Басеке біліп қоймасыншы


Шынымды айтсам сыйлаймын. Кемшілікті көрсе де көрмегендей болып, мені тәрбиелеуге тырысады. Жоқ, тәрбиелемейді. Енді үндемей айтады. Жүрегіне ауыр қабылдамасын дейтін шығар. Түсінеді. Неге мен түсінбеймін?

***

Әлде бүгін көтере алмайтын шоқпарды беліме байладым ба? Бүгін кімді қуанттым? Кімнің көңілін қалдырдым? Иә, оны ренжіттім. Жоқ, негізі мен оны ренжітті деп ойласын деп ренжіттім. Бір-бірімізден алыстау жүргеніміз жөн деп ойладым. Тым жақын араласып кетсек, арамыз алшақтап кетуі мүмкін. Қатты жақсы көруге болмайды.

***

Сағындым. Әкемді сағындым. Үйге қашан барар екенмін.

***

Хабарласпағалы екі-үш ай болды. Ұмыта алмай жүрген шығарсың. Ұмыту керек шығар. Хайырлысы сол болар. Бірақ қиын екен. Сені де қинап қойдым. Сіңіліңе үлкен сәлем!!!

***

Тойыңа бара алмадым. Жұмыс деп сылтаураттым. Шынымды айтсам, тойға барғым келген жоқ. У-шуды көтеретін күйде емес едім.

***

«Жетімдерді» көрдім. Ұнаған жоқ. Бірақ жылағым келді. «Подарок Сталинуды» көрдім. Ұнады. Бірақ екінші рет көргім келмеді.

***

Асықпай тез-тез жүру керек, Асхат!!!

Advertisements

13 thoughts on “Басеке біліп қоймасыншы

  1. :)))) Соңғы ремарка кімге тиесілі екен… 🙂

    Соңғы күндер белестеріндегі күйіңді әсерлі сипаттапсың. Күздің сұрғылт исі мүңкіп тұрған сияқты. Аздап балмұздақ жеп, артынан кофе ішіп көр! 🙂 Бәлкім, тағы басқа түртпелер туындай қалар, ә?

  2. Басеке деген кім 🙂
    Неге ренжіттіңіз? Неге олай ойладыңыз?
    Сталинге сыйлыққа бугін солайденің біраз қыздары бармақпыз. «Жетімдер» -ол қай жақта болып жатыр, или только дискы ма?

  3. Басеке деген бастығым. «Жетімдерді» Цезарьда көрсетіп жатқан. Қазір дискісі де шығып қалған шығар. «Қызғалдақты» көру керек.
    Бәріңе де Нұрғисаның «Блогосфераға арнауын» тыңдауға кеңес беремін.

  4. Ішіме жиналып қалғанды осылай ақтарып тұрсам, жеңілдеп қалатыным бар. 🙂 Ренжімеңдер.
    Біреулер бетке айтып жатады ғой. Мен блогыма айтамын 🙂

  5. Сталинге сыйлықты қатты жарнамаланды ғо блог арасында. Неге? чета қатты шаршап тұрм бірақ онда да қызық көріп тұрм баруға 🙂

  6. ‘Тым жақын араласып кетсек, арамыз алшақтап кетуі мүмкін.’ Дұрыс айтылған. Барлық адамдармен алыс араласуга тырысам , мен де. Мумкін мінезім біраз шатақ болғандықтан да шығар …

  7. рахмет, Ақзере. Сендердей тілеулес жандардың барына шүкір!
    Министр, мінезім шатақтау емес енді … 😉
    Бірақ кейбір адамдармен арамызда түсінбестік туатынын алдын ала сөзі мен ісінен ұға бастасам, олармен алыстан қарым-қатынас жасағанды жөн деп білемін.

  8. Асқат! Саламатсыз ба? Бұл Қызылордадан Серікбай ағаңыз. Блогыңызды қарай отырып, сүйсіндім. Өйткені мен психологпын. Қазір адамдарда сезім жете бермейді және оны дұрыс бейнелей алмайды. Менің блогыма құттықтау айтыпсыз. Рахмет! Өмірді әр адам өз картасын жасап қабылдайтыны сияқты, біреудің әлемді қабылдауына екіншісі сәйкес келмейді. Шындығына келетін болсақ, бұл дәлелденген нәрсе, жалпы адам баласы осы өмірде не істеп жүргенін білмейді. Жастар келешегіміз. Мен жастарға сенемін.

  9. Сымбат, таңқалдырып жатсам, жаман болмағаны шығар… 😉
    Серікбай аға, арамызда бір психологтың болғаны да жақсылық болар. Біздің блогшылардың жазбаларын оқып отырып ақ, портреттерімізді жасайтын шығарсыз 🙂
    Бірақ жеке өз басым, «адам баласы осы өмірде не істеп жүргенін білмейді» деген пікіріңізбен келісе алмаймын. Мұсылман адам Аллаһқа құлшылық ету үшін жаратылған. Бұл талқылауға да жатпайды.
    Блогыма жиі жиі бас сұғып тұрыңыз. Сіздің кез келген пікіріңіз мен үшін құнды.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s