Оразаларың қабыл болсын, бауырлар!


Қазақ блогосферасын зерттеп жүрген алғашқы кезде-ақ, дін элементінің қашан да басым тұратыны анық аңғарылатын. Бұл жайтты «дін тақырыбында ауызба-ауыз сөйлесу қиын болғандықтан оның орнын виртуалды пікірталастар мен блогтар толтырады» деп түсіндім. Себебі ислам тақырыбы (анығында сенім ғой) баршаға қызық болғанымен, көпшілігі жүзбе жүз бұл туралы талқылауға именеді. «Мұсылман бола тұра, діни білімімнің әлсіздігі көрініп қалады» деген ой жеке өз басымда жиі қылаң беретінін жасырмаймын. Бірақ бұл жазбамда менің айтқым келгені бұл емес.

Қасиетті Рамазан айының келіп жетіп, бұған жексіз қуанып отырмын. Әлһамдулиллаһ! Бұл күнге жеткен де бар, жетпегені бар. Сахабалар Оразадан кейінгі бес ай бойы «оразадағы құлшылығымыз қабыл болсын», деп дұға қылады екен де, келесі алты ай бойы Оразаға аман-есен жетуін тілеп, Аллаһқа жалбарынады. Оразаға күні бұрын дайындықтың белгісі бұл. Оразаны ойдағыдай өткізуге оған жасалған әзірліктің әсері өте мол. Бұл үйіңе келген қонақты алдын ала әзірлікпен күтіп алғаның тәрізді.

Жомарт аға, Жандос үшеуміз ақылдаса келе,

«Оразаға арнап, бір блог ашайық. Қолда бар пайдалы деректермен бөлісейік. Әрқайсымыздың блогымызда болғаны жақсы. Ал бұл деректің бәрі бір жерде шоғырланғаны одан да жақсы»

деген тоқтамға келдік.

http:// oraza2008.wordpress.com блогының жұмыс істегеніне әлі бір ай уақыт болмаса да күніне 100-200 рет (кеше 659 рет қаралыпты!) қаралып отыратынын көрдік. Интернет кезген қауым ораза кестесін, ораза туралы мәліметті іздейді екен.

Кеше бірінші тарауих намазы оқылды. Нұр-Мүбарак мешітінде болдық. Әсерімді айтып жеткізуім қиын. Әрбір оқылған Құранды ұйып тыңдаған сайын, дүниенің тірлігі күл болып қалады. Барлық тәкаппарлық, ынсап, қызғаныш түкке тұрғысыз. Адамдардың арасындағы өсек-аяң, у-шудың ар жағында ақирете пайда бермейтін пендеуи қызғаныштар жатқанын терең түсінгенде жүрегің жай табады. Ұлы Раббыңды ойлайсың. Қасиетті Рамазан айында құлшылық құлуға, мұсылман болып жер басып жүруге мүмкіндік бергеніне шүкір етесің.

Үйге кештеу келдім. Қалта телефоным Оразамен құттықтағандардың сәлеміне толып қалыпты. Бәріңе Аллаһ разы болсын! Сендердің де оразаларың қабыл болсын. Бір-бірімізге дұға қылып, жақсы тілектер тілеп жүрейік.

Айтпақшы, сөз деген көзге көрінбес қару ғой. Кей-кездері өзім байқамай қатқылдау пікір білдіріп немесе блогтағы жазбаларыммен ренжітіп алғандай болсам, кешірім сұраймын. Ұлық айда кешіріп қойыңыздар!

Advertisements

10 thoughts on “Оразаларың қабыл болсын, бауырлар!

  1. оразаларыныз кабыл болсын!
    мен быйыл 2 рет ұстайын деп отрм. баяғыда осыдан 5-6 жыл бұрын ұстағам. бір мақсатпен. құдайдан қазір өліп өшіп жақсы көріп отырған жиен інімді(Рүстемді) тілеу үшін. қазір ол шауып жүр ғо 🙂 құдай қабыл алған-ау шамасы тілегімді.
    ал қазір. білмеймін не түрткі болғанын, соңғы кезде күрт өмірге деген көз қарасым өзгеріп, депресияға түскендей болдым. бәрі мен үшін бәрібір сияқтанып қалды ма бір қызық. Сондағы медеу іздеген түрім шығар. сөге көрмеңіздер әрине.
    ұстайтын кезде дәл ертең деген кезде үйдегілерге айтып, таң қалдырдым. сосын ерте тұрамын деген ойым дұрыс шықпай, сәресін ұйықтап қалдым. кешке досыма смс жазып кестені сұрасам ол 21:40 депті. Балдырған как раз биздин үйде еді. ол тағы бір қызға шығып, біліп берді. ух ато бүгіндікке су тамызбай кетемін бе деп қорықтым деп күліп атрм. шын тоғыздан кейін ұйқыға кетемін кейде. Бүгін тағы сәрсінде ұйықтап қалдым. кешке ашамын ғо уақтылы. менің оразам қабыл болады ма ағайын қалай ойлайсыздар. бұрындары да сәрсіз шыққан етінмін… сосын күні бойы су ғана керек маған, кешке ужинға тәбетім жабылып қалады. 😦 денсаулықта жалоб жоқ неге ұстамасқа деймін. кейбірі күнәнді жуу үшін дейді. өзімді күәһар санамаймын. құдай өзі кешірсін. бірақ-та. айтады ғо, көңілі таза болса неге өзіне дақ түсіруі керек деп. ал кейбір кішкентай қыздардың арманым-тілегім орындалады дейді. менде ол жыл 12 ай орындалып келе жатқан сияқты. мен ауыз ашқанда-жабқанда айтатын сөздерін білмейді екенмін. тек аузым ашылған соң тілек айтып жатамын жатар кезде. Шешемді бауырларымды, халқымды жаманшылықтан аулақ етсін деп… Кейде өз оразама күмәндәніп қоям. менкі дұрыс па?. барлық оразамның барсын жазып отырғаным сол бауырлар. кейде жағымсыз сөз шығып кететіні бар, бұл ораза айы, бәрін басып отыратын сияқтанады. айналамдағылар қарсы болды үйдегілер. бірақ үнсіз отыра бердім. сәресін ашпай-ақ жүре берсем қалай болар екен?!. дұрыс емес қабыл болмайды деп угроза жасап қояд білген адамдар. сосын құрмамен ашу міндетті емес шығар қалай қарайсыздар? менің шынымды айтсам жемейтін нәрсем еді. бірақ ертен алатын шығармын…
    блог ашып қойғандарыңызға рахмет. оқып отырып біраз мәлімет алдым. менің мына жазбам сіздерге өзінде хаус болып, сондай шығу жолын іздеп не істерін білмей ораза ұстап кеткен жанға ұқсап отыруым мүмкін, бірақ олай емес, мені біреу түртіп ораза ұста дегендей знак келді. ұстадым. ал менің қойған сұрақтарыма жауап болып кетсе күчт болатын еді. сәрсі жайында…

  2. Ауыз ашу – сәресі деп емес, ифтар деп аталады. «Сәресі» деп ауыз жабуды айтамыз.

    Сәресіде (яғни ауыз жабу әрекетінде) береке бар – деген мағынадағы хадистер көп. Сол хадистерге сүйенер болсақ, лажы барынша сәресіге оянған жөн. Бірақ, сәресіге оянбау күнә емес.

  3. Айкоға жауап бергеніңізге көп рахмет, ағасы! Аллаһ разы болсын!
    Айко, сәресіге пісіретін тәтті тағамдардың мәзірін Эльвираның аспаздық блогынан таба аласың.

  4. ааа қайдан білейін біз жақта солай айтылып(«сәресі») кеткен соң солай айтып кетіппін. рахмет жауап жазғандарыңызға.
    ауыз ашарды ұмытпасам(яғни дер кезінде үлгеру керек қо да?) уақтылы ашып тұрамын ғо. жақында сабағым басталатын еді. сонда сумкама су салып жүрермін…
    Өрімтал Эльвираның блогын оқып қызықтауға ғана шамам жетеді, ондай өнерім жоқ 😦 әйтесе пісірер едім ғо. 🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s