Ben and neweurasia


Ben and Co

«Жаңаеуразияның» құпиясы

Кеше Еуропадан келген достарыммен кездестім. Қазақстан мен (Алматы-Астана), Қырғызстанға үш аптаға қыдырып келіпті. Ол жақтың жастары демалыстарын бір жылға алдын ала жоспарлап, сосын осылай ел-елді шарлап жүреді емес пе? Кеше кафеде жолыққан соң, қалта телефоннан сурет қана қондырып, толықтай жазу мүмкіндігі болмап еді. Олқылықтың орнын толтыру үшін жұмыстарымды ысырып тастап, осы жазбаны жазып отырмын. Ослодағы оқырманға мың сәлем!!!

Бэн «Жаңаеуразия» жобасын дүниеге әкеліп, жүзеге асырушылардың бірі. Негізі ой да, идея да осы Бэннен шыққан болатын. Отызға әлі жасы жете қоймаған жігіттің пысықтығына, табандылығына риза боламын.

«Бәрі де ойламаған жерден басталды», – дейді Бэн Алматының «Дербес» сырасын ұрттап қойып. Біз қазір «Льдинка» кафесіндеміз (Панфилов пен Бөгенбай батыр). Кісі қарасы аз. Мында көбіне сыра ішуге келетін тәрізді. Сонымен Бэн маған «Жаңаеуразия» құпиясын ашып берді.

«Ол кезде мен әскери борышымды өтеп жүргенмін. Тәрбиесі қиын, бұрын қылмыскер болған жасөспірімдерді қайта тәрбиелеу ісіне жұмылдырылдым. Сол жақта жүргенде интернет арқылы Орталық Азия туралы кітап жазып жүрген бір кісімен таныстым. Сөйтіп оған кітабын жасауға анау-мынауға қолғабыс еттім. Әскери борышым аяқталған соң, Берлиндегі университеттегі бір оқытушыдан (аты-жөні есімде қалмады) дәріс алдым»

Бэннің Орталық Азияға деген махаббатының оянуына дәл осы оқытушы себепші болды. Себебі бұл мұғалімнің академиялық білімі өте жоғары. Әрі қазақ пен қырғыз басшыларын өте жақыннан танитын, олардың саясатын қолдайтын кісі болып шықы. Тарихты, әсіресе тілді жақсы білген ол Бэн тәрізді білсем деген құштарлықтан көзі жанып тұрған жігерлі жасқа білгенімен бөлісуден аянбапты. Бұл кезде Бэннің университеттегі білімі де аяқталған. Сөйтіп, «Халық Банкіне»: «Шетелдік студенттердің біліктілігін шыңдау бағдарламасы бойынша сіздерге барып, жұмыс істегім келеді», – деп хат жазады.

Бір күні «Құрметті Бэн, сіздің ұсынысыңың құп алынды. Біздің Банкке келіп, тәжірибеден өте аласыз» деген жауап келгенде қуанышымды шек болмады. Дереу билет алып, сапарға жиналдым. Армандаған Алматыны көретін болдым. Бірақ Алатаудың баурайындағы әсем қала мені қуанышпен қарсы алмады. Халық Банкіне келіп, хатты көрсеткенімде: «Кешіріңіз, біз тәжірибеден ешкімді өткізбейміз» деп менің олардан келген хатыма да назар аудармастан шығарып салды,

– дейді.

Осылайша Бэн екі апта уақытын үй іздеумен (Райымбектің бойындағы үйлердің бірінде тұрыпты) кетіпті. Билет пен Алматыға келу үшін жұмсалған барлық ақша құмға сіңген судай зая болды…

Германияға келген соң, ойлана-ойлана Ашық Қоғамды Дамыту Инстиутының «Шығыс-Шығыс» бағдарламасы негізінде «Жаңаеуразия» жобасын ұсындым.

Бала кезден бірге өсіп келе жатқан Олли (Шын есімі Оливер. Суретте оң сол жақтан бірінші) техникалық жағын мойнына алып, Прагадағы Ләйламен танысып, ақыры 2005 жылы осы жобаны бастады. Содан бері көп нәрсе өзгерді. Жобаға жыл сайын жаңа жастар келді. Бэн өзі болса, қазір Голландияда тұрады. Shell компаниясында жұмыс істейді. «Қазақстанға келіп жұмыс істеу үшін әдейі осы компанияға жұмысқа орналастым», – дейді ол.Суретте: Олли, Асхат, Бэн, Гарет, Саша, (түсірген Крист)

Advertisements

6 thoughts on “Ben and neweurasia

  1. жазбаңызға рахмет өзіме керек көп сұрақтарға жауап таптым…

    Олидің суретін жоғары жақта ОҢ жақтан бірінші етіп,
    төменгі жақта СОЛ жақтан бірінші етіп қойыпсыз. қайсысы дұрыс?

    Негізі суретте сол жақтан бірінші бала семпатюля 🙂

  2. Сол ғой. Сол жақтан бірінші тұрған біздің Олли. Оң жақтағы Саша (дәрігер). Қателесіп кетіппін. Рахмет, Айко.
    Если че тағы бір кездесуге болады. Осы айдың соңына қарай келеміз деген. Бүгін олар Астанаға кетті.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s