Award.kz – 2008: Нұрғиса бірінші орын!


AWARD.kz – 2008» пен оған қатысып, жүлделі болған Нұрғисаның блогын сылтау етіп, Алматыдағы қазақ блогшылары жүздесіп қалдық. Қызық Айко да, Айкона да, Бал(ғ)ырған да өмірде бар адамдар болып шықты. Қалған блогшылар: Ақзере, Бақытгүл, Бекжан, Есенгүл, Нұрғиса, Қуанышпен бұрынырақта кездескендіктен олардың офлайнда да өмір сүретініне күмәнім жоқ-ты. Салтанатты кешке Қазнеттің қаймағы жиналды десем, артық айтқандық емес. Әлия апай айтып, таныстырмаса, қазақ блогшылары sozdik.kz порталын қазақша білмейтін Евгений (суретте) жасады десе, сенбес едім. Мүмкіндікті қалт жібермей, суретке түстік (суретті кім түсірді деп ойлайсың?). Сөйтсек, sozdik.kz қызметін бәріміз де пайдаланады екенбіз.

sozdik.kz пен қазақ блогшылары

sozdik.kz пен қазақ блогшылары

«

 

Сонымен басынан бастайын. Осыдан алты ай бұрын басталған жұмысымыз артта қалып, бір жеңілдеп отырмын. Салтанатты марапаттау рәсімі қалай өткенін келгендердің өздері сынай жатар. Ертең соңғы қорытынды баспасөз мәслихатын өткізіп, көктемге дейін демалатын шығармыз. Биыл мен осы байқаудың ұйымдастыру комитетіне мүше болып, қазақ тілді бөлігіне жауап беретінмін. Мақсатым байқау туралы қазақтілді аудиторияға дұрыс түсінік жұмыстарын жүргізу. Ал ішкі пиғылым – қазақ тіліндегі сайттардың саны мен сапасының артуына ат салысып, бар сайттарға рухани демеушлік таныту, олардың қазақ қоғамына керек екендігін білдіру болатын. Биыл байқауға қазақ тілінде өтініш берген сайттар былтырғыға қарағанда екі есе көп болды. Бұл да бір жеңіс!

Бірден қорытындығы көшейін. Байқау тарихында алғаш рет қазақ тіліндегі сайт өз аталымында бірінші орыннан көрінді (Нұрғисаның блогы өзге орыс тіліндегі блогшыларды шаң қаптырып, өз номинациясында бірінші орынды иеленді, Азаттық сайты да ең үздік БАҚ сайты атанып, бірінші орынға ие болды). Бұдан бөлек аталған байқауда қазақ тіліндегі ең үздік сайт анықталды. Әлия өзге де жақсы қазақ сайттары болғанын айтады.

Нұрғисаның қоржынында не бар екен, ә?

Нұрғисаның қоржынында не бар екен, ә?

Қазақ тіліндегі ең үздік сайт деп Азаттық аталды. Байқаудың төрағасы маған Мәссаған мен Азаттық тең ұпай жинағанын, тек одан кейінгі дизайнын бағалау бойынша ғана Азаттық алға озғанын айтқан. Осылайша бұл аталымда екінші орын Мәссағанға бұйырды. Жанарбек, Бақытнұр, жүлде құтты болсын! Біз сендермен біргеміз!!! Бұл қосымша арнайы аталым болғандықтан оған Байқауға қатысуға өтініш берген барлық қазақ тілді сайттар қатысты. Нәтижесінде Азаттық бірінші, Мәссаған екінші, Нұрғиса блогы үшінші орынды иеленді. Қазылар алқасының құрамында болған

Ұйымдастырушы болғандықтан, қонақтарды орын-орындарына жайғастырып, әрлі-берлі жүгіріп жүрдім. Арасында биылғы доданың қазылар алқасының төрағасы болған Альберт Попковпен (одноклассники әлеуметтік желісінің негізін салушы әрі теңқожайыны)суретке түсіп үлгердім.

)

Өрімтал сыныптасын тапты🙂

Ол ұшақтан түсе салып бізге келген беті еді. Cоңында Нұрғисаға барлық үш жүлде (көрермендер көзайымы, үздік блог, қазақ тіліндегі үздік сайт) табысталған соң барып, блогшылармен емін-еркін отырып, әңгімелесе алдық.

У-шуы көп «СтарсКлабты» артқа тастап, «Жерұйық» ресторанына (әлде кафе ме) келіп, шай (біреулер көк шай, біреулер сүтпен) ішіп, чак-чак пен пахлаваны жей отыра жақынырақ таныса бастадық. Қыздар белсенді екен. Бұған дейін өзара танысып, дидарласып, сырласып үлгеріпті. Бәрі де Солай денің форумындағы тақырыптарды талқылауда белсенді. Өзім блогтарына күнде оқып, біліп жүргендіктен еркін әңгімелесе алдық. Арамызда барьер болмады (жеке өзім солай сезіндім). Егер үнсіздік орнай қалса, дереу жазбамызды есімізге түсіріп, бір күлісіп аламыз. Блогымыздағы сілтемелері тұрған блогшылардың жаңасын да, ескісін де түгендеп шықтық. Алда болуы мүмкін Баркэмп жайында сөз қозғадық.

Осылай кездестік. Мен енді тым құрғақ айтқан шығармын. Қыздар фотоаппартпен шырт-шырт суретке түсіріп жатқан, сондықтан олардың бұл кездесуден жазғандары қызықтырақ болар деп ойлаймын. Әзірге осы. Болған жайттың анық-қанығы қалдырылған пікірлерге орай анықталып, толықтырыла жатар. Бастысы кездестік!

Нұрғиса, жүлдең құтты болсын! Аршат, сенің еңбегінің жемісі деп білемін. Енді қазақ блогосферасына шегінерге жол жоқ! Артымызда AWARD.kz – 2008, алдымызда… 

 

18 thoughts on “Award.kz – 2008: Нұрғиса бірінші орын!

  1. Өзге де жақсы сайттар болса да, 10 деген бағаны тура осы үш жүлдегерге қойған едім🙂 Құттықтаймын!!! Әсіресе Нұрғиса үшін өте қуаныштымын(жеке блог болғасын, әрі жай емес, керемет блог болғасын😉 ). Келесі жылы номинацияларды толықтырып, қазақ тілді сайттарды бір номинацияға тықпай, мүмкін басқаша жасар.

  2. Келесі жылы блогшылар көбірек қатысар деген үміт бар. Байқауды ұйымдастыруға ат салысқаныңа рахмет, Әлия! Қыздар дастархан басында Сенің блогыңды мақтап отырды🙂

  3. сіздерге рахмет. Нұрғисаның қасында анааау тұрған екібастұздық Иван Богураев қой деймін. Ол да бір номинацияда жеңген ғой сонда. Ертең(бүгін күндіз) толық білетін боламын🙂 Award жайлы алғаш жариялап отырған әзірге сізсіз. Журналистке тән оперативтілік🙂

  4. 😉 bogus.kz “Жеке парақшалар” номинациясында екінші орын алды. Бірінші орын кімде екенін білесің🙂

  5. Рахмет, balgyrgan. Блог арқылы бір-бірімізді жақсы танып алған соң, алғаш жүздессек те бір-бірімізді көптен танитын адамдай еркін отырдық қой. Соның себебі деп ойлаймын. Әйтпесе, әдетте бөтен қыздар менен үрке қашатын😉

  6. # ҚР «Тілдер туралы» Заңының «…ҚР мемлекеттік емес ұйымдар өз жұмыстарын мемлекеттік тілде жүргізеді, қажет болған жағдайда басқа тілде жүргізеді» дейтін 8-ші бабының екінші тармағы және «…«Қазақстан Республикасында басқа мемлекет өкілдерімен өткізілетін ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тілдерге аударылып, мемлекеттік тілде жүргізіледі» деген 27-бабы осындай алқалы жиында орындалмай отыр. Осы сияқты заңбұзушылық барлық іс шараларда орын алуда. Кім қандай пікір айтады. Алде ойым дұрыс емес пе?

  7. Нұрғисаны жеңісімен құттықтайын десем, блогына жаза алмадым😦. Шәйнек болған соң, осы ғой енді. Сондықтан, үйренген соқпағыма түсе салайын, айып етпеңіздер? Нұрғиса, жеңісіңіз құтты болсын! АЛЛа қашанда жеңістерден жеңістерге жеткізе берсін! Ең бастысы – аман болып, тілеген армандарыңыз орындалсын!🙂

  8. Ізгілік пікіріңізге қосыламын.
    Аллаһ қаласа Нұрғисадай жастарымыз, Мәссағандай сайттарымыз көбейген кезде, мұндай сайыстарды өзіміз таза ҚАЗАҚша өткізе беретін күнге жетерміз деген үміттемін.

    Барша ҚАЗАҚтілді интернетшілерді ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!!!

  9. Тілегіңізге рахмет, Жайна! Әмәнда еткен еңбегіміз еңсеміз бен қал-қадірімізді түсірмейтіндей болсын. Адал амалдар мен түзу ниеттер түбі бізді мықты қылуы керек. Қазақстан, тек қана алға!🙂

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s