Дана Нұржігітпен рухани әңгіме (Жаңаланды)


«Еларна» арнасынан «Рухани әңгіме» деген бағдарлама көрсетіледі екен көрсетілді. Бүгін соның бір Бағдарлама «Ғаламтор Ғаламаты» деген тақырыпта өрбіді. Қонақ ретінде кім шақырылғанын іштерің сезіп отырған шығар. Бағдарлама жайлы өзінің ойын Нұрғиса блогында жариялапты. Уақыттарын бөліп, аталған бағдарламаны тамашалаған барлық достарыма үлкен алғысымды білдіремін.Өз басым кеше бағдарлама көрсетіліп жатқан уақытта, Медианеттегі сабағым аяқталып, «Өрімталдың» туған күніне орай жазба жазып отыр едім. Әуелі университетте сабақ берген Гүлнұр апайымнан есемес келді. Одан соң, Нұрғиса, он лайнда отыр едім, Әлия да: «Көрдік» дейді. Одан кейін Қарағандыдан әпкем Ләйлім хабарласты… Апырай-ай бәрі көріп қойыпты. Өз өзімнен қуыстанып кеттім… «Өрімталда» жазған жазбамды қырқып, жонып тастадым…

Мен негізі Интернет туралы болатын шығар деп ойлағанмын. Сөйтсем, жалпы, интернеттің рухани жан-дүниемізге әсері т.б. тақырыптар негіз болды. Дана Нұржігіт өзі күлімдеп қарсы алды. Екі қонақ және жүргізуші болуы керек. Екінші қонақ «Қазақ» интернет-газетінің редакторы Ізгілік Нағиев келді.

Жарты сағат көзі ашып жұмғанша өте шықты. Блог туралы, интернеттегі қазақ тілі т.б. мәселелер қамтылды. Қашан көрсететінін әзір айтпады. Бірақ Сіздерге қосымша хабарлаймын.

Advertisements

50 thoughts on “Дана Нұржігітпен рухани әңгіме (Жаңаланды)

  1. аты айтып турғандай тек рухани ғана сұрақтар болды деңіз. негізі анда-санда көріп қаламын. мысалы шет елде оқып келген бір баладан сұхбат алды. өзіме керек бірталай инфо алдым. Сосын Дана Нұржігітті басқа қырынан ашатын сияқты я? ана* бөлімдерде істеген кезде тек дикторлық қызметпен танлып еді. мына бағдар. жарасатын сияқты…
    қай кезде өтетінін айтуды ұмытпаңыз тек 🙂

    Қатқан таңба(ПостСкрипти қазақшалаған түрім 🙂 ):
    Баяғыда Бекжан жерлесті ТВдан көріп, басқашалай бов қалып едім…

  2. бір баланы* жігіт деп оқырсыздар. қате кетіп қапты, ер адамды бала деп кететін жаман әдетім бар, әлі тастай алмаған 🙂

  3. Айтпақшы ұмытып барамын, Айко.
    Мен оларға қазақ тілі интернетте де өзінше дамып жатыр. Қазақ тілі бұзылып кетеді деп қорқудың қажеті жоқ деп, қазір біздің блогосферада қалыптасып келе жатқан жаңа терминдердің бір-екеуін таныстырғанмын. Арасында «қырқып қой» болғанын анық есімде қалыпты.
    Интернетте қазақ тілінің сөздік қорын көбейтуге үлес қосып жүрген Айко жасасын!

  4. не дерімді білмей қалдым ғо прям…
    Айко жасасын дегеніңіз қызық болды ағасы, екі бетімнен қызарғаны білінбесе де іштей сезіп тұрм, олар қызарғысы келіп тұр 🙂

  5. Охо, күшті екен! Асхат, тек қай уақытта боларын күні бұрын айтып, білдірерсің.

    Расында, Дана бұған дейін елдегі алпауыт мұнайгаз компаниясының демеушілігімен жасалған «Қазақтар» жобасын жақсы жүргізіп еді. Демеушілік кесілді ме, әйтеуір бір себептермен ол бағдарламалар топтамасы тұралап қалды. Одан кейін жеке өміріндегі кей жайға кім ғана килікпеді дейсіз…

    Дана өзі музыкалық жоғары білі бар, жан-жақты білімі бар ерекше жан. Бұл ойым әрбір сұхбаттасуын көрген сайын беки түседі. Мәнері, табиғилығы… Түгел… Тақырыптары да өзекті.

    Олай болса Ізгілік екеуіңнің ғаламторды телеторға жарнамалаған бенефистеріңді тағат таппай күтейік десей… :)))

  6. Arsenal777, Данаға жаңамедия, мобайлжурналистика туралы айтып едім: «Біз бұл нәрседен қалып қойыппыз» дегенді айтты. Дауысында аздап өкініш байқалды. Келесі жолы тренинг өткізсең шақыр деп жатыр.

    Нұрғиса, қазір Дана «21 ғасыр көшбасшысы» деген хабар жүргізіп жүр ғой. Соған орай оны жұрт: «кілең қызылордалықтарды «жерлестерді» жиналып алыпты» деп кінә тағады екен. Ол соған аздап ренжіп жүр. Халайық, Дана бұл бағдарламаға ешқандай жерлестерін жинап жүрген жоқ деп өз аузынан естіген сөзді жеткізіп қояын. Ал «Қазақтарды» мен де үнемі қадағалап, көретінмін. Жақсы жоба еді.

    Сымбат, керемет ұсыныс! Тек оны енді қалай істеу керектігін ойланып көрейін. Менде «Еларна» жақсы көрсетпейді. Бағдарламаның қалай болғанын өз ауыздарыңнан естірмін. Тек қатты сынап жүрмеңдер. Әсіресе, сақалыма ешкім тиіспес деген ойдамын 🙂

    Жаннұр, жақсы сауал! Шынымды айтсам өте ұнады дей алмаймын. Мәселе жүргізушіде емес. Мен интернет, блог туралы көп айтқым келіп еді. Сосын аяқкиіме қонған шанды сүртудің ұмытып кетіппін де, соны ойлап, мазам кетті. Және съемка басталмас бұрын бетіме пудра ма, аппақ бірнәрсе жақты. Сол гримерныйдағы орыс қыз Ораза айында бетіме не жақты деп ойлап отырдым.

    Сәкен, мүмкін болса, хабарды көріп болған соң, пікіріңді күтемін. Әрі мүмкін Сымбат үшін бағдарламаны ютюке қондыра саларсың, ә? 😉

  7. Е, бәсе, шаң екен ғой.. Мен соны әрлеу модасы ма деп шырамытып отырған едім… 🙂 Қайта сондай болғаны қызық па деп қалдым. Бетке май жаққан адамдар аяқкиімді майламайтынын қарасайшы!!! :))

    Сақалыңа ешкім тиісе қоймас, бірақ мен сақалың туралы бірді-екілі шумақ жазып жібердім. Блогыма. Қол тигенде барып, оқып қайтарсың. Айтпақшы, қазір блогымның мекен-жайы өзгерді, http://www.nurgisa.dosym.kz

    Жақсы күндерде жолыққанша…

  8. Нұрғиса, рахмет. Оқыдық, пікір қалдырдық.
    «Асхаттың түрік жүрген құлағын-ай,
    Қыздар-оу, бір көргеннен құладың-ай!
    Сондықтан тез қауышқай құда құда-ай,
    Жүре бермей сабылып туда-сюда-ай :)»
    деп соңғы шумағын қатырып жіберіпсің.

  9. Қызығушылық танытып жатқандарыңа қарап қорқа бастадым. Бағадарламадан соң, қалың сынның арасында көміліп қалатын сияқтымын ғо, ә, Жәке! 🙂

  10. Нұраға да біздің құлақты түрік жүргізер деп ойламын 🙂

    өз блогыңызға «Кеш Қалмаңыздың» қай күнгісін қарау керектігін жазып қоятын шығарсыз Нұраға 🙂

  11. ағасы сіз «10 қазан» деген сықылды едіңіз ғо 🙂
    мен әуелім жазып қойыптым жұмыс үстелінің үстіне. Өрімталды көр 10 қазан 20:30 деп 🙂

  12. Айко, «Құлағыңыз түрік жүрсін» деп арнайы жазба жазып едім. Осы жазбаның үстінде. Сол жерде маған осы бағдарламаның продюсері жолдаған хатты жарияладым. Олар 13,10,2008 20:30 деп жатыр, 15-інде тағы қайталайды екен.
    Тым қатты жұмыс істеп отырып, аңдаусызда өзіңе 10-ы деп қойған шығарым. Ғафу етіңіз! Әйтеуір, бір өзің ешкімге айтпай көресің ғо, иә?
    Айтпақшы, сен айтқалы бері «Битва экстрасенсовты» көріп жүрмін. Тұнған жын-шайтандар!

  13. Очм, көрдім 🙂
    Асхат, сізді тыңдай отыра өзім де осы жерде араласып жүргенімді сезіп, сондай мәз болдым. Көкірегімде бір мақтаныш сезімі орнаған сияқты да болды. Шынымен-ақ, сіздің үлкен жүрегіңізбен және де сізбен бастаған бастаушылардың игі істерімен қазіргі қазақ интернеті дамып келеді. Жасау барысында мұның қаншалықты маңыздылығы сезілмесе де қазір көп істер тындырып тастағаныңызды өзіңіз де сезетін шығарсыз. Барлық игі істеріңізге Алла разы болсын. Және бұл сөз барлық блогшыларға да қатысты. Техникалық жағынан дамытып жүрген Аршатқа, Бақытнұрға, сөз өнерінің балын тамызатын Ерланға, Нұрғиса, Бекжандарға, жаңа идея әкелген Айкоға, және басқа да көптеген жұмыстар атқарып жүрген блогшыларға мың алғыс!!! Так держать!!!

  14. Жөн сөз айттың, Ақзере!
    Шынында да осы блог арқылы ниеттес, пікірлес жандар ортақ мақсат үшін жұмылып, титімдей болса да пайда тигізе алатынын іспен көрсетіп отыр. Бұл орайда әрқайсымыздың үлесіміз бар. Дайындалыңдар, енді блогтарымыздың оқырмандары күрт көбейіп кетуі мүмкін 🙂

  15. Асхат аға, бағдарлама ұнады, шынымен де Ақзере айтқандай, блог бәрімізге ортақ болғаннан соң, әңгімеңіздің қаншалықты маңызды және бізге тікелей қатысы болғандықтан, бір түрлі жаныма жақын рухани әңгіме болды. Рахмет, сізге.

  16. Салем Асеке! Мен бул хабарды жумыстармен жугирип журип коре алмай калдым. Тек сайттан окыганым болмаса! Женгем кайта кайта хабарласып «Аскар, откенде касында журген Ахмет Байтурсыновка уксайтын досынды Ел арнадан кордик деп суйинши сурап жатты». солар кыскаша баяндап берди. Бирак сонында блог деген не зат койып калды!

  17. Достар, пікірлеріңе көп рахмет.
    Ізгілік, интернетке жариялағаныңа рахмет.
    Жаннұр, енді Сендер де Астана қарап қалмай, қазақ блогшыларының санының өсуіне ат салысарсыңдар деген үміттемін.
    Сәкен, Петерборда жүріп, бағдарламаны инет арқылы көріп қана қоймай, блогыңызға жарнама жасап қойғаныңызды көріп, қуанып қалдым 😉
    Жайна, рахмет. Өзіңнің де жырақтан көшіп келген қазақтарға тигізіп жатқан көмегің зор. Сенің де ісіңе Аллаһ берекесін берсін!
    Асқар, жеңгеңе үлкен сәлем! Ахмет Байтұрсыновпен салыстырғаны қызық болған екен 🙂
    Бақытнұр, қай жерде жүрсек те, мүмкіндігінше «Мәссағанды» айтып қалуға тырысамыз ғо 🙂

  18. Бағдарлама өте жақсы өтті. Екеуіңді де көрдім.
    Асхат ешкімге сөз бермедің ғой 🙂
    Әрине интернет мәдениеті әрі қарай дамиды 🙂

  19. Томирис, сәлем! Блогыма қош келдің!!! Көріспегелі қай заман 🙂
    Өткен жылдармен салыстырғанда қазнеттегі мәдениеттілікте ептеп ілгерілеу бар сияқиы, ә 😉

  20. НҰРҒИСА!
    Дым түсінген жоқпын! Екі ғана адамның сөзін естідім 🙂 Өрімтал жаңылпаш айтты ғой деймін?! 🙂

    Қызықсыңдар, көп пікір айтылды ғой, бұл әңгіме туралы, просто… жоғарыда айтылған, бірнеше блогтарда жазылғанды басқа сөзбен өз ойымды жазуды жөн көрмедім. керегі не?!
    Өрімтал ренжімеші 🙂

  21. Жоғ, ә! Несіне ренжиін, Балдырған-ау. Просто тез сөйлесем, ешкім түсінбесе, жұрттың бәрі пікірді қалай айтты екен деп ойлап отырмын да… 😉

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s