Исламдық банктің негізгі өнімдері


Исламдық банктің негізгі өнімдері саудақаржыландыру (мурабаха), үлестік бірлескен қаржыландыру (мушарака), жал (иджара), ақшаны сенімді басқару (мудараба), исламдық банк қызметінің ауқымында агенттік қызмет көрсету (вакала), сыйақысыз банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру(кард әлхасан).

Мұның бәрінде Исламның басты қағидасы қатаң сақталады, яғни үстеме пайызбен өсім ақысын алу жоқ. Исламдық банк не қайтару мерзімін кейінге шегеру арқылы тікелей тауарды алуға, не нақты бір жобаны бірлесіп қаржыландыруға атсалысады. Мұнда ислам банктың пайдасы сол жобаның қызметінен түскен пайданы бөлісуден тұрады. Сол секілді ақшаны сенімді басқару да клиент пен банктің арасындағы жауапкершілігімен ерекшеленеді. Бұл жерде исламдық банк салымдарының екі түрі бар, оның біріншісі – өсімсіз салымдар. Аты айтып тұрғандай, мұндай салымдарға өсім төленбейді. Екіншісі – инвестициялық салым (депозит). Мұнда банк клиенттің ақшасын белгілі бір мерзімге сенімді басқаруға алады да, оны инвестициялық жобаларға немесе активтерге салады. Сол жобалардың табысына қарай клиентке тиесілі табысын беріп отырады. Бірақ банк клиент ақшасының номиналдық көлемінің қайтарылатындығына кепілдік бермейді. Егер инвестициялық жоба табыссыз болса, клиент шығынға ұшырайды, ал банк жобадан сыйақы алу құқығынан айырылады. Ал егер инвестициялық жоба банктің кінәсінен шығынға ұшыраса, онда исламдық банк сол үшін жауапты болады. Кейінгі кездері жиі айтылып жүрген қаржы нарығындағы тәуекелді тең бөлісудің ашық та, айқын жолы – осы. Сол секілді «сукук» – исламдық бағалы қағаздар да исламның басты қағидаларын бұзбай, инвестициялық табыс табуға мүмкіндік береді.

Дереккөзі

Advertisements

One thought on “Исламдық банктің негізгі өнімдері

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s