Қазақстанға келген туристерді бай елдің мінез-құлқы қызықтырды


Жаздың аптап ыстық күнінде Алматы көшелерінде жан-жағына алақ-жұлақ қарап, ғимараттарды суретке түсіріп жүрген туристер көзге жиі ұшырасады. Астананың мерейтойы, көрші Қытайдағы олимпиада ойындары, Қашаған дауы… бәлкім осы жайттар туристер легінің көбейюіне әсер еткен болар. Бұл жолы Қазақстанда саяхаттаған шетелдіктердің блогтарына шолу жасағанды жөн көрдім.(Суретте: Discovery арнасынан Бейбітшілік пен келісім сарайын көріп, әсерленген шетелдік блогшының коллажы)

Қазақстанға келетін болсаңыз, шай ішетініңізді ұмытпаңыз. «Шетелге саяхаттауға шыққандарға арналған кейбір кеңестер» атты жазбада осындай сөйлемдер бар. Бір-бірлеріне ақыл-кеңес бергенді, көргенімен бөліскенді ұнататын американдықтар «Егер үйдің иесі сізге шайды толтырып құятын болса, бұл іш те, тайып тұр деген сөз. Ал сыйлы қонағына бір қойды бауыздайтынын білесің бе?» деп риторикалық сұрақ қояды.

«Қазақтардың үйіне қонаққа баратын болсаңыз кішкене сыйлық ала барғаныңыз жақсы. Тәтті-пәтті дегендей. Тек алкоголь (арақ) апарушы болмаңыз»

деп кеңес береді.

Шетелдіктердің жазбаларының барлығында дерлік, Борат фильмімен салыстырулар жүріп отырады. Бұл Борат фильмін Батыстағылар үлкен қызығушылықпен тамашалағанын дәлелдейді. «Бұл жердің Бораттың фильміне ешқандай байланысы жоқ. Қазақстан бизнес сапар үшін өте қолайлы», – депті жоғарыдағы блогтың иесі.

Гуттерберт Брич-Томпсон мен Архибальд Куинтин атты неміс жұбы да өздеріне Қазақстанның ұнағанын айта келіп, көргендері мен көңілге түйгендері Бораттың фильміндегі оқиғаларға үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын тамсана жазыпты.

«Біз бұл жерді өте әдемі жер екенін білмеппіз. Мүлдем Борат мырзаның бейнелегеніндей емес. Қымбат көліктер көшеге сыймай тұр. Мерседес, БМВ, GMC, Infiniti тәрізді көліктерді әдемі жүргізушілер айдап жүр. Әрине қымыздың да, шұбаттың да дәмін таттық. Бірақ онша ұнаған жоқ. Есесіне өзге тамақтар өте дәмді екен. Адамдар өте мейірімді. Бірақ тауарлардың бағасы өте қымбат. Сондықтан Қазақстаннан ертерек кетіп, сахатымызды Қырғызстанда жалғастырмақ ойымыз бар»,

деп жазыпты

Әзірге мотоциклмен бір елді тұтас шарлап шығу біздің табиғатымызда жоқ болғанымен, американдықтар мұндайды өте жақсы көреді. Осындай байкерлердің бірі екі аяқты көлігімен өткен аптада Семей-Кереку (Павлодар)-Қарағанды-Қостанай-Орал өңірлерін шарлап шығыпты. «Қазақстан менің ойлағанымнан мүлдем басқа ел екен» деп өз күнделігіне осы сапарынан алған әсерлерін тізіп жазған. Қызық оқиғалардың бірі Кереку жолының бойында орын алыпты. Қап-қара болып киініп алған байкерді жергілікті полиция қызметкері тоқтатып, тергей бастапты. Американдық: “Менің бұл түрімді көріп, «террорист» деп ойлап қалған болар” деген күдігін жасырмады. Өзінің бес күндік сапарын түйіндеген байкер қазақтар туралы ойларын былай өрнектепті:

  1. Қазақ батыр халық. Борат фильміне ешқандай қатысы жоқ.
  2. Еңбекқор халық. Адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп келеді. Географиялық тұрғыдан алғанда Қазақстан Австралияға көбірек ұқсайды.
  3. Барлық жердегідей жақсы мен жаман араласып жатыр. Өте кедей бірақ әрқашан көмекке қол ұшын созуға даяр тұрған жандар бар. Ішіп алған жастар мен мүмкіндікті пайдаланып сенің мүлкіңді жымқырып кетуге даяр тұратын әйелдер де кездеседі.
  4. Адамдар өте келбетті. Қазақтар өте әдемі екен. Шығыс пен Оңтүстік Азияның және Таяу Шығыстың халқына, моңғолдорға сәл келіңкірейді.

Бұдан басқа:

«Ислам мен Христиан діні бұл жақта басымдыққа ие. Дін ұстанушылардың өзара түсінісуі жақсы. Кеңес Одағында тәрбиеленгендер дінді онша қатты ұстанбайды. Халқына қонақжайлылық тән. Көшпенді мәдениетінен қалған дәстүрдің бірі – балаларын кішкентай кезінен үлкенді сыйлап, мейірімділікке тәрбиелейді»

деген де пікірлер бар.

«Қазақстан Батыс сарапшыларының көзімен». Вирджиния Постер есімді америка зерттеушісі әлемдегі бай елдердің мінез-құлқын өзінің зерттеу жұмысына тақырып етіп алыпты. Ақшасы көп адам қымбат та, бағалы заттарға үйір болады деген өмірдегі қарапайым қағидаға дәлел іздеген зерттеуші «Америкадағы африкандықтар мен латын-американдықтар азиялық американдықтар мен ақтарға қарағанда қымбат көліктер мен өзінің мансап-дәрежесін көрсетіп тұратын дүние-мүлікке құмар», – депті. «Алайда, Қазақстан тәрізді елдің қазіргі жағдайы маған түсініксіздеу, – дейді Вирджиния өзінің жазбасында. Батыс зерттеушілер жаңа “ақшалы” елдердің қатарына кіретін Қазақстанды өзгелерден бай мұнай-газ қоры ерекшелеп тұр. Қазақстан өзінің астанасын өзгерткенде де белгілі бір саяси мақсаттарды көздегені белгілі.

Астана қаласын құлпыртып, гүлдендіру үшін аты танымал архитекторларды қызметке шақырып, мұнаралы үйлерді, зәулім ғимараттарды тұрғыза бастады. Бұндай құрылыстар Дубай тәрізді елде салынса, қалыпты жағдай ретінде бағалауға болар еді. Ал қазіргі Астанадағы құрылыстардың көпшілігі несиеге салынып жатқаны таңқалдырады»

деген таңданасынтарын жасыра алмапты.

Көптеген шетелдіктерді тамсантып жатқан Астананың ғимараттарын көрсем деп армандап жүрген шетелдіктер көп екен. Солардың бірі monstercomments.com өз блогында «Бейбітшілік пен келісім сарайын» көрсем деген арманын суретпен бейнелепті.

«Өткен түнде Дисковери телеарнасын көріп отырып, осы ғимаратты көзім шалды. Бұл Бораттың келген елі емес пе? Бұл сарайға барып, көзбен көргім келеді», –

дейді блогшы өзінің «Армандаған сапарым: Бейбітшілік пирамидасы» атты жазбасында.

2 thoughts on “Қазақстанға келген туристерді бай елдің мінез-құлқы қызықтырды

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s