Шыңғыс Айтматов қайтыс болды…


http://www.aikyn.kz/files/Aitmatov-02.06.05.jpg

Шыңғыс Айтматов қайтыс болды…

Шын мәнінде бергені де, алғаны Аллаһтың өзінікі.

***

Ш.Айтматов 1928 жылдың 12 желтоқсанында Талас облысының Шекер ауылында дүниеге келген, өзінің бірінші әңгімелерін 1952 жылы бастырды, 1956 – 1958 жылдары Мәскеудегі Жоғары әдебиет курстарында оқыды. Ол әлемге танымал «Жәмилә», «Хош, Гүлсары» повестері, «Белый пароход» және «Плаха» романдарының авторы. Айтматовтың соңғы шығармаларының бірі – «Когда падают горы (Вечная невеста)» романы 2006 жылы Мәскеуде жарық көрді.

Шыңғыс Айтматов – Ленин сыйлығының иегері (1963) және КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте (1968, 1980, 1983) иегері, 1988 – 1990 жылдары КСРО-ның кезіндегі жетекші журналдардың бірі «Иностранная литература» журналының бас редакторы болған.

Қайта құру жылдарында КСРО президенті Михаил Горбачевтың кеңесшісі болды, 1990 – 1994 жылдары КСРО мен Ресейдің Бенилюкс елдеріндегі елшісі қызметін атқарды. 2008 жылдың наурыз айына дейін Қырғызстанның Франция, Бельгия, Люксембург және Нидерланды елдеріндегі елшісі болды.

Advertisements

10 thoughts on “Шыңғыс Айтматов қайтыс болды…

  1. Тек ғана Ұлы Қырғыз халқының емес, осы күні әр-түрлі сайқал саяси ойындарда өздерін сарқып біткен жазғыштардан біржола жерінген қазақ үшін де бағдар болған жарық жұлдыз еді.
    Кітаптары бізді суарды ғой.»Ғасырдан да ұзақ күнінен» кейін, отыз жасқа есейіп қалғандай болып, үлкендердің бізге айтатын ақылдары сонда түсінікті бола бастаушы еді.
    «Жан пидасынан» тағы өмірді өзің көргендей шаршап қалатынбыз…
    Алла разы болсын оған, топырағы мамық болсын!
    P.S. Нобель беріп үлгірмедік…

  2. Тек қана түркі халықтары ғана емес, бүкіл әлем әдебиетінің ұлы жазушысы өмірден өтіп отыр. Оның аты ғасырдан ұзақ адамзат жүрегінде қала бермек…
    Топырағы торқа болсын!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s