Үшаралда болған жауыздыққа қатысты бір топ оқырманның пікірі


Бәрі – имансыздықтан

… Мен де Сымбаттың анасы сияқты анамын. Менің де екі қызым мектепте оқиды. Солардың тағдырына алаңдай бастадым. Сондықтан баланың өміріне мектеп басшысы мен мұғалімдері түгелімен жауапты болуы тиіс. Бәлкім осындай оларға ант та қабылдату керек шығар. Бұл жағын енді үкімет қолына алуы керек деп санаймын. Мұның алдын алатын бірден-бір жол, менің ойымша, дін жолы. Егер жүрегінде иманы болса ана денешынықтыру пәнінің мұғалімі оқушысын зорлай ма? Не деген сұмдық! Сымбатқа «қол салғандардың» барлығы қатаң жазалануы тиіс.

Гүлзира Тасболатова

Семей қаласы

Азғындар жазалансын!

…Он екіде бір гүлі ашылмай жатып тағдыры тәлкекке түскен Сымбатқа жедел түрде психологиялық көмек көрсетілгені жөн. Отанында орын алған озбырлыққа мемлекет басындағылар да араласуын талап етеміз. Түз тағысы қасқыр да жасамайтын тағылыққа барған түйсіксіздерге қолдау көрсетіп, қорғамақ болғандарды да ертелі-кеш зауал ұрады дегенге сенімдіміз.

Бекен Қожамқұлов,

Қосым Каташов

Шымкент қаласы

Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі сыздайды

…Ойлап қарасаңыз, шағын ғана ауыл адамдары. Құдай біледі, осылар бір рудың ағайын адамдары да шығар-ау. Ұят-ай, сонда бірі туысына, бірі қарындасына зорлық қылып жүр…

Мұғалімдердің айлығы төмен болған сайын ұстаздың сапасы да нашарлай беретіні сөзсіз. Білікті, білімді, ұстаздар өзге салаға да керек. Арзымайтын жалақыға жанкештілікпен жұмыс істеп жатқан мектеп мұғалімінің қадірін тәуелсіздік алғалы қатты төмендетіп алдық. Бала тәрбиесін түзейміз десек, ұстаз деген қадірлі мамандық иелеріне лайықты көңіл бөлінсін.

Бәрінен де өкініштісі, Сымбаттың жас жүрегіне түскен айықпас жара қалай жазылады? Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі сыздайды. Баласының болашағын балталаған адамдардың әділ жазасын берудің орнына, зәбір көрген қыз анасын табалдырық тоздырып сандалтып қойған полиция, сот орындары өз істеріне өз қарындастары жапа шеккендей шұғыл қимылдаса екен.

Рахматулла Есенбек

Алматы қаласы

Осы тектес хаттар жиі келіп жатыр. Телефон соғып хал-жағдайын біліп жатқандар да бар. Жеке өз басым қыз бала мен ер баланың бірге оқытылғанын қаламаймын. Мейлінше бөлек оқығаны жөн тәрізді. Әсіресе 7-8 сынып оқушыларында.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s