Жауыздықты жасыру


«Жас қазақ» №30, 1 тамыз санында жарияланған Алматы облысы, Алакөл ауданы Үшарал қаласының тұрғыны Саягүлдің жанайқайына тұс-тұстан жанашырлық танытушылар көбейіп жатыр.

Көзі қарақты оқырманның қаперінде болар, Саягүл 9 сыныпта оқитын қызын сыныптастары мен денешынықтыру пәнінің мұғалімі зорлағанын жазған болатын. Оқиғаға жергілікті құқық қорғау орындарының көз жұмып отырғанын ащына айтқан ана қоғамнан араша күткен. Алакөлдегі жауыздыққа жаны төзбеген жандардың редакцияға шалған қоңырауында қисап жоқ. Елге белгілі педагог-ұстаздар бүлдіршін Сымбатқа және оның ата-анасына моральдық көмек көрсетуді ұйғарды.

Жантүршігерлік жауыздыққа Адам құқын қорғау жөніндегі халықаралық бюро да бей-жай қарай алмайтындарын білдірді. Сәрсенбі күні аталған ұйымның Талдықорған қаласындағы өкілі Сымбаттың қоғамдық қорғаушысы ретінде тіркелді. Елдегі басқа да саяси ұйымдар бұл істі қадағалауды қолға алуда.

Үшаралды ғана емес бүкіл елді шулатқан осы шатаққа байланысты біз Алматы облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Берік Қожамбердиевке хабарластық.

Істі өзіміз толық қарамағымызға алып отырмыз. Әлі тергеу жұмыстары аяқталған жоқ. Бүгін-ертең беттестіру болады. Бірақ күдікті делінгендердің ешқайсысы мойындамай отыр. Мектеп мұғалімдері мен мектеп директоры да білім ошағында ондай оқиға болған жоқ дейді. Яғни, нақты дәлел болмай тұр. Ал сот-медициналық анықтамада қыздың басында ауытқушылық бары жызылған,

– дейді Берік Мырзаханұлы.

Байқаған боларсыз, бұл кісі Сымбат сыныптастары мен мұғаліміне жала жауып отыр дегісі келеді. Сонда шеше байқұс қаршадай қызының абыройын ел алдында айрандай төге ме? Тіпті Сымбаттың Талдықорған қаласында тұратын әпкесі – Меруерт сіңілісін сот-медициналық сараптама орталығына өзі ертіп барғанын, маман-дәрігерлер қыздың зорланғанын дәлелдегенін айтып отыр. Сондай-ақ, медициналық-психологиялық орталық Сымбаттың ақыл-есінің еш ауытқымағанын да анықтаған. Ал бұл анықтамаларды тергеуші өзімен бірге Үшаралға алып кеткен көрінеді. Адвокат арқылы келесі аптада қолымызға тиіп қалар. Егер Қожамбердиев айтқандай, Сымбаттың ақыл-есі дұрыс болмаса, ол сабақты қалай оқыған? Оның күнделігін қарап отырсаңыз, кілең төрт пен бестен көзіңіз сүрінеді…

Еренғайып Қуатайұлы, «Жас қазақ», №32, 15 тамыз 2008

2 thoughts on “Жауыздықты жасыру

  1. Аттас қыз екен. Осы оқиғанын қалай аяқталғанынан хабардар етіп тұруыңызды өтінем

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s