WordPress таңқалдыруын қояр емес


Түу, бүгін блогымның ішкі құрал-саймандар тақтасына кіріп танымай қалдым. Уордпресс ішкі интерфейсті өзгертіпті. Жаңа үйге кіріп келгендей әсердемін. “Квартирный вопрос” деген ТВ бағдарламасында үйінен бір сәтке шығып кетіп, сосын бөлмесінің жаңа қалпын көріп, таңқалып жататындар болушы еді ғой. Солар онша ұнамайтын. Таңқалыстарын жасанды көретінмін. Қазір енді өзім дәл солар тәрізді таңырқап отырмын. Құрал-саймандар тақтасы шағын ғана болып, бір беттің өзіне бірден бірнеше мәліметті (жаңа жазба жазу үшін жаңа терезе ашпайсың, қаралай жазу нұсқалар да көрініп тұр, категория, сілтеме, түзету бәрі-бәрі бір бетте) Тіпті уордпресстің қазақша нұсқасындағы ең белсенді блогтарды да бір бетке шоғырландырыпты. Маған ұнап отыр. Әсіресе, мынау “жылдам жазба” (қазақшалап тастадым ғой quick press) функциясы мен тәрізді тығылып отырып, тез-тез жазып тастайтындарға тиімті тәрізді🙂
Өткенде гмейл де интерфейсін біраз өзгерткен еді. Маған онша ұнамаған. Сосын алып тастаған ғой деймін. Ал мынау уордпресс жақсы істепті. Көкелер-ау, бүгін ұмытпай “Қазақ Әдебиеті” газетін ала салыңдаршы. Әлия мен Нұрғисаның пікірлері суретімен жарық көруі керек еді.

8 thoughts on “WordPress таңқалдыруын қояр емес

  1. Менде админ ретінде кіріп, түк-түсінбей біраз отырып қалдым. Сосын барып өзгерістер енген екен ғой деп топшыладым. Бірақ көп функциялары ағылшынша екен.

  2. Тез арада Айкоға хабарласу керек!!! Мен де аң-таңмын. Әлде бір күтпеген сыйлық жасағысы келіп жүр ме? Бір күні aiko.dosym.kz тен тауып алмайық🙂

  3. бәсе, Айко қайда кетті десем, блогы ашылмай… Уорд Пресстің жаңа дизайны маған да ұнады. Қазақ әдебиетіне жазылмаймын, қалада сатпайды😦

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s