығ ертеңгі күнге деген сенімнің күшті болғаны маңызды. Маған салса, қазіргідей қаржы дағдарысы қыспаққа алғанда адамдардың рухани байлығының молаюына түрткі болатын Құрбан айт тәрізді мейрамдардың құрметіне бір күн емес, толықтай үш күн демалыс жариялар едім. Себебі мешітке келе бермейтіндер осы күні Айт намазына қатысып, құрбан шалмаса да, дастарқанда құрбандықтың етінен ауыз тиіп отырып, Аллаһтың сөзін тыңдап «шүкірін» молайтады. «Құрбан» сөзінің өзі «жақындау», яғни Аллаһқа жақындау дегенді білдіреді емес пе… Аллаһқа жақындай түсейік. Сөзсіз мейірімді де, рахымды Аллаһ тағала бізге біз ойлағаннан да жақын.
Қырқып қой: түркі елдерінен достарыңыз болсы, оларды төмендегі сөздермен айт күні қуантсаңыз болады.
Kazakistan Türkçesi : «Aytiniz kutti bolsin!»
Türkiye Türkçesi : «Kurban Bayramınız Mübarek olsun»
Azerbeycan Türkçesi : «Qurban Bayramınız mubarek olsun!»
Özbekistan Türkçesi : «Kurban Bayromıngız mobarak bolsun!»
Türkmenistan Türkçesi : «Gurban bayramıngız gutlu bolsun!»
Kırgızistan Türkçesi : Kurman Aytinar maarek bolsun !»
Tatar Türkçesi : «Korban Bayramı mubarek bulsin!»
Uygur Türkçesi : «Bayramıngızğa mübarek bolsun»
Karaçay Türkçesi: «Kurman Bayramıgız kabıl bolsun»
http://www.turklehceleri.tr.gg

Advertisements

2 thoughts on “Шүкіріміз азаймасын, құрбандық қабыл болсын!

  1. Ұлық айт мүбарак болсын, мінеки! Түйенің қарны жарылған күн дейсіз бе?

    Бір түрлі, мерекеалды эйфориялық қуаныш сезімінен бе, ұйқым келмей отырмын. Бес-алты сағат соңыра үйден аса қашық емес мешітімізге адамдар лек-легімен ағылады!!! Аз қалды…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s