Сірә,бізге тыныштық жоқ тұрмыста


Сірә,бізге тыныштық жоқ тұрмыста,
Іздеме оны,
Табамын деп тырмыспа.
Тыныштық жоқ,
Тыныштық бар-мәңгілік,
Тындырып бақ, ғұмыр қысқа, күн қысқа.
Тіршілікте тыныштық жоқ тұрмыста.

Демалыс ап, Кавказ, Қырым барғаның-
Бәрі өкініш,
Өзіңді өзің алдауың.

Қалай үзіп, қайда тығып, тыншисың,
Тыным бермес ойларыңның жалғауын!?
Тіршілікте анау жүрек, мынау бас
Сая бағып, сірә, тыныш тұра алмас,
Желік көңіл,
Жетім ойлар тұрғанда,
Тыныш бейқам сауық-сайран құра алмас.
(Бұл-қағида қайталаған тіл біткен)
Тыныштық жоқ!
Тыныштық жоқ тірлікте!
Тыныштық сол-
Үлкен жердің үстінде
Өткен ғұмыр,
Біткен сөйлем,
Бір нүкте……

Мұқағали.

5 thoughts on “Сірә,бізге тыныштық жоқ тұрмыста

  1. Асхат, сәлем. Бұл жерге орайсыз жазған шығармын, бырақ сеның блогыңда саған хат жазатын тұсты таба алмадым.(интернет сауатсыздығымды мойындаймын:)) Маған Ораза кестесі қажет еді. Қайдан табуға болады. Интернет арқылы іздесем, өткен жылғы, басқа қалалардың деректерін береді. Білетін адам болса, ол сен боларсың деп ойладым. Жауабыңды күтемін.

  2. Рас-ау! біз шаршап тұрып жұмыс істеуге қуануымыз керек шығар. АЛЛАға сансыз шүкір, бізге осыншама нығмет берген!!! Бұрын менен біреу: “Шаршадың ба?” – деп сұраса: “Жоқ”, – деп күліп жауап беретінмін. Шаршап тұрсам да, солай айта салатынмын. Қазір, керісінше, жан дүниеммен “Жоға! Қайта қуаныш емес пе?!” деймін! Қазір менің қумалығым сондай, мөлдір, түссіз ауадан да қызылды-жасыл сұлулық көретін болыппын (ұяттан нарттай қызарған смайлик :)). Менің бір досым айтқан еді (АЛЛА ол жанға шексіз разы болғай!): “Біздің жұтатын деміміздің әрқайсысын әр періште бес мың жылдық жол жүріп жеткізеді”, – деп. ойлаңызшы, бес мың жыл бойы жол жүріп әкелген демді біз демде шығарып тастаймыз. Бәріңізге де шаршааап тұрып еңбек қылып, сол еңбектің тәттісін, АЛЛА берген ғұмырдың баянды болуын тіледім!!!🙂

  3. Әмин! Сізге де соны тілейміз! Жиі-жиі, бас сұғып тұрыңыз, Жан-айна! Пікіріңізді өте әсерлі жеткізіпсіз. Досыңызға бізден дұғай сәлем!🙂

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s