Do you know Qanat Selami?


Do you know Qanat Salami?

Originally uploaded by Asqat

Қанат осы жаңа ғана редакциямызға келіп кетті. Қарапайым жігіт. Дәл телевизордағыдай спорт киімі мен былғары қолғабымен келген жоқ енді 🙂 Қыдырып келген беті екен. Кешелі бері журналистер қаумалап жүр. Осы аптада барлық қазақ басылымдарында сұхбаты шығатын шығар. Көп сөйлесе алмадық. Десе де: «Қазақша сайттарды оқып тұрасың ба?» деп сұрап едім, күтпеген жауап алдым.

«Мәссағанды» оқып тұрамын. www.tulpar.cn деген сайтта өзімнің профилім бар.

Әдетте жатығудан шыққаннан кейін қазақша сайттарды бір сүзіп шығамын

дейді. Әзірге осы. «Барлығыңа рахмет», – деп жатыр. Күні кеше ғана тәрізді еді, көк сандықтан жұдырықтасқан сәтін көріп, Нұрғисаның блогын қалт жібермей оқығанымыз, енді міне Қанатпен бірге суретке де түсіп отырмын.

Саған да рахмет, Қанат! Аллаһ Тағала бір өзі жар болсын!

Қырқып қой: Әлгінде тексеріп көріп едім ғаламторда Қанаттың аты-жөні әртүрлі жазылып жүр екен. Қанат Ісләм, Қанат Селами, Қанат Ислам, Қанат Салами

Advertisements

10 thoughts on “Do you know Qanat Selami?

  1. Қазақтың сұп-сұлу жігіті екен, маш!!!
    Кісі елінде жүрсе де, «қан» деген тартады ғой. Селекционерлеріміз Қанаттай дарабоздарымызды жазбай таныса екен дейсің ғой. Қанаттың салтанат рәсімінде Сәрсекбаевпен соңыра оңаша қалып, екеуі бірлесе суретке түскендегі сәті ерекше қалыпты есімде.

    Қош, осы аптадағы қазақ қазиттерінің басылымын тосатын болдық.

    Өзге елдің ұлттық құрамасында шығып үлгерген адамның қайта «басқа» (!!!) елдің құрамасында өнер көрсете алмауы тек спорттың ғана емес, өмірдің де ащы шындығына айналғаны өзекті өртемей қойсын ба…

  2. Иә, мен де оған айтып жатырмын. Қазақтың атын шығару «Пешенеңе жазылған ғой», – деп. Ол да келісіп отыр. Дінге жақындау екенін білетінмін ғой. Қызық болды. Түскі үзілістен келсем, екінші қабатта отыр екен. Бірден таныдым. Көптен көрмеген жақынымды кездестіргендей болып қалдым. Ол да күлімдеп бәрімізбен амандасып жатты. Алматыда әлі 1-2 күн болам деді.

  3. Е-е, айтқандай. Негізі басқа журналистерге онысын тәптіштеп түсіндірген болар. Әйтеуір қалтафоннан түсірген жоғарыдағы суретті блогыма жібергелі тұрғанда: «Фамилияңның латынша қалай жазылғаны дұрыс?» – деп сұрап едім, «Salami» (әлде «Selami») деді. Қасында ере келген ағасы болған. Ол: «Қытайлар бұрмалап жіберді емес пе…» деп күрсінгенін анық естідім.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s