Имани кризис


Уағызды әркім әртүрлі айтады ғой. Бүгін Өскеменнен бір досым қонақтап келіп еді. Соның әңгемісінің арасынан естіп қалғаным ғой. Есімде қалып қойыпты.

“Бұрынғылардың шұлықтары тесік, жүректері бүтін болатын. Қазіргілердің шұлықтары бүтін, жүректері тесік”.

Оның алдында Жұма намазда Орталық мешітте:

«Қазір экономикалық кризис емес, имани кризис»

деген. Бұл сөзді биыл қажылыққа барушылар саны күрт азайып кеткеннен айтып еді. Рас-ау…

17 thoughts on “Имани кризис

  1. жүректері тесік дегенді түсінбедім? кім өзін тесікке санағысы бар😦 хотя көбінен иман көрінбед сияқт…
    қатты айтсам кешірерсіздер.

  2. Айко, енді ауыспалы мағынада айтқан ғой. Жүрегі тесік дегені сен айтқандай имансыздар ғой. Қазір кейбір мұсылмандар сырт киімінің тесігін жамап-жасқап әуре, жұлым-жұлымы шыққан жүректерін ойламайды. Осыны айтқысы келгені ғо

  3. былтыр Нұркен деген Целиноградтық қандасымыз барып келді қажылыққа. қазақтардың іс-қылықтарын көріп жағасын ұстапты. автобус күтіп тұрған екі жүз метрлік ширатты ескермей, автобустың есігінің алдынан бір-ақ шығады дейді. кір жуатын жерге баса-көктеп кіріп, үлкен-кішісі жұртты итеріп ұрыссып тағыда алдыдан бір шығады дейді. СНГлықтардан ең мәдениетсіздері наши казахи оказывается деп келді.
    дағыстандықтар мен түріктер ең жақсылары деп келді.

  4. Қажылыққа бармаса да иманы дұрыс адамдар біздің елде жеткілікті. Имандылықтың тоқырауға түскенін кім зерттепті? Дәлелдері қандай?

  5. Kazhylykka arak ishuin koisyn dep agasy inisin jibergen kezderdide bilemin. Kajylykka kop adam barady, birak olardyn kobi jai gana jolaushylar degendi biletinim bar edi. mini Akikaty sol aitylgannyn.

  6. “Қажылыққа бармаса да иманы дұрыс адамдар біздің елде жеткілікті. Имандылықтың тоқырауға түскенін кім зерттепті? Дәлелдері қандай”
    өмірдің өзі дәлелдеп тұрған жоқ па?
    қазіргі жастардың өмірлік құндылықтары қандай? әрине барлығына топырақ шашуға болмайды, бірақ…

  7. Иман деген таразының екі басы тәрізді теңселіп тұрады емес пе… Ал негізі соңғы жылдары елімізде көпшілік мұсылманшылыққа бет бұра бастағаны жаңалық болмаса керек.

  8. Адам қандай уақытта болмасын, қандай іс істемесін, қандай оқиға ұрынбасын, малдармен жұмыс істесе де, кез-келген жағдайда да АДАМ болып қалу керек. Менің түсінігімде имандылық (ар, ұят) – туа біткен қасиет. Кейбіреуінде тумасынан ол қасиет жоқ.

  9. bugin janaliktardan estip kaldim Derbisali aga imamdardin barine emtihan tapsiratkizam degen ba, sauatsiz imamdardi (emtihandi kulatkandardi) jumistarinan bosatamin de pa.. molodets.

    re.: kajilik – biyil kajilikka baru tagi kimbattap ketipti. bir jildari 1000 dollar edi, biyil 4000 asa bolip ketipti. ekonomikalik krizis eldin jumisin, nanin alip, elder otbasin asira almay kalgan shigar. who knows. aytpese niyet bar goi kazakta.

    re.: niyet – (to ansar08) birte birte jondeledi bari de. eshten bari jaksi. baska niyetpen (araktan arinu) barip, sol jaktan ulken aser alip shinayi bet burgandar az emes yagni.

  10. Барлығымызды да қажылыққа баратын күнге жеткізсін инша аллаһ!

    Қажылыққа баратындар саны азайғаны жаман болыпты😦

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s