EJKAZ тренингінен соң


Жексенбі күні кезекті курсымыз аяқталды. (EJKAZ – Economy Journalism Kazakhstan). Енді үшіншісі Польшада өтуі керек. Менің барар бармасым белгісіз. Бұл – Экономикалық журналистика бойынша қазақ журналистеріне арнап өткізілген арнайы шара еді. Былтыр үлкен байқау болып, соған қатысып, үш жылдық курсқа қатысуға мүмкіндік алған оншақты жеңімпаздың қатарына іліккен едім. Тренерлеріміз Польшадан келген. Сосын өзіміздің жетекші экономистер мен осында экономика тақырыбында жазып жүрген шетелдік журналистер. Өзіміздің блогымыз да бар. Уақытың болса, менің жазбамды оқып, пікір қалдыруыңды өтінемін.

Курстың мақсаты журналистерге аз уақыттың ішінде экономикадағы тенденциялардан, экономикалық инструменттерден т.с.с. хабар беру. Журналистерге сандардың астарына үңіліп, оларды түсініп оқи алуға жағдай жасау. Сауатты, дұрыс экономикалық мақала жазуға жәрдемдесу. Курстың бірінші отырысы жазда өткен. Ол кезде жалпы экономикаға кіріспе болды. Бұл жолы несиелер, банктер, құнды қағаздар (акция, облигация), сақтандыру, нарықтағы инструменттер, қаржы институттары сөз болды. Биржада акциялар сатылатынын білгенім болмаса, адамдар ол жерде алаяқтықпен айналысатынына жете мән бермеппін. Биржада ауадан ақша жасау үшін әртүрлі қаржы инструменттерін пайдаланатынын білгенде төбе шашым тік тұрды!

Екі күндей “ақша және мен” деген тақырыпта сараптама жасадым (самоанализ). Бізге оқытылған дүниеге мұсылман тұрғысынан қарауға тырыстым. Шариғатта сауда жасау құпталады. Бірақ ол адал болуы керек делінеді. Сауда жасағанда екі жақ та разы болуы керек. Ал қазіргі тенденцияға қарасам, негізінен тәуекелдер өте жоғары. Бүгінгі саудада біреуі оңбай ұтылады да, екіншісі пайдаға қарқ болады. Төмендегі сауалды сол тренингте отырғанда өз-өзіме (блог деген, енді, ішкі ойың ғо) қойған едім.

Суретті түсірген Данияр

Суретті түсірген Данияр

Осы мұсылмандарға өмірін сақтандыруға бола ма?

Мұсылман елдерінде сақтандыру бизнесі бар болса, қалай дамуда?

P/E, EPS, P/BV

Price of earnings

Earning per share

Price/Book value

Insurance – transfer of risk of loss

I premium: expected loss + insurer cost

9 thoughts on “EJKAZ тренингінен соң

  1. Жақсы жоба екен.! Журналистерге тағыда бір рет жаңа қырынан танылуға мүмкіндік береді және кәсіби деңгейде экономикалық шығармалар жазуға таптырмас көмек.

    Келесі жиындарыңыздың Польша өту себебі неде? Барлықтарыңыз Қазақстанан болғандықтан оныда осында өткзуге болмайма екен?

  2. Биржада акциялар сатылатынын білгенім болмаса, адамдар ол жерде алаяқтықпен айналысатынына жете мән бермеппін.

    мына инфоңыз, қызықтау болып тұр, қазір рекламадағы RFAC кірмейтін шығар мұндай жазбаға? жалпылай айттыңыз ба әлде кейбір белгісіз биржалар жайында айттыңыз ба? неге онда халықты сендіріп бағуда?

    сізге әркез сәтттілік тілейм!

  3. Ansar, sebebi mundai tariningti Polish expertter jurgizedi eken. Qazaqstanda jurnalisterdi dayndaityn mundai uiym azirge joq.
    Aiko, meninwe sol hakyqtyn qolynda bar qawasyn birjaga saldyryp economicany demegisi keletin tarizdi. Biraq ewbir elde (exept London and US) halyqtyn jappai birjada oinauy bolgan emes. RFAC ga kiru uwin de qomaqty qarjyn boluy kerek.

  4. беймарал деген сөзді не үшін қолданады?🙂 (еще шымқалалықтар көп айтад аха)
    типа спокойный деген сөз ба?

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s