Баланың жас ерекшелігі мен әкесі туралы ойлары


“Аңсардың” жазбасын оқып отырып, осыған ұқсас бір мәлімет оқығаным есіме түсті. «Кәусар» баспасынан шыққан күнтізбені ақтарып отырып, тауып алып едім. Осы жазуды оқыған сайын қарапайым нәрсеге қалайша мән бермей жүре беретініме таңмын. Арабтар адамды “инсан” (араб. ұмытшақ) дейді екен. Рас-ау…

 

5 жасында: «Әкем бәрін біледі»

10 жасында: «Әкем көп нәрсе біледі»

15 жасында: «Әкемнің білетінін мен де білемін»

20 жасында: «Шындығына келсек, әкем негізі көп ештеңе білмейді»

30 жасында: «Әкемнің де пікірін білсем, артық болмас»

40 жасында: «Әкем, не де болса, кейбір нәрселерді менен жақсы біледі»

50 жасында: «Әкем барлығын біледі».

60 жасында: «Қайран әкем, өмірде болса, өзінен сұрар едім»

7 thoughts on “Баланың жас ерекшелігі мен әкесі туралы ойлары

  1. Инсан сөзінің мағынасын енді біліп отырмын. Бұған дейін тек адам дегенін ғана білуші едім.

  2. Қандай тура айтылған… Дәл біздің шақта бәрінен көп біліп кететініміз бар ғой…

  3. Айко, ия… Керемет шығыпты…

    Өмірдің шынайы кесіндісі. Адамдағы өзімшілдіктің даму динамикасы мен сабаға түсу шкаласы… Асхат, ой салар жазбаң үшін кһп рахмет!!! Аңсар жақсы журнал…

  4. 15-17 жасымда әкем мені түсінбейді, заманы бөлек болған соң деп ойлайтынмын. Қазір сіздің жазбаңызды оқып тұрып ұялып қалдым.
    Қазір олай ойламаймын.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s