No energy in Almaty


No energy in Almaty Almaty qarangylyq qu

Originally uploaded by Asqat

updated: after 20 minutes situation is stabilized. 🙂

No energy in Almaty. Алматы қараңғылық құшағында. Масқара! Бағдаршамдар өшті. Жолда көліктер кептепліп қалды (суретте). Дауыл тұрып, найзағай жарқылдап тұр. Жарық қашан қосылары белгісіз. Шамасы бір станция істен шыққан-ау… Полиция келді.

Қараңғыда отырған қиын екен. Бір сәтке өзіміздің қаншалықты әлсіз екенімізді сезіндік. Қазір жарық қосылды. Әлі де жаңбыр себелеп, найзағай ойнап тұр. Қараңғыда отырып Алматының апатты жағдайларға қаншалықты әзір екенін ойладым. Суретте жолда кептеліп қалған көліктер тұр. Үйдің балконынан түсірген едім. Қайта полиция шапшаң қимылдап, тез келді. Егер жарық 2-3 сағатқа созылғандай болса, қазіргідей экономикалық дағдарыс уақытында ұрлыққарлықтың да қаулап кетуі мүмкін еді. Аллаһ ақырзаман бүлігінен сақтасын!!!

8 thoughts on “No energy in Almaty

  1. Бәлкім.
    Барлық жерде жарық өшпепті. Жаңа білдім. Мәселен, Момышұлының бойындағы үйлерде мұздай судың қысымы төмендеп, сол сәтте су болмай қалған екен. Қазір ресми ақпараттарды қарап отырмын.

  2. Жұмыста да осы әңгіме талқыланып жатыр. Жол бойында соқтығысып қалған көліктер көп көрінеді. Әрі дауылдан ағаштар құлап, екі Жанар жағар май станциясы істен шыққан екен. Бұл әлі нақтыланбаған деректер.

  3. үлкендер жағы емес, қараңғыдан 2 айлық балада қорқады екен. Жаңа туылған інім қорқып жылап. Мен айтамда адамзат қатты дамып кеткен екен деп. Бұрындары свет жарығы болмағанда ата-бабаларымыз қалай өмір сүрді екен?! паник болып кетті. Бір қызығы Гюмюшті көріп атқан апайым дереу ТВ қосып еді каналдар жоқ. Телевищкадан өшірсе керек. очм мен ерте жаттым 🙂

  4. біз жақта (Алматының солтүстігі) электр желісіндегі кернеу жоғары-төмен жүгіргені болмаса бәрі тыныш болды!

  5. Асхат-ау, Асхат. біздің ауылда көше фонарьлары тапа-тал түсте жанып тұра береді. осы бүгін көріп сенің постың есіме түсті ғой.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s