Алматы жастары зулхиджаны темекі-шерумен бастады


Түрлі-түсті шарлар темекіге қарсы

Түрлі-түсті шарлар темекіге қарсы

Сенбі күні Арбатта кетіп бара жатып, улапшулаған жастардың даусын естідім. «Алматыда қоғамдық көліктерде студенттердің жеңілдігін алып тастайды» дегенге қарсы ұйымдастырылған акция болар деген ой келді. Барабандатып, әскери марш әуенімен шағын ғана жастар колоннамен Фурмановтан Абылайхан көшесіне қарай Жібек жолының бойымен келеді екен. Арбатта суреттер сатып тұратын жер бар еді ғой. Оларды сол жерден кетіп бара жатқанда суретке түсіріп үлгердім.

музыкант-волонтерлер

музыкант-волонтерлер

Анықтап қарасам, бұлар қалалық «Алматы темекіге қарсы» деген ұранды қолдап, шулап жүр екен. Кейін «Қорқыттың» қасынан өтіп бара жатып, жерде сол шараның эмблемасының (алдыңғы жазбадағы сурет)жатқанын көзім шалды. Яғни, бұл іске бюджеттен белгілі бір ақша бөлінді, бұған белгілі бір жастар қатысты деген сөз. Бірақ суретке анықтап қарасаңыз, дуылдатып жүргендерді оқушы немесе студенттер дей қою қиын. Әртүрлі ой келді. Қаржылық дағдарысты ұмыттыру үшін ұйымдастырылып, халықтың назарын басқа мәселеге аударуға бағытталған шара болуы да ғажап емес. Әйтпесе, бұндай шарамен алматылықтар темекі шегуін қояды дей қою қиын. Бар болғаны мәселеге бұқараның назарын аударту. Ал мен алда келе жатқан Құрбан айт мейрамына назар аудартқым келеді.

«Аллаһқа құлшылық етілетін күндер ішінде Зүлхиджаның алғашқы он күнінен ұнамды күн жоқ. Ол күндері ұсталынған әрбір күннің оразасы бір жылдық оразаға, әрбір түнінде қылынған намаздар Қадір түніне тең.»

(Тирмизи, Саум; Ибн Мажә, Сыям)

Хижри жыл санауда ең соңғы ай – Зүлхиджа айы. Ол айда Исламның бес парызының бірі болған – қажылық ғибадаты орындалады. Зүлхиджа айының 1-і мен 10-ы арасында болған уақытты берекелі он түн деп атайды. Ал 10-шы күні болса Құрбан айттың бірінші күні. (rasullullah.kz)

Ескерту: Бүгін (дүйсенбі) Зүлхиджа айының үшінші күні

 

I love myself, I'm against smoking!

I love myself, I

Advertisements

7 thoughts on “Алматы жастары зулхиджаны темекі-шерумен бастады

  1. менімше, мұндай шаралардан пайда аз. Одан да ол қаржыны жастардың рухани тәрбиесіне жұмсаса пайдалырақ болатын сияқты. Кім білсін?!

  2. Ең қызығы, бізде жастардың бойындағы жеке азаматтық көзқарасын тұншықтырып тастайды да, осындай шараларға күштеп (кейде ақша беріп) шығартады емес пе? Әйтпесе, жастарға «шылым шекпе!» дегеннен гөрі, біруақыт «олар неге шылым шегіп жүргенін» ойланбай ма?

  3. Пікірлеріңізге келісемін. Бір жағынан, тыныш жатқаннан әйтеуір бір нәрсе болса да өткізген де дұрыс шығар.
    Мүмкін бірі болмаса, біреуінің назарын аударады ғой.

  4. » Темекі шегу денсаулығыңызға зиянды» деген жазумен темекі сатылып жатқанда қоймаған адамға не істесең де бәрібір. Саналы адам өзі-ақ біледі бәрін. Құр даурықпаның қажеті жоқ. Соны қашан түсінер екен…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s