Қазақ блогтары үнемі назарда


Блог туралы қорқынышты нәрсе жазбай-ақ қояын десем де болмады.  ОБСЕ туралы мәлімет іздеп отырып, BBC-дің сайтынан мынандай хабарды оқыдым:

Власти Казахстана осуществляют мониторинг личных страниц и блогов после обещания казахского министра информации Ермухамета Ертысбаева очистить сайты страны от «грязи» и «лжи».

Қазақ министрі Ермұхамет Ертісбаевтың елдің сайттарын «лас» пен «өтіріктен» тазартамын деген уәдесінен соң, Қазақстан билігі жеке парақшалар мен блогтарға мониторинг жүргізе бастады.

Министр тағынан кетті. Жаңасы келді. Бірақ басталған іс аяқсыз қалмаған болар…

Advertisements

9 thoughts on “Қазақ блогтары үнемі назарда

  1. иә, олар да «техносиндром былай депті, Айко оған былай жауап беріпті. Нұрғсиа мен Бекжан болса» деп күбір-сыбыр әңгіме-дүкен құрып жүрген шығар… 🙂

  2. Қорқынышты жағдайды елестетіп жіберді ғой.
    Қараңғы түн. Блогтарға жазуға болатын уақыт аяқталғандықтан, елдің бәрі ертеңгі сағат 9-ды күтіп, ұйқыға кеткен. Бүкіл елдің компьютерінің сөніп, ешкімнің блогтарда «қыдырыс» жасамауын қатаң қадағалап тұрған қарулы күзетшілер…
    Прожектор жарығы жетпейтіндей, ағаш арасындағы қараңғылықты пайдаланып, бір көлеңке бұқпантайлап, күзетшілер көзіне түспеуге тырысып кетіп бара жатыр.
    – Тоқта, атам! – деген дауыс естілді. «Біткен жерім осы екен» деп ойлаған Самат екі қолын көтеріп тұра қалды.
    «Ағатай, үйіме кетіп бара жатыр едім, жұмыста компьютер жөндеймін деп қалып қойыппын, тез арада үйге бару керек болғасын, қараңғыда кетуге мәжбүр болып отырмын, жібере қойшы…»
    Күзетшінің бірінің жүзінде жылулық бар екен, кезінде өзінің осылай, компьютер клубтарында контр-страйк ойнап, милиция рейдіне ұсталып қалмау үшін, қашқалақтап жүретіні есіне түсіп, мырс етті де, «Жылдам кет мына жерден, балақай, қазір Блог Цензоры өзі тексеріп жүр, бірақ үйіңе бар!» деп, баланы босатып жіберді.
    Сәкең аздап өтірік айтты, әрине. Жұмыста отырып қалғаны рас, бірақ ол үйіне бара жатқан жоқ еді, алда оны Блоггерлер Қозғалысының кездесуі күтіп тұрған еді..
    Келісілген пәтерге келіп, есікті әуелі үш рет, сосын бір рет, сосын тағы да екі рет қақты.
    – Бұл кім?
    – Қоқыс тасушы, бүкіл әлемдік торды тазартып жүрмін..
    Тағы да бірнеше шартты сөздермен алмасқан соң, ар жақта сыбыр-күбір естілді де, көзілдірік киген жігіт есікті ашты.
    – О, Самат, қош келдің, тезірек кір ішке, – деп, сыбырлай сөйлеп, Саматты ішке өткізіп жіберді де, ішінен кілттеп алды. Есікті мықтап кілттеп, ішкі есікті де жапқасын ғана, Саматтың көзі пәтер ішіне үйренісе алмай тұрғанын байқап, Асхат мониторды қосты. Самат сонда ғана байқады – бөлме ішінде үш компьютер қатар жұмыс жасап тұр екен, жаңа бұл есік қаққанда сөндіріп үлгерген болуы керек. Асхатты бұрыннан таниды, Ұлы Цензура басталғанға дейін, талай блог-конференцияларда бірге болып жүрген, одан кейін Самат астыртын блогшылармен байланысы үзіліп қалған болатын. Терезе алдында отырған қыздың да түрі таныс сияқты көрінді… Ааа, бұл Айко ғой! Ия, кәдімгі 666Айко999 деген атаққа ие болған партизан қыз, дәл өзі! Ал анау… анау тұрған Арсенал777 мен Техносиндром ба? Самат тап бұларды осы пәтерде кездестірем деп ойламап еді…

    ЗЫ. Обшым, шығарма желісін ары қарай ойластыра беріңіздер, мен принтерді жөндеп қайтуым керек болып қалды…

  3. Руслан, Самат деген кім? таныстырып кетсеңіз. әңгіменіздің жанры фантастика әлде детектив))))? қалай болса да кс ойнайтын ата бәрінен ұнады:)

  4. Жай ғана бір кейіпкер ғой. Оның орнында Жанбек немесе Амангелді болуы да мүмкін еді. Жанрын білмедім. Шығарманың соңғы жағында сол жаңағы Самат бәрін құтқаруы керек бірақ.

  5. вах! «свободу попугаям! свободу попугаям!»
    негізі, тазартылған блогтар бар ма? Әлде қыспаққа түскен блогшылар?
    Өрімтал-мырза, байқап сөйлегін демекшісіз ба?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s