“Харам” карточкалар


Альянс Банкті сыйлаймын сыйлайтынмын. Неге екенін білмеймін бір симпатия бар. Әйтеуір «Сеймардың» Сейсенбаев Марғұланның қазақ екенін білгендіктен, банктің келбеті қазақ болып көрінгендіктен болар.

Өткенде пресс-конференция өткізді. Байқаймын спикерлердің барлығы дерлік қазақтың жігіттері. Қазақша десең, қазақша, орысша десең, орысша, ағылшын десең ағылшынша сақ-сақ етеді. «Ана тілінде» «Сеймар» басшысының бір сұхбатын да оқығаным бар. Өз сөзінде ол экономика жөйттердің қолында дегенді ашық айтқаны бар. Бірақ сол пресухадан (ренжіме, баспасөз мәслихаты ауызекі тілде өз арамызда кейде осылай аталып кетеді) кейін бір түрлі күдік алып қалдым. Күдіктен тезірек құтылмаса болмайды. Әрбір күдік харамға итермелейді деген бар емес пе?

Негізі екінші деңгейлі банк болғанымен қаржы қоржындары (кредитный портфель) онша бүліне қойған жоқ қой. Сыртқы қарыздарының көп бөлігін қайтарыпты. Енді жаңа бір өнім ұсынамыз дейді. Мәселен, кредит карточкаларына басымдық бермек. Басты артықшылығы кредитный карточкадан ақша алмасаң, ол өздігінен көбейіп өсе бермек. Енді пайыздық өсу болады деген сөз ғой. Осы сөзді естігенде банктен көңілім суып кетті. Қарсы алдымда доңыздың етін жеп, майын қолымен сүртіп тұрған біреу елестеп кетті.
Харам емес пе? Карточкадағы ақшаның үстіне өздігінен пайыздар қосылып, ақша өсетін болса, бұл карточканы мұсылмандар қайтып тұтынбақ? Харам еместі харам деп айту дұрыс еместігін білемін. Осы жазбаны оқығандар аталған мәселеге қатысты дұрыс бір жауап бере алса, жөн болар еді…

9 thoughts on ““Харам” карточкалар

  1. Мыналары жөнсіздік екен. Марғұландар шариғатқа сай жұмыс істейтін Исламдық банк жүйесін әкелеміз деп жар салған еді. Інісін соның қыр-сырын игеруге жібердім дегені қайда? Асеке, соған қарағанда инфляция тағы төніп қалды ау. Астананың тойы өткеннен кейін не болады екен…

  2. Жіберсе, жіберген шығар. Ислам банкі өзінше де дами берер. Ал мына карточкаларын мұсылмандар бұл нұсқасында пайдалан қоймас.
    Инфляция қазірдің өзінде қылқындырып барады ғой. Білетінім, Астана тойынан соң, Астанада жолақы күрт көтеріледі.
    Қымбатшылықтың қызуы әзір басылмайды. Үнемдеуге осы бастан үйрене беру керек шығар…

  3. Қаржылық жүйенің Еуропалық нұсқасын пайдаланатын елміз ғой. Бұны өсімқорлыққа жатады деп ойламаймын.
    Әйтпесе – білмедім: бүкіл Қазақстан мұсылмандары тозаққа бір табан жақындағаны деген қорытындыға келер едім.
    Мысалы, біздің депозитке салған ақшамыз, екінші біреуге несие ретінде беріледі. Діни тұрғыдан, әрине, мен осыны біле тұра күнәға батып тұрмын, а? Дегенмен, “несиеге беріп жатқан мен емес, банк қой” деген пәлсападан екі есе күнәға батпас па екенбіз.

    Меніңше пайызсыз несие беретін банк – алдын-ала өзінің шығынға жұмыс істейтінімен келіседі. Әйтпесе панеуропалық қаржы жүйесінде пайызсыз жұмыс істеу МҮМКІН ЕМЕС! Пайыз дегеніңіз – адамның қаржылық міндеткерлігін үнемі еске салып отыратын стимул емес пе?
    Осыған өз ойыңызды айтсаңыз, Асқат.

  4. Сәл кештеу жауап беріп отырғаным үшін кешірім өтінемін. Экономист емеспін, десе де ойларымды жазайын.
    Біз үлгі ретінде пайдаланып отырған сол Еуропаның өзінде мұсылмандар күн санап көбейіп келеді. Олар қаржыларын харам жолмен айналымға түсіріп отыр деп ойламаймын. Еуропаның ислам банкингін дамытудағы тәжірибесі үлкен. Белсенді мұсылмандар сол жақта жүр ғой.
    Мұсылмандар тозақтық, яки жұмақтық болатыны бір Аллаһқа аян. Мен мұндай ойлардан аулақ болар едім.
    Депозитке салынған ақша несиеге беріледі. Жай сақтандыру кітапшасындағы ақша да несиелік айнамылға түседі. Бірақ бұл бізге банкте ақша сақтамауға негіз емес. Таяуда заңға енгізілетін өзгерістер (салық, кейбір заң актілерінде) ислам банкингіндегі ақшалардың шошқа, арақ шарап т.б. харамдарды дамыту үшін жұмсалмайтындай арнайы баптар қарастырылады деген үміттемін.
    Пайыз мен үшін бірінші кезекте харам дүние. Банктегі ақшам бәрібір де пайыздық жолмен дамып жатыр деген ой харам нәрсенің әрі қарай қаулап кетуіне жол беруге негіз болмау керек. Қазір елімізде қолында қомақты қаржысы бар бай мұсылмандар шоғыры қалыптасып келеді. Сондай ақ ақшасын депозитке салғысы келмей жүрген мұсылмандар да жетерлік. Сондықтан бірте-бірте ислам банкингі бізде де дамиды д.о.
    Пайызсыз несие беру арқылы банк өзінің тәуекелділігін азайтады. Әрі шығынға жұмыс істемейді. Банк табысқа ортақтасады.
    Ислам банкингінің қызметі туралы толығырақ мәліметті мына жерден табуға болады (орысша)
    Ислам діні жеңілдікті қалайтын дін. Сондықтан егер таңдау болып тұрса, мен ол карточка қызметін пайдаланбаспын.

  5. Таяуда заңға енгізілетін өзгерістер (салық, кейбір заң актілерінде) ислам банкингіндегі ақшалардың шошқа, арақ шарап т.б. харамдарды дамыту үшін жұмсалмайтындай арнайы баптар қарастырылады деген үміттемін.
    Асқат бауырым, мен айтпақ ойымды дұрыс түсіндіре алмадым-ау деймін.
    Пайыз шын мәнінде математикалық операнд ғана емес пе? Оның зұлымдыққа не исламға қызмет етіп жатқанын қалай түсінбекпіз, әдістемелік нұсқау бар ма?
    Екіншіден, пайыздық өсімнен басқа, адамдарды жұмыс істеуге мәжбүр ететін, кәсіпкерліктің шоғын көсеп отыратын, ТАБИҒИ және НАРЫҚТЫҚ құралдан басқа не бар? “Қарыз қайтармайтындар – өлтірілсін!” деген көнебабылша заң ба? Қайсыбір аят-сүре ме? Әлде диктатура ма?

  6. Мен де сізді дұрыс түсінбедім ғой деймін. Сонымен сіздің пікіріңізден екі сауал көріп отырмын.
    1. Пайыздың зұлымдыққа не исламға қызмет етіп жатқанын қалай түсінбекпіз, әдістемелік нұсқау бар ма?
    2. Пайыздық өсімнен басқа, адамдарды жұмыс істеуге мәжбүр ететін, кәсіпкерліктің шоғын көсеп отыратын, ТАБИҒИ және НАРЫҚТЫҚ құралдан басқа не бар?
    Дұрыс па?

  7. Бақыт, пікіріңе рахмет. Блогыма қош келдің. Өткенде сол банктің басшыларымен сөйлескенмін. Ислам банкингімен айналысатын бір консалтинтік компанияның көмегіне жүгініп жатыр екен. Харам өнімдерін алып тастар деген үмітім бар.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s