Firefox: қазақша сауатты жазу бағдарламасын жүктеп ал!!!


Құй сен, құй сенбе! Ақмарал есімді қолданушы Фейсбуктағы «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» атты топқа өзінің осы жобасын ұсыныпты. Қолдану, әрі компьютерге орнату өте оңай. Бірақ ол үшін міндетті түрде Firefox интернет шолғышымен жұмыс істеу керексіз. Файрфокс қазақ қаріптерін тұнық көрсетеді. Сонымен Ақмарал ұсынған «Experimental Kazakh Dictionary» бағдарламасын былай іске қосасыз:

  1. Мозилла шолғышын жүктеп алу керек
  2. Мозиллада тіркеліп (register), қосымша бағдарламаларды қосу (addon) бөліміне кіреміз
  3. Қазақ тілі сөздігінің сынама нұсқасын жүктеп алып (Add to Firefox), орнатамыз (Accept and Install) да, Файрфоксты бір өңгеріп (restart) аламыз
  4. Одан соң, тілдік панельге өтіп, тінтуірдің оң жақ түймесін батырмасын (janbo87-ге рахмет) басып, kz тілін шертеміз (Languages – kz)

Осымен тәмәмдалды. Бұдан соң, кішкентай терезе ішіне мәтін теріп, сөздің сауатты жазылуын тексеруге болады. Қате сөздердің асты қызылмен сызылып, көрсетіледі. Оның дұрыс баламасын тінтуірдің оң жағын шертіп қарауға болады екен (суреттегідей)!

Тым қатты сөге көрмеңдер. Әзірге сөздікте 53,000 сөз бар. Негізгі 51 жұрнақты қамтитын сөздердің тізбесі. Қазақ тілінде барлығы 100,000 үстінде сөз және 753 сөзтудырушы, түрлендіруші жұрнақтар бар. Ой пікірлеріңізді, ұсыныстарыңызды күтемін!

дейді Ақмарал. Ақмаралға Аллаһ разы болсын дегеннен басқа амалым қалмады. Бұл әлі бірінші қаралай нұсқа. Бәрінен де бұл бағдарламаның тегін таратылып жатқанына қуанып отырмын. Біреу-міреу байқап, өзіне меншіктеп алмаса екен. Ендігі кезекте осыны жетілдіріп, он лайн аударма сөздігін (қазақ – шет тілі, шет тілі – қазақ тілі) әзірлеу қажет!

Advertisements

18 thoughts on “Firefox: қазақша сауатты жазу бағдарламасын жүктеп ал!!!

  1. Мынау супер жаңалық екен! Ақмаралдың еңбегі жана берсін дегім келді. Қосымша аударылатын мәселелерді ортақтаса іске асырсақ өнімділеу болар. Бұған дейінгі Бақытгүл бастаған, Қуаныш пен Бақытнұрлар қостаған вордпресстің терминдері сияқты мынау да бір айтулы жоба сияқты.

  2. Шынымен де жақсы іс. Әзірге Ақмаралмен байланыса алмадым. Десе де Ақмарал біздің пікірімізді сұраған екен. Пікірдің қаншалықты құнды екенін жақсы түсінесің ғой, Нұреке 🙂

  3. мені түсінбедіңіз…
    аддонды түсіріп алуын түсіріп алам ғой сайттан

    сайтқа кірмей де түсіріп алуға болушы еді, дегенім ғой
    tools>addons>get addons’қа кіріп іздесем шықпай жатыр деп айтып жатқаным ғой әшейін

  4. Достарым,

    Сендердің назар салғандарыңа өте ризамын!!! Көп рақмет!
    Сөздікті әрі дамыту керек. Қазіргі сөздікте тек қана 53,000 сөз және 51 аффикс бар. Жалпы қазақ тілінде сөздер 100,000 асады, ал аффикстер – 753.
    Сондықтан біріншіден электрондық формасында қазақ сөздердің тізімі керек (оның ішінде қазақ есімдер).
    Екіншіден барлық аффикстердің түрлерің әр әріпке беру.
    Көмек бере алатындар маған хат жіберуын сұраймын: amusaeva@gmail.com

    Құрметпен,
    Ақмарал

    • Рахмет, АйРоза!
      Дипломдық жұмысым «Оралхан Бөкей шығармасындағы («Сайтан көпір») діни атаулардың эмоционалды-экспрессивті жүгі» деген тақырыпта болғандықтан, оқымасқа амалым болмады 🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s