Алтынсарин мұражайында


Күн ыстық. Нұргелді екеуміз түріктің кафесінен түскі ас іштік те, екіге бөлініп кеттік. Ол өз жұмысына («Қостанай таңы» газетінде фототілші) мен Ыбырай Алтынсарин атындағы мұражайға бет алдым.

Мұражайға кіріп барсам, әскери форма киген әдемі бір келіншек отыр екен. Аса бір сақтық шарасын қажет ететін ғимаратқа кіргендей әсерленіп, мұражайда құнды бір деректер бар болар деген ой санамда жылт етті. Мұражайды аралау үшін 20 (жиырма) теңге төледім. Гид сұрап едім, 150 теңге деді. Сізге «қазақша гид керек пе?» деп, қызметші менен екі рет қайталап сұрағанын қайтерсің. «Иә» деп қазақша сөйлейтін гид сұрап тұрып алдым. «Суретке түсіремін» деп едім, алғашқыда «суретке түсіруге болмайды» деді де, сосын бір жаққа барып рұқсат сұрап келсе керек. «Әр сурет үшін 100 теңге» деді. Солай. Мұражайдан сурет түсіре алмадым. Пардон!

Мұражай екі қабаттан тұрады. Бірінші қабатында Ыбырай атамыздың салған алғашқы мектебінің макеті бар. Сосын архив құжаттары, суреттер. Құнды дерек жоқ. Гидтің сөзіне қарағанда барлық негізгі деректер Орынбор, Қазанда қалыпты. Бұл жерде тек көшірме құжаттары. Ал мұражай 1991 жылы ашылған. Екінші қабаты Мәриям Хакімжанова апайымызға арналған. Бәрінен де Ахмет Байитұрсұновтың соңғы сәтіндегі суретін көріп, тіксініп қалдым. Қорқынышты екен. Жүзі сұп-суық. Әдетте Ахмет атамызды көз әйнек кейіп, қара сақал-мұртымен бір қырындап қарап тұрған кейпін көріп үйреніп қалған едім. Мына суреті тым үйрейлі. Ең бастысы сақал-мұрты, көзәйнегі жоқ. Кәдігімгі жәл ату жазасының алдында түсірген суртке ұқсайды. Асыл алаш азаматы… Оның қасында Бейімбет атамыздың да суреті сондай. Бұрынғы шашы бір жағына қайырылып, күлімдеп тұрған Бейімбет емес…

Екеуі де (т.б. алаш қайраткерлері) Ыбырай мектебінен алғаш сауат ашқан жандар ғой. Екінші қабатында Мәриям апайымыздың тұтынған заттары. Кітаптары, алған марапат қағаздары. Шығарған өлеңіне арнап бір ән шығарған екен. Қасындағы үнтаспаға қарап, магнитафоннан тыңдайтын шығармын деп ойлап едім, магнитафон істемейді екен. Солай өлкетану мұражайына бүгін бара алмаймын. Қазір Алтынсарин ауданындағы «Сосновый бор» деген жерге барамын. Орман іші дейді. Ертең ол жақта Қостанай облысы жас журналистерінің форумы өтпек. Бір секцияны мен жүргіземін. Сәттілік тәлеп, дұға қылыңдар!

Қостанайдан жазған бұрынғы жазбаларым мына жерде.

 

Advertisements

4 thoughts on “Алтынсарин мұражайында

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s