Қадір түнінде не жайлы ойлағанымды айтайын


Ешкімді де жалықтырғым келмейді. Бірақ Қадір түнінде не жайлы ойлағанымды айтайын. Әрине, бірінші кезекте,

  1. дүниенің өткінші екендігіне,
  2. егер ертең немесе бүгін түнде жүріп кетсем, өзіммен бірге қандай амалдарымды ала кететінімді.
  3. Қай құлшылығым қабыл болатынын,
  4. өткен жылы, оның алдыңғы жылы дүниеден озған жақындарымды, жақсылықтарын…
  5. “маған да дұға қыл” деген достарымды, олардың қиыншылықтарын.
  6. Ібіліске мүмкіндік берген Аллаһтың мейірімін.
  7. Сосын, мүмкін сенбессің, осы блог жайлы ойладым. Түптеп келгенде жазба жазу арқылы кейбір адамдардың алтын уақытын ұрлап, жұмысына, күнделікті ісіне кедергі келтіріп жатқанымды. Ең болмаса, сауап жинауға негіз болатындай құралға айналдырмағанымды (Эльвираның Өсиет әңгімесі, Жомарттың Иманы, т.б.).
  8. Құранды жаттауды кешеуілдетіп, орнына ағылшын тілін қайта қолға алғанымды
  9. Істеп жатқан жұмысымның қаншалықты пайдалы екенін
  10. шешілмей жүрген түйіндерімнің сынақ екенін
  11. мұсылманшылығымның әлсіреп бара жатқанын
  12. өткен жылдың ішінде ақиретке пайдасы болмайтын жобалармен айналысқанымды ойладым.

Әрине дәл қазір есіме бәрі бірдей түсіп тұрған жоқ. Осы жазбаны жазып отырып, не себепті өткен жылдың ішінде болған жақсылықтарды ойламағыныма таңмын. Түн неткен қысқа еді. Тез өте шықты ғой… Қаншама жаңа достар таптым. Халал тойдағы қуаныштар, ағамның ұлды болғаны, дос баламның інісі намазға жығылғаны, тарауих намазындағы имамның әсерлі дауысы, ауызашар… Күдік көп. Түк бітірмеген сияқтымын. Әлі де ойланамын. Мүмкін “Өрімтал” блогымды аз уақытқа жаба тұратын шығармын. Ғазалидың еңбегін оқып жатыр едім. Соның әсері ме екен. “Діни ғылымдардың оянуы/Возрождение религиозных наук” дегенді оқығаның бар ма?

11 thoughts on “Қадір түнінде не жайлы ойлағанымды айтайын

  1. Сәлем urimtal ағасы Рамазан мүбарак болсын. Блогыма пікір қалдырыпсыз android-та unicode қолдануға болды екен Қазақ қаріптерін түсінеді деген сөз ғой.

  2. сіз сұраған кітапты оқығаным жоқ. 😦 алдыңғы уақытта оқып қалармын…
    бірақ блогыңызға күмән келтіріп жабу жайындағы ойыңыз дұрыс емес сияқты. әр ауылда бір имани адамның болу керек сияқты, әр блогта сіздей адамның болуы шарт сияқты. егер блогты бір ауыл деп қарайтын болсақ. сіздің инфолар өз маңызын жоймақ емес, керсінше әр кез қызықты, пайлады жазбалармен өз оқырманын қызықтыра алатын, керемет блог десем қате айтпағандығым…

  3. Рахмет сізге! Уланбатырда негізінде мұсылмандарға арнап салынған орталық мешіт болмайды керісінше медресселер бар сонда қазақ студенттер көптеп тұрды діни жұмыстар сонда жүріліп тұрады. Өзіме келсем қадір түнді достарыммен бірге қарсы алдым.

  4. Ассаламу Алейкум Асқат бауырым!!!
    Айт Қабыл болсын, Аллаһ ұстаған оразаңызға есебін өзі ғана білетін сауаптар жазсын!!!

    Ғазали дейсің бе?! мен Ғазалидің кітабын бір оқығаннан құмарттым, әлі де оқимын. Ғазали (оған Аллаһ разы болсын) ашшы шындықты айтады, бірден ойға берілесің. Жалпы барлығына да Ғазалидің “Шәкіртке хат” атты еңбеген оқуға шақырамын.

    PS: Жалпы осы пост сол кітаптың әсерімен жазылғаны көрініп тұр.

  5. Қазақстан телеканалдары өздерінің тікелей эфирлерін интернеттен онлайн қашан жүргізетінін ойлаған жоқсыз ба? 🙂

    Қазақстан, Хабар…

    Эх… Күшті болар еді…

  6. Уағалейкум ассалам, Бауыржан!
    Пікіріңе рахмет.
    Жанболат, Қазақстан арнасның сайтында бұрын хабарлары болатын, Хабарда да солай. Тиімсіз болған соң істемей отырған болар. Әйтпесе, бұл олар үшін қиын іс емес қой.

  7. Осы қадірлі түнде адам өзімен-өзі көп болатындықтан ба, көп ойларға беріледі екен. Мен дүниенің өткінші екенін, жеме-жемге келгенде мен де бір әлсіз жан, жұмысымның нәтижесі әлі де көріне қоймаған, түк те бітірмеген адамша сезіндім…
    Қазақстан арнасы берген көптеген тағылымды бағдарламаларды көріп, ерекше ойда болдым. Әмина апай мен онын бауырына басқан балалары жөніндегі бағдарлама көңіліме ерекше әсер етті, 3 құрбы қалайша жылап отырғанымызды да байқамай қалдық. Әсіресе кіп-кішкене қыздардын (3-4 жас) әп-әдемі орамал тағуы, жарасымды киімдері кім-кімді де тебірентпей қоймайды екен. Тағы бір екінші сыныпқа көшкен қызының кезінде анадан жетім қалғанын өз жүрегімен түйсінуі және көзіне жас келуі мені бей-жай қалдырмады. Ана қыз үлкен адамдарша жыламсырады, ал өзі болса кіп-кішкентай..Осындай жас ұрпақтың көкірегіне иман сепкен Әмина апайларымыздай қайратты да өр жандар ортамызда көбейе берсін деп ойладым. Балапандардың болашағы жарқын болса екен дедім…

  8. Қадір түніндегі, Рамазан айындағы күллі құлшылық-ғибадаттарың, тілек-дұғаларың қабыл болсын, Анар! Ой бөліскеніңе рахмет. Сенің кез келген пікірің мен үшін құнды екенін білетін боларсың.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s