Кереку мен Қызылжар АйтPARK-те сөз болды


АйтPARKOriginally uploaded by Asqat

Нұрлан Ерімбетовтің “Айт-Паркінде” бүгін Айдос Сарым мен Алексей Лобанов (суреттері төменгі жазбада. Кімнің кім екенін түрлеріне қарап, ажыратқан боларсыңдар деп үміттенемін 🙂 ) “Қазақстандағы елді-мекен атауларын өзгерту” тақырыбында пікірталас ұйымдастырды.

Жан-жақтан жамыраған орыстар, орыстілді қазақтар “Егер қала атаулары Қызылжар мен Кереку болатын болса, кетем” деп міндетсініп отыр. “Кетсе, кетсін”, – дедім ішімнен. Бір қызығы олар Ресейге емес, басқа елдерге Канада, Токио ( Жапонияның астанасы. Бақытнұрға рахмет. )т.б. елдерге кетуді қалайды екен. Айдостың ойынша, орыстар қазір Қазақстандағы саясаттың қалай қарай құбылатынын түсінбей, қорқып, әрі-сәрі күйде отырған көрінеді.

Құдай-ай, он жеті жылдың ішінде бір шешімге келетін уақыт болды емес пе? Қазақтардың қожайын екенін мойындауға іштеріндегі көкірек жібермей тұр. Содан кейін бір ұнамағаны: “Неге айдаладағы қазақтар керекуліктер мен қызылжарлықтар үшін шешім шығару керек. Олар өздері шешім қабылдасын. Қала атауының қалай болғанын қалайды өздері шешсін” деген сөздер болды. Көкесі-ау, бұл біздің тарих емес пе? Қазақстанда орыс болып туу қиын екен, общым…Бәтір-ау, орыстардың санасына бұл қазақтың жері деген түсінік енді-енді жетіп жатыр. Тыпыршып жатқандары сондықтан.

13 thoughts on “Кереку мен Қызылжар АйтPARK-те сөз болды

  1. Едел-жедел жазып тастапсын ғой Асеке! Менің де алғаш баруым ғой, маған Нұрлан ағамның Президенттің аузымен айтылып, құлағы қылтиып қалған мәселені осылай демократияны алға тартып, қайтадан құныстырып жібергісі келетіндей жымысқы әрекеті бар ма деп қалдым. Талқыға түсуге жатпайтын мәселелер бар. Бұл соның бірінен. Ендеше неге жақаурата береміз. Бәрінен де орыстілді қазақтардың орашолақ ойларымен киліге бергені ұнамады

  2. “Айт паркты” “Гайд паркка” ұқсатып қойған түрі ғой. Ендігі де мұқым ұлтжанды азаматтарды жинап апарып, аналардың үнін өшіру керек

  3. Соны айтамын да. Қала атауы Семей болып өзгертілді деген тәрізді төрт сөз жазып, бұйрық шығарса, өкпелегені өкпелеп, кететіні кетіп қалар еді ғой.
    Өкпешілдің көріп жүрміз талайын…

  4. Орыстілді қазақтар мен нағыз қазақтар әлі күнге дейін түсінісу процесін бастан өткеруде.
    Ескертуің орынды. Неге екенін ел ішінде кейбір мемлекеттер тек бір қала атауымен ғана қабылданады. Сөзсіз Токио қала ғой.

  5. … “Кетсе, кетсін”, – дедім ішімнен…

    Менде осы пікірдемін.
    Сосын олардың ешқайда кетпейтінінде білемін. Дәлел керек болса біздің ауылға келіңіздер.
    Ресейден үй-жай беріп, зейнетақысымен қамтамасыз етілген орекеңдердердің 90 пайызы қайтып келді.
    Сөйтсек бұларды ол жақтың орыстары ҚАЗАҚ деп есептейді екен.

  6. Тарихи шындық пен саяси шындық деген болады ғой, ағайын… Егер осы тарихи шындыққа салатын болсақ, онда мына шеті Қарақалпаққа (Жиделі-Байсын), Мына шеті – Омбыға дейін даулассақ қайтеді? Негізі конъюнктура біздің пайдамызда емес, осыны қоя тұрсақ қайтеді? Бұл мәселені барлығы қара қазан қамын ойланып жүрген 1991 жылдарда шешіп алу керек еді, енді соншама күтіп, орыстардың шовинизмі асқындап, қаруын жалаңдатып, ә десе мә дейтін халге жететін кезде көтергендері несі? Меніңше гүржілер мен украиндердің мысалына жүгіну тіпті қисынсыз – олар дегенмен гомогенді халық, екіншіден – НАТО плацдарм ретінде пайдалану үшін өздері құда түсіп жүр. Бізге олардың жағдайы тіпті келмейді ғой! Тұра берсін құрысын атауы, басқа мәселені шешіп алсақ қайтеді?

  7. Тарихи шындық тарихи болып қалды. Алайда қазіргі кезде ұлттық құндылықтарымызды қайтару мүмкіндігіміз болып тұрса, оны пайдалану керек д.о. Мен үшін Кереку мен Қызылжар болып тарихи атауы өзіне қайтқаны орынды. Қазақстанда өмір сүретін өзге диаспоралар бұны түсінуі керек д.о.

  8. Ерекеңнің сөзінің жаны бар. Кезінде “қысып алу” керек еді.
    Қазір біраз уақыт өткізіп алдық. Дегенмен қаланың атын өзгерткеннен орыстар елден безіп кетеді деп ойламаймын мен. Көнбегенде қайда барады.
    Сосын Қазақстандағы қалаларға тарихи атауларын қайтару жөнінде айтқанда неге Қызылорда шет қалып қоя береді? Түсінбеймін. Бұл қаланыңда тарихи атауы бар емес пе, Ақмешіт деген. Меніңше Қызылорда қаласына – Ақмешіт атауын қайтарып, облысқа Арал облысы десек дұрысырақ болар еді. Әрі бұған қарсы шыға қоятын адамда табыла қоймас біздің жақта.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s