Find a mistake-2


Find a mistake-2

Originally uploaded by Asqat

Find a mistake-2

14 thoughts on “Find a mistake-2

  1. Иә, ол да қате негізі, Нұреке! Бірақ бір емле қатесі көзге айқын ұрып тұр! Бұл №92 автобустың ішінен қалтафонмен түсіріп алған суретім ғой. Сәл бұлыңғырлау түсіпті.

  2. Содан соң, Асеке… Автобуста аздап қысылыс болған сияқты ма деп шырамытып отырмын. Сурет қисықтау түсіпті. Не болмаса, саған шашы жалбыраған бір қыздың шашы “түсіп” тұрған 🙂 Сен ондайды аса жақтыра қоймаушы екеніңді аздап білемін :)))

  3. Нұреке, жөн сөз! Ең үлкен қате – көлік тасымалдаушылар қыркүйектен бастап валидаторларды іске қосып, көлік ішінде “мәдениет” орнайды деген сөздерінде тұрмағандығы болып отыр.
    Ал суреттің бұлыңғыр болып шығуының тарихы бар. Алдыңғы бір жазбамда жаңбыр жауып, көшеде жүре алмай қалдым деп едім. Сол кезде кетіп бара жатқан осы автобусқа отырғанмын. Қалтафонның айнасы суық жерден жылы жерге кірген соң буланып, суреттің сапасына әсер еткен ғой.
    Салонда шашы жалбыраған қыздар байқалған жоқ. Көбісінің үстері малмандай су еді 🙂

  4. Мәссаған, Асеке… Сонда… сонда.. көбісінің үсті малмандай су болса… … … сенің де үстің малмандай су болды деген сөз ғой, иә? 🙂

    Сенің шағынфоның 02 емес шығар деп сенемін. Яғни, … шынымен әйнегі буланғасын сапасы әлгіндегідей болған шығар деп ойлағым келеді… Кешір 🙂

  5. Мен бір оқиға айтайын. Біздің бір ұстазымыз мынаны айтып берген болатын, алдыңғы жылы.
    Осыдан біраз жылдар бұрын Мысырда Рамадан Абдуттәууәб деген үлкен тіл ғалымы болыпты. Көптеген еңбектері бар. Бір күні сол кісі Эмираттағы бір конференцияға ұшып барғанында самолет вокзалының кіре берісінде бір әріптің қате жазылғанын көріп, сол жерде вокзал директорын шақыруды талап етіпті. Жұрттар “конференцияға қалып қоясыз” десе, әлгі адам вокзалдың директорын шақыртып, жазуды түзеуін талап еткен екен.
    Бірақ, вокзал директоры ондайға қарамаса керек, әлгі адам біраз дау шығарып, ешнәрсе өнбегесін конференцияға қатыспай, еліне қайта қайтыпты дейді.
    Әлгі жазу сол қате күйі тұрған сыңайлы, нақты білмедім, бірақ, доктор Рамаданның әлгіндей әрекеті таңқалдырды…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s