AWARD.kz – ге қатыстым


Ескерту: Егер бұл жазба Сізге ұнаса қазақ тіліндегі бір сайтқа дауыс беру керексіз.

 

Неге ғана қара костюм киіп бардым?

Неге ғана қара костюм киіп бардым?

Кеше ебіл-дебіл шапқылап жүріп айта алмай қалдым. Біреу білер, біреу білмес 6 айдан бері AWARD.kz байқауы ұймдастырушылардың қатарында жүрмін. Өзі қызық болды. Былтырғы Ауардтың қалай ұйымдастырылғанын бақылаған едім. Мәссағанның бірінші орыннан көріне алмағанына іштей күйініп, бұның себебін де жазған едім. Сол кезде ұйымдастырушыларға: «Сайттарыңыз орысша, тек қана орыс тілінді жұмыс істейсіңдер», – деп біраз сын-ескертпемді айтқанмын. Сол кезде Константиннен: «Білесіз бе, біз қазақша жасайық десек, адам таппай отырмыз. Сіз бізге көмектесіп, аталған олқылықтың бәрін дұрыстасақ қалай болады?» демесі бар ма. Келісе кеттім.  

Сөйтіп жаманды-жақсылы сайтты қазақшаладық. Бір қызығы ауардтың қазақша нұсқасында бір техникалық ерекшелік бар. Әдетте екі тілді сайттарда әуелі орысша бет ашылып, оның ішінен қазақша нұсқасын таңдаушы едіңіз ғой. Ауардта олай емес. Сіздің бұның алдында ашқан бетіңіз қазақша болса, автоматты түрде қазақ тіліндегі нұсқаға өтесіз. Ішіндегі біраз құжаттарды аударып-төңкеріп көрдім. Бірақ әлі де болса, жаңа деректер мен суреттерді қалай қондыратынын толық түсінгенім жоқ.

Маған бұл ұжымның жұмыс істеу стилі өте ұнады. Әрқайсы жұмыстан кейін жиналып, мойынына жүктелген істі қалай атқарғаны, қандай қиындық болғанын ортаға жайып салады. Қарап отырсам, олардың әрқайсысы жауапты жұмыста істейді екен. Мәселен, Александр Ляхов, банкте, Костя да солай. Амирет аға Ақпараттық Технология қауымдастығында, т.с.с. Бұған дейін бұлар қазақ тіліндегі сайттарды тек мемлекеттік құрылымдар тарапынан қолдау болу үшін сүйретіп жүр деп түсінетінмін. Сөйтсем бұл жалғыз себеп емес екен. Ұйымдастырушылар қатарына қазақ тілді өзге де мамандарды шақыруға қарсы емес. Қазақ тіліндегі сайттардың олар (қазылар алқасын айтамын) мазмұнына емес, бірінші кезекте техникалық тұрғыдан сауатты да, тартымды болуына мән береді екен.  

Қазақ тілінде биыл 219 сайт өтініш берді. Мен қазылар алқасын құрауға себеп болдым.

Кеше осыған орай баспасөз-мәслихатын өткізгенбіз. Айтамын деп үлгермей қалғаным сол ғой. Қызық екен. Бұрын өзім пресс-клубқа барып, төрде отырғандарға сұрақ қобшы едім. Бұл жолы журналистер маған сұрақ қойды. Қазақ спикерлерден мен ғана болдым. Қазақтілді журналистер бірақ саусақпен санарлықтай аз болды. Алматы телеарнасынан келген журналистің сұрақтары ұнады. Әлгінде сайтты қарап отырсам, кешегі баспасөз-мәслихатынан хабар жасапты.

Айтпақшы, Ауардқа қатысып отырған блогшылар да бар. Солардың бірі – Нұрғиса. Қызық қылғанда ол осыдан 1-2 апта бұрын урл мекен-жайын өзгерткен. Бұрын Нұрғиса керек деп іздесек, енді Нұрғиса досым деп іздейтін болдық.

10 thoughts on “AWARD.kz – ге қатыстым

  1. кеше осы жөнінде Экспресс К газетінен оқыған едім. Бірақ сіз туралы айтпады))) Биыл қатысамын деген сайттар қатары жылдағыға қарағанда көбейген дейді ғой. Енді іріктеудің екінші кезеңі басталды ғой, істеріңізге сәттілік тілеймін. Массағанға дауыс беріп едім, Нұрғиса аға да бар екен ғой, міндетті түрде дауыс беремін. Жоғарыда өзіңіз айтқан талаптарды есепке ала отырып, іріктеу жүргізесіздер ме?

  2. Жаннұр, айтпағандары түсінікті де шығар. Мен қазақша сөйледім. Оны тек екі журналист қана түсінді ғой деймін.
    Мен ешқандай да таңдау, іріктеу процесіне араласпаймын. Тек ұйымдастыру жұмысында жүрмін. Қазылар алқасының жұмысы енді басталады.

  3. Жанболат, былтыр сондай оқиға болған. Биыл қайталанбасын деп, өзім басы-қасында жүргенді жөн көрдім. Сөйтсем, қазылар алқасы сайттың тіліне емес, бірінші кезекте техникалық жағын бағалайды екен. Қайталап айтамын, мен тек ұйымдастырушылар қатарындамын. Қазылардың дауысына еш әсер ете алмаймын. Жәке, сайтыңызы бәйгеге қатыстырып па едің?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s