Originally uploaded by Asqat
Heavy rain in Almaty
Жаңбыр құйып кетті. Бұл Алматыдағы Абай мен Алтынсарин көшесінің қиылысындағы жағдай. Нөсерлетсе болғаны, жолдарды су алып, адамдар жүре алмай қалады. Осылайша бағдаршам жанған кезде суды «белуардан» кешіп өтуге тура келеді. Қалтафоннан түскен сурет қой.
Advertisements
Жігіттің походка-жүрісі көз тартарлықтай екен. Ал сенде утя бар ма, кря-кря? :))
Сәлем! Блогыма пікір қалдрып кетіпсіз рахмет сұрағаныңызға. Сәл кешігіп жауап жазып отрым айып етпессіз. Моңғолияда да әр-түрлі Моңғол тектес ұлттар өмір сүреді олардың да өзіндік ерекшеліктері бар бір бірінен. Шынымды айтсам Қазақтай сөз жарыстыратын терме, айтыс тағы басқалар жетіп жатыр ғой ондай өнерімізді басқалармен салыстырғым келмейді себебі айтыстың өзі бір дәлел ғой мұндай сөз жарыстратын басқа халық бар ма екен. Қазақ пен Моңғол өнерпаздарының артықшылығын жане ерекшелігін сұрапсыз дәл қазір Моңғол өнерпаздар батысқа көп еліктеп барады ал біз Қазақтар ұлттық өнерімізді таныта берсек артықшлығымыз сол сияқты. Ал ерекшелігіне келсем мен үшін Қазақтың ұлттық өнері басқадан ерекше ыстық 🙂
Ақтауда да сол ғой, әкиматтың алды, сосын 7-ші шағын аудандағы поликлиника алдындағы жолда қайықпен жүзуге болады.
Неліктен? Себебі, су ағатын жағын ойластырмаған. 2006-да жаңбыр көп болып, 2007-лерде су ағатындай қылып тесіктер жасағандай еді, жолды ремонттап, бірақ ең басында солай жобалап салмағасын, қайбір оңсын, қазір де шылқып кетеді.
Шетпені тіпті айтпай-ақ қояйын, ууу-у-у…. 🙂
Алматыда арықтар қанша тазаланса да осылай көшені су алып кете береді. Құдды бір Венеция дерсің 🙂
Шіркін, біздің жаққа да осындай нөсер жаңбыр жауса игі еді… Жылына екі-ақ рет жауады ғой мұнда. Сағынады екенсің. (Мысырды айтам)