Өрімтал, туған күніңмен!


Жастық дәуреннің көрінісі. Сенімен де есейіп, ой түйіппін. Осыдан тура екі жыл бұрын Рамазан айында алғашқы жазбамды Нью-Йоркте Манхэттендегі 31-қонақ үйде тегін wi-fi қызметін пайдаланып жазған едім. Алғашқы жазбам былай болатын.

Ассалаумағалейкум! Міне қазақ қаріптерімен тағы да қиындық пайда болды. Туған тілінде өз ой пікіріңді жаза алмауым қандай қын? Бәлкім қазақ блогтары көбейе түскен сайын бұл мәселе де өз шешімін табар. “Көш жүре түзелер”. Гуглдың қазақ тілін енгізіуінің өзі осындай сенім ұялатады. Хош!Манхеттен.

Сол кезде неге қазақша жоқ, деп күйіндім. Елге оралған соң, осы блогты қолға аламын деген ой болған. Бірақ сол ниетім осылайша екі жылдан кейін жүзеге асатынын ойламаппын. Аллаһтың қалауы ғой. Соның бәріне осы «Өрімтал» себепші болды. Сенімен де таныстым, бауырым! Қуаныштымын. Әлемнің бір түкпірінде Сені тыңдайтын, ойыңды оқып, пікірлесетін жанның бар екенін білу қандай жақсы десеңші! Блогшылар көбейіп келеді. Интернет қазақ тілімен толысып келеді. Қазақ жастары, именбей пікірлесетін орта тапты, Өрімтал!

Қырқып қой: Ертең Медианетте блог бойынша кезекті курстарым болады. Пицца алып, азын-аулақ дастархан жасамақ ойым бар. Сені де шақырамын. Фурманов пен Қазыбек би көшесінің қиылысы. Келемін десең, есік ашық! Тренингіме қатыссаң, қатысушылар да бір қуанып қалар еді.

Мекен-жайы: «Медианет» Халықаралық Журналистика орталығы, 14.10.2008 сағат 18.00-20.00 аралығы.

Advertisements

11 thoughts on “Өрімтал, туған күніңмен!

  1. Кішкентай мерей-тойыңыз құтты болсын. Осы уақыт ішінде қаншама игі істер жасапсыз, біз де сізге қарап, үлгі алдық. Қазақ блогшыларының көбісі «Өрімталдың» шәкірттері десем, қателеспеймін. Сізге алғысымыз шексіз. Блогыңыз 100 жасасын 🙂

  2. «ҚЫСТЫРЫП ҚОЙ» ме қалай еді , жаңа еларнадан көрдім 🙂

    қазақ блогшыларға бүгін ашылған сайтты promote жасап жіберсеңіз 🙂

  3. Иншаллаһ, құтты болсын! Бүгінгі күнге дейін Өрімтал біраз істер тындырды. Қазақ блогшыларына бағыт-бағдар, үлгі берді. Қазақ блогсферасында орта қалыптастырды. Еңбегіңіз жемісті, әр күніңіз табысты болсын.

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s