Жауыздықты жылы жауып тастауға қам жасауда


Қателесетін де шығармыз, бірақ Үшаралда болған жауыздықты ауыл-аймақ болып жылы жауып тастауға қам жасап қойған тәрізді. Бірігіп зорлық жасаған 12 баланың кем дегенде үш-төртеуінің ықпалды адамы болуы әбден мүмкін ғой. Ал тергеуші бірден бір дәлел бола алатын зорлықты бейнетаспаға түсірген балалардың қол телефондарын таппай отыр. Берік Мырзаханұлы «оларды қыздың шешесі тартып алған» дейді. Егер Саягүлдің қолында бейнетаспа болса, оны ең алдымен тергеушіге көрсетер еді ғой. Демек, қол телефондар арнайы түрде жойылған. Қорғансыздың құқын қорғауға тиіс құқық қорғаушының «дәлел жоқ» деуі бекер емес тәрізді. Сондықтан біздің ойымызша мектеп партасында болған қылмысты Астанадағы министрлік жеке қадағалауына алуы тиіс. Содан кейін ішкі істер министрлігі білікті, антына адал тергеушілерден жасақталған арнайы комиссия жөнелткені жөн. Егер сотта арызданған жақ жеңіліс тапса, (облыстық ІІД бастығы орынбасарының емеуірінін дұрыс түсінсек солай болатын сияқты) ол отбасында қандай ахуал қалыптасатыныны айтпасада түсінікті. Тіпті Сымбаттың сыныптастары мен мұғалімі оған білгендерін істеуі мүмкін. Айтпақшы, «Жас қазаққа» арызын айтқан ананың қызын зорлаған дейтін күдіктілердің аты-жөндерін де біле жүріңіздер.

Ахметбаев Қанат – Мыңбаев атындағы мектеп-интернаттың денешынықтыру пәнінің мұғалім. Өзінің айтуынша рэкет.

Осы мектептің 9 сынып оқушылары:

Жандос Бекішев,

Данияр Бекбосынов,

Қуаныш Әсемханов,

Асхат Несіпбеков.

Сыныптасының қолын ұстап, есік күзетіп тұрғандар:

Асхат Қасымханов,

Нұржан Әбденов,

Олжас Сахмолидинов,

Ұлан Боранғазиев,

Мырыш Разбеков және Қастер Азатбек.

«Ақша бермесең, бейнетаспаны бүкіл елге көрсетеміз» деп қорланған құрбысынан ақша талап етіп жүрген 9 сыныптың қаршадай «қарақшы» қыздарын да біліңіздер:

Ботагөз Шендібаева мен Ақбота Мұқышева.

Ал қыздың анасына 16 мың доллар ұсынып, мәселені ақшамен шешкісі келген мектеп директоры Қайния Иманқұлова (Иванова) келер жылы елдің аманатын арқалап, депутат болғысы келеді екен…

Ескеретін бір жайт, біз Саягүлдің арызы негізінде жазып отырмыз. Әрине, істің анық-қанығын тергеу орындары анықтайды. Тергеу жұмыстарының қандай қортындыға келгенін алдағы нөмірлеріміздің бірінде хабарлайтын боламыз.

Еренғайып Қуатайұлы, «Жас қазақ», №32, 15 тамыз 2008

Advertisements

6 thoughts on “Жауыздықты жылы жауып тастауға қам жасауда

  1. оңбағандар!
    жақсы, олар мойындамас. ана мұғалімдер мен директорлардікі тіпті оңбағандық соларды қорғап отырған.

  2. Ох, мұндарлар-ай! Шошқадан туған сүмелектер! Мұндайлардың миына да қонбайды мен білсем, тіпті «Жас қазақтың» осы өздері басылған санын сақтап қойып, мақтан көріп жүрген шығар, өздерінше мансап көріп, «рэкет» болғанына қарағанда. Осы ғой – «Бригада» мен «Бумердің» рухы ғой! Бір қуыста дәл қазір «осынау қиын сәтте біз – біргеміз, берік – іргеміз!» деп, өздерінше ант ішіп, қол алысып жатқан шығар?
    Қызы-ұлы демей итжеккенге айдатып, ал жауқазынға елдің басқа шетінен жұмыс пен үй бергізіп көшіріп әкету керек.

  3. АЛЛА ол қызға, ата-анасына сабыр, иман берсе екен!!! Болашағы жарқын боп, бағы ашылса екен!!! Ертең бір содырға шықса, өміріндегі осы сұмдықты, тірі жанның басына бермес сұмдықты бетіне салық етіп отырады-ау… АЛЛА ол қызға иманды жар нәсіп еткей!!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s