Қазақ Блогшыларының астыртын ұйымы (хынк)


Төмендегі жазбаны Ruslannnn пікір ретінде жазыпты. Мен бөлек жазба ретінде орнатып отырмын. Ешкім ренжи қоймас.

Қорқынышты жағдайды елестетіп жіберді ғой.
Қараңғы түн. Блогтарға жазуға болатын уақыт аяқталғандықтан, елдің бәрі ертеңгі сағат 9-ды күтіп, ұйқыға кеткен. Бүкіл елдің компьютерінің сөніп, ешкімнің блогтарда «қыдырыс» жасамауын қатаң қадағалап тұрған қарулы күзетшілер…
Прожектор жарығы жетпейтіндей, ағаш арасындағы қараңғылықты пайдаланып, бір көлеңке бұқпантайлап, күзетшілер көзіне түспеуге тырысып кетіп бара жатыр.
– Тоқта, атам! – деген дауыс естілді. «Біткен жерім осы екен» деп ойлаған Самат екі қолын көтеріп тұра қалды.
«Ағатай, үйіме кетіп бара жатыр едім, жұмыста компьютер жөндеймін деп қалып қойыппын, тез арада үйге бару керек болғасын, қараңғыда кетуге мәжбүр болып отырмын, жібере қойшы…»
Күзетшінің бірінің жүзінде жылулық бар екен, кезінде өзінің осылай, компьютер клубтарында контр-страйк ойнап, милиция рейдіне ұсталып қалмау үшін, қашқалақтап жүретіні есіне түсіп, мырс етті де, «Жылдам кет мына жерден, балақай, қазір Блог Цензоры өзі тексеріп жүр, бірақ үйіңе бар!» деп, баланы босатып жіберді.
Сәкең аздап өтірік айтты, әрине. Жұмыста отырып қалғаны рас, бірақ ол үйіне бара жатқан жоқ еді, алда оны Блоггерлер Қозғалысының кездесуі күтіп тұрған еді..
Келісілген пәтерге келіп, есікті әуелі үш рет, сосын бір рет, сосын тағы да екі рет қақты.
– Бұл кім?
– Қоқыс тасушы, бүкіл әлемдік торды тазартып жүрмін..
Тағы да бірнеше шартты сөздермен алмасқан соң, ар жақта сыбыр-күбір естілді де, көзілдірік киген жігіт есікті ашты.
– О, Самат, қош келдің, тезірек кір ішке, – деп, сыбырлай сөйлеп, Саматты ішке өткізіп жіберді де, ішінен кілттеп алды. Есікті мықтап кілттеп, ішкі есікті де жапқасын ғана, Саматтың көзі пәтер ішіне үйренісе алмай тұрғанын байқап, Асхат мониторды қосты. Самат сонда ғана байқады – бөлме ішінде үш компьютер қатар жұмыс жасап тұр екен, жаңа бұл есік қаққанда сөндіріп үлгерген болуы керек. Асхатты бұрыннан таниды, Ұлы Цензура басталғанға дейін, талай блог-конференцияларда бірге болып жүрген, одан кейін Самат астыртын блогшылармен байланысы үзіліп
қалған болатын. Терезе алдында отырған қыздың да түрі таныс сияқты көрінді… Ааа, бұл Айко ғой! Ия, кәдімгі 666Айко999 деген атаққа ие болған партизан қыз, дәл өзі! Ал анау… анау тұрған Арсенал777 мен Техносиндром ба? Самат тап бұларды осы пәтерде кездестірем деп ойламап еді…

ЗЫ. Обшым, шығарма желісін ары қарай ойластыра беріңіздер, мен принтерді жөндеп қайтуым керек болып қалды…

Advertisements

6 thoughts on “Қазақ Блогшыларының астыртын ұйымы (хынк)

  1. …Самат жасырын қоғамда қалыптасқан сленгке бірден үйреніп кете алмады. Сорлылар саяси ақпарат жеткізе отырып, Цензорға ұсталып қалмау үшін неше-түрлі айла шарғыға барады екен. Саматқа бірден саяси тұлғалардың шифрограммасы принтерден шығарылып тапсырылды. Қағазға көз салып еді, келесідей мазмұнда екен:
    НӘН – «Биг-Маг»;
    Мәсімов – «Лағман»;
    Жамишев – «Шашты Әзіз»;
    Карагусова – «казашка»…
    Саматты бәрінен бұрын Тасмағанбетовтың лақабы таң қалдырды. Жігіттер мен қыздар, Имекеңдікін мықты нетіп жіберген емессіңдер ме, жұмсартсаңдар қайтеді шамалы деді ол Асқатқа…

  2. Асқат бұл сөзді естімеген сыңай танытып, кезекті бір блогшының басын айналдыру үшін: «Қазақ тілінде блог жүргізудің қыр-сыры-99» деген жоспарын әзірлеп жатқан. Кенет, терезе сыртынан сарт еткен дыбыс естілді. Жарық жалп етіп өшіп қалды. Асқат Техносиндромның «Терминаторлар келе жатыр» деген сөзін ғана ести алды.

  3. Сөйтсе бұл «мені де араларыңа қосыңдаршы» деп белгі берген Азамат екен. Жарықтың бірден өшкеніне қатты таң қалған ол қасында тұрған қарағайдың қасына жайлап келіп, айналасына көз салып, бір бақылап шықты.
    Үйдің ішінде не жағдай жүріп жатыр екен?! деген оймен біраз тұрып, қарағайдың астынан терезеге көз тастап еді, қараңғылықты пайдаланып шам жақпастан терезенің бұрышынан сығалап тұрған біреуді байқады. Азамат олардың аттарын танығанымен ешуақыт көрмеген, кім қарап тұрғанын да ажырата алмады.
    «Мені байқап қалмасын, үркіп қалар. Шам жаққан кезде анықтап алармын»,-деген оймен бұл да қарағайды тасалап, кідіріп қалды…
    … Арада біраз аяттар оқып үлгерерлік уақыт өткен кезде біреу шам жағып, пердені жауып қойды. Қолында парақ ұстаған, көзінде көзілдірігі бар, бойшаң жігіт сұлбасы көрінді. Азаматтың ойына «бұл Асхат шығар» деген жүрекке жағымды, көкейге орнықты жылы ой сап ете қалды. Түн қараңғысында далада тұрып, ұзақ уақыт күтуден мезі болған ол қуаныштан айқайлап жібере жаздады, бірақ сақсынып, терезеге қайта тас лақтырып еді, бірден шам сөніп, компьютердің көгілдір сәулесі бөлмеде тірі жанның бар екенін білдіріп тұрып, сәл созылып, бөлмені тас қараңғылық қайта басты…
    Осылайша Азамат «менің қолым тимейді бұдан былай, иншалла, қолым тисе хабарласармын кейін» деп, жай аяңдап, Мысырға жол тартты…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s