Телефонның сапасын анықтаудың ең қарапайым жолы


Бақытнұрдың блогынан ағылшын тілінен аударылды.

суреттер осы телефоннан түсірілуде

суреттер осы телефоннан түсірілуде

Қалта телефоныңыздың сапасын анықтағыңыз келе ме? Әуелі мына нөмірді теріп, IMEI сандарын анықтап аламыз. *#06# (жұлдызша, тор, нөл, алты, тор)

Пайда болған сандар тізбегінен біз 7 және 8 қатарда тұрған сандарға назар аударамыз:

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15

x x x x x x ? ? x x  x    x    x   x   x

Егер Жетінші және Сегізінші сандар 02 немесе 20 болса, бұл қалта телефоныңыз Қытайда жинастырылғанынан хабар береді. Сапасы нашарлау.

Егер Жетінші және Сегізінші сандар 08 немесе 80 болса, бұл қалта телефоныңыз Германияда шығарылғанынан хабар береді. Сапасы жақсы деуге тұрарлық.

Егер Жетінші және Сегізінші сандар 01 немесе 10 болса, бұл қалта телефоныңыз Финляндияда құрастырылды деген сөз. Сапасы өте жақсы.

Егер Жетінші және Сегізінші сандар 00 болса, бұл қалта телефоныңыз зауыттың өзінен шықты деген сөз. Яғни мінсіз! Ең жоғары сапа!

Егер Жетінші және Сегізінші сандар 13 болса, қалта телефоныңыз Әзірбайжанда құрастырылды деген сөз. Сапасы өте нашар және денсаулығыңызға да қауіпті.

Айтпақшы, IMEI дегеніміз (ағыл. International Mobile Equipment Identity) – қалта телефон құрылғысының халықаралық көрсеткіші

Advertisements

13 thoughts on “Телефонның сапасын анықтаудың ең қарапайым жолы

  1. Сымбат Еуропада жүрсе, ол жақта көбісінікі 00 шығар 😉
    Бүгін осы тәсілмен біздің үйдің жүгірмегі университетіне барып, барлық достарынікін тексеріп шығыпты. Содан келген соң: » CDMA негізіндегі Pathword фондарда мүлдем басқа сандар жазылып тұр екен», – деп маған сұраулы жүзбен қарады. Күмілжіп қалдым.

  2. Менің қалтафоным тіптен ренжіп қалды. «Қытайлық деп кемсіткің келе ме? Айттым ғой, 02 шығады, бірақ Венгрияда туып, кішкентай кезімде қытайлықпен ауыстырып жіберген» деген жазу шықты.

  3. Нокиа телефонымда 01 шықты. Сапасы нормально сияқты. Ал китайский телефонымда 00 шықты. демек сапалы китайский болғаны ма?

  4. Егер IMEI-дін жетінші жане сегізінші сандары 03 немесе 04 болса ше? Кай елде жасалган деген соз? Сапасы кандай?

    • Білмейді екенмін. Білетіндер болса, жауап берсе жақсы болар еді. Мен қараған мәліметтерде ондай сандар туралы ештеңе айтпапты. 😦

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s