Психолог қазақша блог бастады


serikbai1953-normalСерікбайдың блогынан:

Басқаларды білмеймін, жалпы қазақтар “пси” деген жалғауы бар сөздерден қашатын сияқты. Мәселен психиатрға, психотерапевтке немесе психологқа ынталана барып жүрген адамдар некен-саяқ. Мұның себебінің бірі егер оларға барсам, демек мені есі ауысқан, не жынды деп санайды деген ой болса керек.

Енді ешкімге айтпай-ақ онлайн отырып, психологтың қазақша жазбаларын оқып, өз өміріңе сараптама жасауға болады. Серікбай ағамыздың блогы адамды еріксіз ойлантатын жазбаларға тұнып тұр. Соның біреуі мынау:

Кез-келген адам бір іс бастарда, немесе мақсатын орындарда алдына мынадай төрт сауал қоюы қажет.

а) не істегім келеді, нені қалаймын?

ә) оны қалай жүзеге асырамын?

б) бұл маған не үшін керек?

в) ол жүзеге асқанда не болады?

Бұл сауалдарды өз өміріңіздің, не досыңыздың, туысыңыздың сауалдарында қолдануға болады. Өміріңізде сәттілік тілеймін!

Серікбай ағамызға біз де сәттілік тілейміз. Шамасы ол кісі блог ашпас бұрын осы сауалдарға жауап тапқан болса керек.  

Қырқып қой: Серікбай ағамыз блогыма пікір қалдырғанда, ішім қылп ете қалады. Неден екен, ә? 😉

Сәке, өткенде «Блогспоттағы жазбаларды уордпреске қалай көшіремін?» деп сұрап едіңіз. Жауап берейін: Өзге блогтағы жазбаларыңызды Уордпреске импорттау үшін Құрал-саймандар – Басқару – импорттау батырмаларын шертесіз.

Advertisements

8 thoughts on “Психолог қазақша блог бастады

  1. Серекеңдікі жаңа бір ғылыми сарын алып келіп жатыр. Сонысымен құнды, сонысымен өзекті болмақ. Сереке, дүркін-дүркін жазып, мұра жазбаларды мирас қылудан шаршамағайсыз!

  2. Аса құрметті Асхат және Нұрғиса! Маған және менің жазбаларыма құнды пікір білдіргендеріңізге рахмет! Жалпы Сіздер менің ойымды жақсы түсініпсіздер. Қазағым айтпай ма «Тыңдалмаған сөз жетім» деп. Сіздердің пікірлеріңізді оқи отырып, сөзімнің жеткеніне қуандым.

  3. Маған көмектесіңізші өзіме не керегін білмимін жалғыз өзім қалсам өзімді өте жайсыз сезінем кейде қатты өлгім келеді өмірден шаршағандаймын өз өзімді түсіне алмайм

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s