Видео: Құлағыңыз түрік жүрсін


Уәдемде тұруым керек. Менің шаң қапқан туплиімді көрем десеңдер, төмендегі хатты оқып шығуға кеңес беремін. Мына бейнеүзікті тамашалауға кеңес беремін. Орнатқан Ізгілікке көп рахмет.

Salemetsiz be,Askhat.
Bagdarlama:RUKHANI ANGIME.»ELARNAdan» efirde 13.10.08,sag. 20.30 Kaitalauy:15.10.08,sag. 16.00 Takyryby:GALAMTOR GALAMATY.
jauapty redaktor:Nalvira

Advertisements

24 thoughts on “Видео: Құлағыңыз түрік жүрсін

  1. Құлағыңыз түрік, жүрегіңіз «қазақ» жүрсін… Біраз уақыт бар екен, оған дейін телеуізірдегі Еларнаны дұрыстап, реттеп қою керек екен. Топлиды көру бір арман..

  2. Русланнннның кеңесімен мен былай жаттадым: Джандырдың(сілімді солай атаймын) 2030 болатын туылған күнінде (13 қазан) шаң-шаң төплилімен рухани әңгіме туралы айтамын

    😀 мен ұмытпаспын

  3. Сонша көп адам көретінін білгеннен кейін қорқа бастадым. Әсіресе, Балдырған оны Русланның әдісі бойынша жаттап алған соң, енді ешкімге бұны айтпай ақ қойса екен деп отырмын.
    «шаң-шаң туплимен рухани әңгіме» 🙂 Керемет әдіс!

  4. Ереке, менен басқаның бәрі көретін болды ғой деймін. Антенаны қанша жерден олай-бұлай қозғалтсам да, «Еларана» біздің үйде көрсетпейді. Бағдарлама біткен соң, бәрің бірдей «шуламай», сын-пікірлеріңді кезек-кезек, ойланып-толғанып білдірерсіңдер деп ойлаймын. Әсіресе, тақырыпқа бөліп айтсаңдар жақсы болар еді.
    10 балдық жүйе бойынша бағалауларыңды ұсынамын.
    1. Дауысы (міңгірледі ме, әлде түсінікті сөйледі ме)
    2. Киімі (енді тупли, кастөм дегендей)
    3. Сөзі (сөйлемдері шұбалыңқы, орысша, ағылшынша, түрікше араластырды. Құрғақ, жұтаң әлде мәйекті, әдемі, көркем т.с.с.)
    4. Ойы (түсінікті, шашыраңқы, тым күрделі, таяз)
    5. Өзін-өзі ұстауы (қисайды, есінеді, басын қасыды, жан-жағына алақ-жұлақ қарап отырды, әріптестерін сыйламады)
    6. Бағдарламаның қоғамға маңызы (айтылған ой-пікірлер мәселеге жаңаша қарауға мүмкіндік берді т.с.с.)
    7. Айтылған ақпараттық қазнетке маңызы (бұдан соң блоггингқа, қазақ сайттарына қызығушылық артады, кемиді, сол күйінде қалады)
    8. Бұл бағдарламаны досыма көруге кеңес берер едім (ұялғаннан көрдім, бос уақытым болған соң көре салдым, сынау үшін әдейі қарап отырдым 🙂 Ендігәрі көрмес едім)
    Болды ғой деймін. Тағы не қосуға болады, ә?

  5. :):):)
    Соншама ұяң болар ма едіңіз! Шенеуніктер Сіз сияқты ұялатын болса ғой, шіркін! Қазір-ақ кейбір пункттер бойынша болжап көрейінші:
    1. Сізбен жеке сөйлесу бақытына ие болғам, сондықтан – міңгірлегеніңізге күмәнім бар.
    2. Кәстөмге суретке қарағанда – сөз жоқ, ал туплиіңіздің түрі – әйтеуір менікінен артық екен.
    3. Сөздер. Сіздің сөйлегеніңізді былайғы өмірде көргендіктен, орысшасы аз, ағылшын-түрік-қазақшасы молдау деп ойлаймын. Мәйекті, әдемі, көркем деген – біреуге жағынғанда айтатын сөз қой, сондықтан – қысқа-нұсқа жауап қайырып отырдыңыз-ау деймін.
    4. Ойыңызды Кәрім Мәсімовтың қазақшасынан жақсы жеткізгеніңізге шүбәм жоқ.
    5. Әріптестеріңізді сыйлағаныңызға да күмәнім жоқ. Адам мұндай жерге әдетте жуынып баратындықтан, басыңыздың қыши қойғанына күмәнім бар. Ал ойды бергі жаққа шығару үшін қасынатындардың қатарында емес сияқтысыз.
    6. Бағдарлама ЕлАрна стилінде жасалған болса, қоғамға маңызы бар затты жоқ қылып жасаған шығар деп қорқамын.
    7. Құдды бір таңертең төңкеріс басталып кететіндей, телевизиядағылар «азаматтық», «төртінші билік», «дағдарыс» деген сияқты сөздерді қиып тастайтынын білуші едім. Ендеше, цензураның бадырақ микроскопынан өткізген ағай/апайлар, әңгіменің шын барысын қайшымен қиып құртты ма деген күдік те жоқ емес.
    8. Жалпы біреуге мынаны қара деу бар, қарап көрші деу бар. Досыма, сосын кейбір жауларыма екінші формада ұсыныс жасар едім.
    P.S. Досым Сәтпаевтың болжамдарынан кем болады ғой деп ойламаймын.

  6. қарадым супер болды
    әсіресе Айконың қырқып қой дегені:)))
    Дана Нұржігіттің бғдарламаны жапқандағы қолданған сөзі ұнады, жапондық болғасын емес, тұріктерде де соған ұқсас бір афоризм бар еді
    Бәрі жақсы болды деп ойлаймын

  7. қырқып қойды көре аладым ғо 🙂 кеше қырсық бов свет өшіп қалды. сосын смертельно аурып тұрған соң төсегімде жата бердім 😦 бір кезде АҚ-Зереден смс келед Ел арнаны қос деген. бұл үшін көп рахмет саған Зере. қосам аяқ жаған көрем. 😦 Бірақ Асхат мырзаны анық көрдім. өте сұлу аға екен. сосын сақал дейтін жарасып тұр ғо прям уж.
    почемута түнгі сағат бірде яғни бір күн бұрін. кітабымды жабып, сағатқа қарап. түнгі сағат бір жиырма сағаттан кейін Өрімталды көреміз ұмытпа Айко деп жатқам. қалай ұмтып кеткенімді…

  8. Осы бағдарламаға қатысы бар қыздың әңгімесі:

    Түсірілім біткен соң, тақырып талқылайтынбыз. Ғаламторға қатысты идеяны Дана Нұржігіттің өзі ұсынды. Сосын сценарий жазуға кірісіп кеттік. Кімдеді шақырамыз деген сұрақ та тұрды. Сүп-сүйкімді Айкодан Бекжан Толыбайдың телефонын сұрасам, жоғалтып алыпты. Ақтөбеден Аршатты не Маратханды да шақыру ойда болғанмен, келетініне күмәнім басым болды. Есіме Асхат түсті. Сыртынан жақсы танитынмын. Серік Абас-Шах та келісті. Сценарий жазылып болған соң, таныстырайын деген ниетпен жексенбі болса да, Асхатқа телефон шалдым. Ғаламтор шарлап отыр екен, біраздан соң хабарласуымды өтінді. Біраздан соң хабарласқанымда, көңілсіздеу тұрғанын байқадым. Әлде солай көрінді. Әр нәрсеге көңіл аударғыш жанға бұл да жаман әсер етеді екен :)).
    Бұл жолғы бағдарлама өзімізге де ұнады, сәтті шыққан хабарлардың бірі болды. Асхаттың келгеніне қуандық, – дейді ол қыз.
    Маған да ұнады. Сосын, тағы бір айтарым, TECHNOSYNDROMҒА АЙТАРЫМ, БҰЛ БАҒДАРЛАМАҒА МҮЛДЕ МОНТАЖ ЖАСАЛМАЙДЫ екен. Сол қыз айтты. Білмей жатып баға беру де асығыстық болса керек дейді ол қыз :))

  9. ұят болды ғой, құлағым қанша түрік жүрсе де қарай алмадым, әдейі болғандай жұмыста да наушникке тиым салынған да, ютюбке доступ жабылган… оправдываться етіп жатқандаймын. стыдно да просто… міндетті түрде деп айтып алып…
    өте қызық болған сияқты ғой… 😥

  10. Айгүл

    Қазан 17, 2008 at 10:07 тд

    ҚЫМБАТТЫ Нұрғиса Асылбеков теледидардан болған сұхбатыңызды тыңдадым. Қазақша сайт туралы ойлар жақсы айтылды. Дегенмен мен сізден көмек күтемін, өтінішім мектептің сайтын бастап едім соның кейбір жерлері келіңкіремей тұр. http://www.urgenichbaev496.ucoz.ru

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s