Жауқазын ғұмырды жылатқан жауыздық


«Жас қазақтың» соңғы санында (№30) «»Жауқазын ғұмырды жылатқан жауыздық» атты мақала жариялаған едік.
Қысқаша мазмұнын айтар болсам, Үшаралдағы (Алматы облысы, Алакөл ауданының орталығы) мектептің 9-сынып оқушылары өз сыныптасын зорлап, ол сәтті қалта телефонға түсіріп алыпты. Ол видео күллі мектепті шарлап, физкультура мұғалімінің де қолына түсіпті. Содан әлгі мұғалім оқушыны өз бөлмесіне шақырып, қызды арашалаудың орнына, қыздың ағайтайлаған дауысын елеместен желөкпе бозбалалардың айуандығын қайталапты. Байғұс қыздың қорлығы бұнымен тынбаса керек. Сыныбында айналдырған үш қыз екен. Қалғандары ер балалар. Сол екі қыз: «Бізге ақша бермесең, видеоны әке-шешеңе көрсетеміз» деп ақша бопсалапты. Анасы бірнеше ай бойы үйден жоғалып жатқан ақшаның құпиясын түсіне алмай жүріпті. Қызының да не себепті көңілісіз жүргенін біле алмапты. Ақыры бір күні сыныптас құрбылары қыздың үйіне келіп, қыздан қорқытып-үркітіп ақша алып жатқан сәтте анасы бөлмеге кіріп келіп, барлық мән-жайға қанығыпты.
Содан прокуратураға барса, сот ол арызын үстіне бірнеше мың доллар қосып қайтарып беріпті. нақты дәлел жоқ деп шара қолданбапты. Мектеп директоры болса, үйіне келіп: Зейнеткерлікке шығуыма бір жыл қалды, содан соң депутаттыққа сайланбақ едім. Ақшаны ал да (16 мың АҚШ доллары) арыздануыңды тоқтат», – депті. Солай, әділдік іздеген ана осы жайтты жазып, «Жас қазаққа» хат жолдады.
Айуандық жасағандар жазасын әлі алған жоқ. Осының барлығы біздің көз алдымызда, ауылда болып жатқаны жан түршіктіреді. Құнанбайдың дәуірі болса, жауыздарды таспен шөкелеп өлтірер ме еді…

 

Advertisements

21 thoughts on “Жауқазын ғұмырды жылатқан жауыздық

  1. масқара. қай заманда өмір сүріп жатырқ 😦
    мынаусы несі мектептік басшысы қайда қарап отыр?
    қыздың әке-шешесі үлкен орындарға шағымданса қайтеді.
    ана мұгәлімді көзін ағызу керек. көптің көзінше отқа жағып. қыздарға не жоқ десеңізчі. :(((

  2. Тағылар өңшең! Ашуымда шек болмай тұр, шет-қиыры көрінбейді ашуымның! Айуандарды тобырымен ату керек, тобырымен! Ана мұғалімді – қосауыз мылтықпен ауызнан ату керек! Әлде дарға тару керек пе, әйтеуір бей-жай қалмау керек ғой ағайын, не боп кеттік өзі, неден сорладық?
    Осы қазекең бар ғой неге біреудің орнына өзін қойып ғана көре алмайды жай ғана? Менің баламмен болғанда не істер едім деген жаман ой неге ғана топас әлде әдейі топас санамызда қылаң етпейді? Соттан бұрын айыр-күрек арқаланып барып, әділін шығаратын халық қайда? Қайда? Қайда?
    Бекер оқыдым осыны, көңіл-күйім ышқырыма түсіп кетті десеңіз де болғандай… :(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(:(

  3. 😦
    Әлгінде Халықаралық ұйымның құқыққорғаушылары хабарласқан. Істі соңына дейін жеткізіп, қаралуына көмектесеміз деп жатыр. Бірақ кейбір ауылдағы мәдени қараңғылық бір ғана сотпен аяқталса жақсы ғой…

  4. Айко, қыздың әкесін жынды етіп шығарғылары келіп жатыр дегенді естідім. Дүниеге құнығып, арын сатқандардан бұны да күтуге болады. Шағымданбады емес, прокуратураға шағымданды. Олар: «істі қарамаймыз, мына ақшаны ал да аузыңды жап» деп жауап беріпті.

  5. Беріліп жатқан ақшаны алып айуандардың барын атып өлтіру керек. Сосын калган акшаны сотка беру керек соттамаи арашалап алсын деп. Барибир сот акшага адамды актап алып уиренген гои.
    Ворошиловский стрелок деген киноны коріппедіндер. Сонда атасы солай жазалаиды гои.

  6. Жауқазындарды жақсы көремін, сол үшін кіріп едім…
    шынымен, көңілім түсіп кетті…
    Соңы не боларын кім білсін, бірақ БІРАҚ қыз сынып қалмай, бойын тік ұстап, «толыққанды» өмір сүрсе екен…

  7. Ашуым бойыма симай кетті, недеген жауыздық, не деген надандық,…

    Сабақ болар еді, жақсылап жазасын берсе игі еді. Ана мұғалім сымақты

    ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА кесу керек. Асхат хабарларын беріп тұр.

  8. Эхх… Өмір-ай… Қайнаған қазақтың иісі шығатын ауылдарымызда осындай жағдайлар болып жатса, басқасын қалай сөз қылмақпыз… 😦

  9. Соңғы кезде телефонға түсіріп көрсететін көргенсіз көріністер көбейіп кетсе де қоғамда осыншалықты айуандықтың болатыннын білмеппіз. Соттаудың орнына халық алдына шығарып жазалау керек. Оның түрмеге бірнеше жыл бойы отырып шыққаны керек те емес.

  10. Халық алдында масқаралап көзін жою керек олардың.
    Біз мына жерде ашуланып отырғанымызбен, дәл сол секілді видеоларды ұялы телефондарына жазып алып, бір-бірлеріне көрсетіп «мақтанып» жүрген жастарымыз қаншама. Оларды да жөнге келтіруді қолға алатын уақыт жетті деген ойдамын. Сондықтан мәселенің басқа жақтарында қарап, мемлекет тарапынан қатаң шаралар қолданылуы керек.

  11. Ертеректе дағыстандық бір пақыр жүруші еді ауылымызда, ұмытпасам аты – Абдолла болса керек. Әкелерімізден даналап темекі «атып» алып, шешелеріміздің мүсіркеп берген айран-шұбатымен жүрек жалғап, ілбіп тіршілік кешуші еді. Әкелеріміз айтушы еді: «Бұ пақырдың көрген күні құрысын! Аттай жиырма жыл бойы еліне бара алмай жүр. Институтта біреуді өлтіріп алыпты. Содан міне – қанды кектен қашып жүрген түрі. Соттан-оттан дәулетті әке-шешесі алып қалса да, қанды кектен қорқып,
    жүргені осы енді!» деп.
    Әнеки! «Халық соты» деген Қап тауында тура мағынасында болса керек: соттан емес – елдің қарғысынан, кегінен қорқып, өзін азапқа салып жүр әлі Абдолла. Біздің қоғам сондай болса – ДШ мұғалімі таң ата дарда ілулі тұрар ма еді, әттең! Зейнеттегі прокурордың шекпенімен қосып…

  12. Мына мақаланы оқып көңілім құлазығаны рас. Қыздың көңіліне өшпес қара дақ түсті. Оны тек арнайы психолог мамандар арқылы емдемесе ертеңгі күні қыз еркек атаулына өшігуі де мүмкін. Қазір әділдік жоқ десе де болады. Шишканың қыздары немесе балдары қорлық көрсе, іс бірден қаралады. Ал артында крышалары жоқтары мәңгіріп жылап өтеді.
    Жақын арада Атырау қаласы Доссорда алқаш ұл жетпіске таянған өз анасын құлатып, кейін дене мүшелерін парша парша етіп бөліп, әрбір жерге көмген. Соңында ол кісіні тексергенде Ауған соғысына қатысып келген әскер болып шықты. Сірә санасы уланған ауру шығар деп ойландым.
    Қазіргі таңдағы адамдардың ақ адал істен гөрі қара ниетті бұзықтық жасауға ішкі қалаулары қатты қалап осындай жасөспірім қыздарды қинағанды қалайды. Бұл бір заманның психикалық ауытқуларға ұшыраған салдарынан кесірі. Қай жігіт не қай қызды алмайық көздегі ұшқындары саналары теріс ақпаратты қанығып алып, айуандыққа бет алғанын байқауға болады.

    Халықаралық сотқа шағымдап қыздың арын қорғап, кінәсін жасаған адам тиісті жазасын алсын!!!

  13. Томирис, блогыма хош келдің. Айтқандарың орынды. Осы аптада қылмысты іске қатысы барлардың аты-жөнін газетке жариялауды жөн көріп отырмыз.

  14. Озiмiздiн ауылдын iшiнде неше турлi зорлык-зомбылык, инцест туралы естiп шошисын… Кобiсi кызга обал, атына кiр келедi деп ундерiн шыгармайды, ал тагы бiреулерi кыз баланы кiналайды. Бул кiсiлер жогарыга БАКка хабарласканы дурыс болыпты. Зорлык корсетiп алып, шiренiп турып, бостандыкта жургендер каншама!

  15. Бұл «соткамания» бәле болды ғой..тәрбиенің жоқтығы ғой бәрі..әке шеше балаларымды қалай асыраймын деп безек қағып жүріп, оларға тиесілі көңіл бөліп, тәрбие беруден қалады, соның салдарынан балалары нағыз көргенсіздің өзі болып шығады..бұндай оқиғалар көп ауылда болып жатыр, көбісі сол қалпында тұншығып қалады..ауыл ауыл болудан қалды, қазақ ауыл өмірісіз қайда ұзап кетер екен..қазақшылығымызды сақтайтын тұғырлы мекен ауыл емес пе еді..енді оны жоғалтсақ, ертеңіміз не болмақ?

    Қынжылтатыны осы..

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s