Астананың 10 жылдығы не ұнады, не ұнамады?


Астана мерейтойын теледидардан тамашаладым. Мына жайттар есімде ерекше қалыпты:

  1. 1. Қырғызстан президентінің өз сөзін қырғызша сөйлегені ұнады. Бірақ аудармашылар аудара алмай қиналып қалды.
  2. 2. Иордания корольінің өз сөзін «Аллаһтың атымен бастағаны ұнады», бірақ аудармашының ол сөзді елемегендей, аудармағаны ұнамады.
  3. 3. КТК журналистерінің мерейтойдан жүргізген тікелей репортаждары ұнады. Журналистер кідіріссіз бір тілден екінші тілге көшіп отырды. Жасандылық көп байқалмады.
  4. 4. Қазақстан қызметкері Даниярдың «Қазақ елі» монументін ашу салтанатынына жүргізген репортажында «қазақстандықтар» деп емес, Қазақ халқы деген тіркесі сауатты қолданғаны ұнады.
  5. 5. Нағиманың ән салғаны ұнамады. Шынайылықты көре алмадым.
  6. 6. Дима Биланның «тәкаппарлығы, еркелегені» ұнамады.
  7. 7. Соңғы күнгі өткен концерт алаңының безендірілуі ұнады. Күймен ашылғаны да орынды болды.
  8. 8. Буйновтың сәтін тауып, Елбасыны бірінші болып, көпшіліктің алдында Елбасыны құттықтағаны ұнады.
  9. 9. Уйтни Хюстонның ән салғаны ұнамады. Американдықтар да оны шақыртуға ақша қайдан алды деген сауал мазалап жатыр. Мені де…
  10. 10. «Вестидің» Медведевтің Астанаға жасаған сапарынан берген репортажы ұнады.

Advertisements

10 thoughts on “Астананың 10 жылдығы не ұнады, не ұнамады?

  1. Асхат, сәлем. Маған да ресейліктердің қойған концерті өте жақсы ұнады. Ал, Нағиманы ұнатқан пенде болмады-ау, сірә. Сондай-ақ, орысша әндер аз болып жатқандай, қазақ әншілерінің орыстармен жарысып, орысша ән салғаны көкейімнен шықпады. Ал, Астанаға арнаған қазақ композиторларының ішінде ілікке алар бір ән жоқ. Сол да мені қынжылтты. Әннің бәрі жүректен тумаған, ноталарды теріп жаза салғандай әсер қалдырды. Бір дұрыс композитор қалмағаны ма? Баяғы Шәмші қайда, Әсет қайда? деп бармағымды тістеледім. Оның қасында Алматыға арналған әндер әннің төресі екен ғой.
    Екіншіден, Астанаға ресейліктердің келіп концерт қойып, оны өздері жүргізгені тағы да көңілге күдік келтірді. Баяғы астам көңіл, империялық пиғыл басым сияқты. Ресейдің бір провинциясында жүргендей ұстады өздерін. Астана тойы құтты болсын. Ол бәрібір қазақтың тойы ғой. Айтпақшы, Назарбаевтың «Қазақ елі» монументін ашу барысында сөйлеген сөзі сондай ұнады. Тәуелсіздікті дәл осылай тойлағанда, оның қадіріне бұдан гөрі тереңірек жетер ме едік.

  2. Әлия, әйтеуір ақшаның қайда шашылғанын білдік 🙂
    Есенгүл апай, Мәскеуліктердің ән салуының астарында «Қазақстандағы орыстарды жетімсіретпейік» деген пиғыл жатқандай болып көрінді.
    Техносиндром, біз парадоия жасауды шебер үйрендік қой. Енді бізден де үлгі алуға болатын шығар.
    9-дағы сілтемеге кіретін болсаңыз, американдықтар да сол жағын айтып жатыр. 🙂

  3. Астананың тойын қарауға уақыт болған жоқ, тіпті есімнен шығып кетіпті. Сиырға жем беріп, жоғалған мысықты іздеп, ағаш үйді тігіп, «Шиндлер тізімі» фильмін қарадым, ол фильм ішінен де бір эпизодты бір күн бойы іздеп таба алмадым, шамасы толық емес нұсқасы болса керек. Сонымен өтті уақытым.

  4. Ақзере, не де болса, Русланның жоғалған мысығы табылып, сиыры аш қалмағаны көңілге жұбаныш. 🙂
    Мемлекеттің істеп жатқан іс-шаралары қанша жерден сәтті болса да, халық тарапынан ықыласқа бөленбеуінің басты себебі, бұқараның билікке деген өкпе-назының көбейіп келе жатқанынан д.о.

  5. Дұрыс айтасыз, Уйтни Хюстонның ән салғаны маған да ұнамады. Тіпті не үшін шақырған оны? Сахнаға шығып алды да мазақ қылғандай қылды.

  6. Сосын Мәдина Сәдуақасованың жүргізгені дым ұнамайды. Не осы Қазақстанда содан басқа жүргізуші жоқ па? Ана орыс коллегасының жанында тупая блондинка сияқты болып тұрды ғой.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s