Автобустағы төбелес


Кондукторларды сүймеуші едім. Әлгінде аяп кеттім. Жаңа ғана осы автобуста төбелес болды. Көзбен көргенім – автобустың алдыңғы есігінде кондуктор мен бір қыз бала тартысып тұр екен. Жұмсартып айтқанда. Кәдімгідей өршеленіп кеткен. Салондағылар шу-шу етеді. Қыз ақыры шопыр мен кондуктрды әкесі мен тайлы-тұяғына дейін боқтап, аялдамадан түсті. Мен сол сәтте отырдым. Автобуста:

«Қазақ десең өзіңе тиеді. Неге қызға қол көтересің? Қайдан ғана бағаны көтердіңдер? Қабырғадағы газеттің көшірмесі қандай дәлел? Ештеңе естігеніміз жоқ т.с.с»

дауыстар тұс-тұстан шығады. Дүрлігіп кеткен.

Түсінгенім, студент қыз автобус бағасының бүгіннен бастап 50 теңгеге қымбаттағанына келіспей, ақша төлеуден бас тартса керек. (Студенттерге грант болса ғана жарты пайыз жеңілдік сақаталады. Бұл туралы жаңаеуразияда жазып едім. Бірақ блогосферада Айкодан басқа ешкім үн қатпаған еді) Содан төбелес шыққан. Барлық автобуста осындай ахуалды байқауға болады. Кейбіреулер үлкен әріптермен: «50 теңге» деп жазып қойған.

Кейбір жолаушылар да түсінбейді-ау. Кондукторды ұрғаннан ештеңе өзгермейді ғой. Олар да орындаушылар. «Біз енді қайтейік. Кешке план тапсыру керекпіз. 25 мың теңге. Жетпесе, қалтамыздан төлейміз бе?» – деп ақталып жатыр. Бір апай ақыры түсінді-ау деймін: «Бұлардың кінәсі жоқ. Бағаның өсіріп отырған бұлар емес», – деп аялдамасынан шығып кетті. Инфляцияның зардабын кондукторлар да халықпен бірдей тең көріп отыр. Мәселенің түбімен күресу керек, күресетін болса. Кондукторды соққыға жыққанан не өзгерер. Азар болса, бір рет 20 теңге төлерміз…

Студенттерді де түсінуге болады. Аз ғана ақшасын қырқып жеп отыр. Оның үстіне бұл жаңалықты жазға салым енгізіп отырғандарын көрмейсің бе? Күзде, оқу жылының басында болса, қалалық мәслихат қарсылыққа тап болар ма еді… Бара-бара бұл баға бізі қайда апарар екен, ә?

Advertisements

35 thoughts on “Автобустағы төбелес

  1. Ия, бұл хабар дұрыс таратылмады БҰҚ-да. Өзім де таңертең автобусқа отырған кезде ғана есіме түсті. Осыған дейін сіздің блогта оқып едім.

  2. тууу сондай дәрежеге дейін барған ба? 😦
    кондукторда қызу қанды біреу екен. қыз балаға қол жұмсапта үлгерген бе? баға қайда барады күнен-күнге өсіп, бір күні 150 тенге ары, 150 тенге бері деседе таңқалмайтын болдық қой өзі. Ең бастысы инфляция деп бәрі қымбаттайды да, айлыққа 5-10 тенге қосип қоятынын айтсаңызшы… со үшін ғо мен соңғы 2-3 жылда алматыны жаяу аралап жүргенім 🙂 үйдегі студент сіңілімнің қалтасы жұқаратын болды. 😦 расында да алматыда тұру қиын болып барады. грант дегені қалай?. студентік билетке қаз көрсететін болған ба грант деп?

  3. Ақзере, жұрттың бәрі блог оқымайтыны қандай қиын… Автобустағылар да сұрасаң, қымбаттаудың жөнді себебін түсіндіріп бере алмайды. Әйтеуір жоғарыға сілтейді.
    Айко, студенттерге «грант» деген арнайы мөр бастырып беріп, деканаттары немесе басқа да бір құзырлы мекемесі арнайы анықтама қағазын беретін көрінеді. Енді кондукторлар студенческийлерге шұқшиып тұрып қарайтын болады. Ғых!

  4. студенттерге қиын болған екен. осы автобустағы ұрысып жүретін адамдарды түсінбеймін. кондуктор сол ақшаны өз қалтасына салады деп ойлайтын секілді.

  5. Арсенал777, осы Қарағандыда студенттерге мүлдем жеңілдік жоқ қой деймін. Қалай төрт жыл бойы шыдап жүргенсіңдер… Таңым бар. Астанада да студенттерге жеңілдік жоқ екен. Сөз жоқ. Жұрт дәл солай ойлайды. «Немене сол 10 теңгеге байып қаламын деп ойлайсыңдар ма?» – деп айғайлайды емес пе…

  6. Тәке, сөзіңнің жаны бар болуы мүмкін. Себебі Ахметжан Есімов Алматыға келгелі бері әл-Фараби даңғылының енін ұзартып, қасына велошабандоздарға арнап жол салып қойды.

  7. Негізі алматылықтардан сұрау салып көру керек. Қаншасы дәл қазір велик пайдалануға әзір екен.
    Егер көпшілік қолдайтын болса, сөзсіз оппозициялық немесе басқадай бір коммерциялық ұйым бұл жобаны қалалық мәслихатқа қайта-қайта ұсынып, дегеніне жетер еді. Ал жолақы әлемдегі мұнай бағасы мен қаржы дағдарысына сай көтеріле беретін шығар. Дәл қазір білетінім, көліктің құны түсті. Шамасы келгендер көлік сатып алып жатыр. Кеше менің бір досым 2,500 (АҚШ доллары)Хонда алған екен. Құтты болсын дедім. Мен велик алсам да болатын шығар 🙂

  8. …Айко жақсы көретін әлгі бір пәлсапашыдан оқып едім «Бейжіңге жаңа ған кеткен адам – шын мәнінде – сонда» деген. Яғни ойша қайда болсаң, сен де – сонда дегенге келтіргені ме деймін.
    Бәріміз даосизмді қабылдасақ қайтеді?…

  9. Мен қарсымын. Жолақысы қанша қымбаттаса да мұсылман болып қаламын. Қандай жағдайда һайырлысын көресің… Жақсы емес пе, жолақысы қымбаттап еді, велосипед пайдаланатын мүмкіндік туды 🙂

  10. студенттерге бізде жеңілдік бар(әйтеуір мамырдың 31-не дейін болған, жазда бәрі бірдей төлейді) автобустың жол ақысы 30 теңге болса, студенттік билетті көрсетіп 15 теңге төлейсің.

  11. Өрімтал сұраңыз бірінші болып мен жауап берем(велик керек пе деген маңызды сұрауға), великті жас кезімде құмарым қанып айдамап едім, кешке дейін мініп түспей қоян алматы көшелерінде 🙂 негізі жақсысы-жақсы ғо бірақ қалың қыста не істейміЗ?, Джиптердің өздері буксавайт етіп атр 😦

    бір әнек айта салайын. калалық көлікке мінбегелі көп болған маған… ондағы аура таңсық уже. трамвайға(4-ке) міндім как раз Ақзере, Көңілашар, Жанка, Балдырғанмен кездесетін тұса… әлі отрм әлі отрм кондуктор жоқ. бұл қалай *лафа жизнь* келді дегені осы шығар деп таң қалып отрм, есімде мүлде жоқ қондырғы қойылғаны 🙂 бір кезде қой ұят болады, елдерден сұрайын дедім, жанымдағы аға анау жерге барып тиын тастайсыз билет шығарады деді. 🙂 барып алып тастайтын жер таппай… бір қыз салып билетімді алып берді. Айтпағым великті іске қосатын болса… ана великке үйрене алмай күніге сан соғысып, жара-жара болып кеп жүретін шығармын жұмысқа 🙂 ))) бірден қабылдай қоймаймыз-ау…

    Техносиндром 🙂

  12. Сонымен жеңілдіктен қағылдық па, құрметті студент қауым! Құдайға шүкір грантта оқитыныма қуанамын, бірақ бар ғой ия, мұнысы барып тұрған дискриминация! Ақша төлеп оқитындар оқуға бір шығынданады,(жыл сайын оқу бағасы өсіп келеді) пәтер жалдап бір шығынданады, өйткені жатақхананы алдымен грантниктерге береді, енді елу теңге төлеп үш шығындана ма? Бұлары барып тұрған әділетсіздік! Давай көтеріліске шығайық! Шутка

  13. Асхат, соңғы жазбаларыңды қарай алмай кетіп ем. Қоғамнң тыныс тірлігінен біраз хабар беріпсің. Және оған орай өз көзқарасыңды айтқан екенсің. Мен сенің біздің қоғамның бүгінгі жағымпаз және жалтақой қылығына жүрегің ауырып отырғанын түсінемін. Бұл тек сені емес, бәрімізді де меңдетті. Мен 20 жыл бойы бір президенттің басқаруындағы өмірден жалықтым. Қазақстанды басқаша ойлай алатын, жаңаша көзқарастағы адамның басқарғанын қалар едім. Амал не, президент соңғы сөзі арқылы өмірінің соңына дейін басқара беретіндігін танытты. Яғни, сіз бен біз қартайғанша отырады. Египетің кебін киіп жүре беретін болдық. Оның үстіне біздегі жүйе сонау Кеңес одағынан қалған жүйе ғой. Мемлекеттің аты өзгеріп, қоғамның құрылысы өзгерді демесек, сол баяғы тоталитарлық әдіспен басқару үрдісі қалған жоқ. Тек бас бұйдаға көнбей кетіп бара жатқаны жабаы нарық пен экономика.

  14. Әр әзілде бір зіл бар, Әділбек! Ала қойды бөле жарғандай бөлгендері дұрыс емес дегеніңе қосыламын. Ал ереуілмен мәселе шешілмес. Менің ойымша бұл жерде бір хикмет керек.
    Қалай десек те, біздің кезімізде де студенттер өз құқықтарымызды қорғата алмайтын едік, қазір де сол жағдай жалғасып келеді. Студенттер өз құқықтарын өздері заң негізінде қашан қорғап үйренер екен?

  15. Есенгүл апай, пікіріңізге рахмет. Не де болса, жақсылықтан үміттіміз ғой. Қанымыздағы қазақилықты бізден ешкім тартып ала қоймас. Соған да шүкір.

  16. Тығырықтан шығатын тағы бір тесік тауып келген сияқтымын, Сіздерге аптыға хабарлаймын!
    «Австралиялық ғалымдар заттарды қашықтыққа электр импульсы арқылы жеткізуді зерттеуде айтарлықтай жеңіске жетті. Канббера Ұлттық Институтының өкілі камераға салынған иридий атомының параметрлерін Сиднейдегі бөлімшеге берген кезде, ол жақтағы камерада дәл сондай зат түзілгенін хабарлады. Ғылыми фантастикадағы телепортация технологиясының күні де алыс емес сияқты».
    Көңіл бөлуге тұратын сияқты, ағайын! Бірақ біздің әулие шенеуніктер сымның бойында да тығын жасап алып, қарық қылмайтын шығар…

  17. Тәке, ғылыми жаңалықты әулие шенеуніктер оқып қойып, енді оны инновациялық жоба ретінде «Базына» қорының ақшасынан жүзеге асыруға талаптанып көрмесін деп тілейік. Ал автобустағы төбелестердің көкесін осы апта бойы көретін шығармыз… Неге студенттерге бөлек автобус шығармайды екен. Бір жылдары бір жастар ұйымы сондай бастама көтеріп еді. Әр оқу орнының өз автобусы болғаны университеттерге де, студенттерге де тиімді емес пе? Менде де бір шешім табылған сияқты, Тәке 🙂
    Енді әулие профессорлар оқып қойса, қайтер екен, ә? Жаңадан тағайындалған ректорлардың құлағына осы идеяны сыбырлап жіберсе, университеттерінде керемет реформа жасап, тарихта аттары қалар еді.

  18. 🙂 🙂 🙂
    Жуас халықпыз ғой, Асеке, көтеріліп кетпеу үшін алдымен тіпті сандырақтарды да қарастырып көреміз ғой… Алдымен…
    Қазағымның амалы таусылмасын құрысын, ол күнді жауымызға да көрсетпесін Жаратқан!

  19. «Әр оқу орнының өз автобусы болғаны университеттерге де, студенттерге де тиімді емес пе?»

    Жақсы бастама көтеріпсіз. Бірақ оның шығындарын есептейтін болсақ тиімсіз. Қаз бинзин құны щарықтап тұр, (стоянка, басқада керек жарақтарды есептемегенде) сосын водительмен, кондуктордың айлығы тағы бар. Мысалы кішкентай коледждерде студент саны аз, олар кеткен шығынды өзін-өзі ақтай алады ма?
    осы идеяңызды ары дамытса, жеке универлер емес кез-келген жолай соға алатын универдің студенттері автобус талғамай жүретін болса онда шығын жағы қолайлылау болар ма еді?!

  20. Өз имиджік көтергісі келетін оқу орны студенттеріне қолайлы жағдай жасаудан қашпас еді д.о. Және олар анау-мынау шығындарын оқу ақысына білдіртпей қосып жібере алады.
    Политех, АГУ, КазГу запросто сондай бір бус шығара алады д.о. Қазір «Тұранда» сосын КАУ да сондай бар ғой деймін.

  21. Бальзак:»Әрқайсысымыздың білуге тиісті нәрсеміз – заңды нашар білгендей ештеңені де нашар білмейтініміз».
    Яғни, студенттер өз құқықтарын қорғауға келгендще құлықсыз ба, әлде көнбістеу ме, әйтеуір келісе салатын халықпыз қой. Алайда, студенттердің жеке автобусы болса деген ұсыныс – құптарлық. Мен қосыламын!
    Гранттарға ғана жеңілдік беретін көрінеді.
    Ол маңдай термен, «жұмсақ» желмен келген грант па, құдай біледі.
    Алайда, екіншілері үшін тағы бір дәурен ғой,ә
    Біздің дәурен қашан туар екен. Санасын тұрмыс билеген студенттерді бұндай мәселелер қызықтырмайды ғой. «Жалғыздың шаңы шықпас,жаяудың үні шықпас». Осындай белгілі бір блогта келелі мәселе қозғалып жатқанынан хабарсыз студенттер, … қаншама?!

  22. студенттердің жағдайын түсінуге болады ғой. Бәрін қымбаттады, ең болмаса жолақыны жеңілдетпей ме? «Жоғарыдағы» мырзалардың студенттерге жеңілдік жасалады дегені де бос сөз болғаны ғой. Стипендия 7500 алушы едім. яғни ең жоғарғы дегені осы. Биыл тағы қосады деді. Бірақ не пайда, иә? Жарайды грантта оқитындарға жеңілдік дейді, ал өз ақшаларына оқитындардың несі кем? Бәріне тең қарау керек қой…

  23. Кеше ғана теледидарда жаңалықтардан естідім, студенттерді ешқалай бөлмей, барлығы бірдей баға төлейді.
    Ал тек гранттықтарға ғана жеңілдік деген ешқандай заң жоқ деп айтты.

  24. Еки жыл бурын Алматыда болганымда байкаусызда «масломер, жолаксын алып жиберениз» дегеним ушин кондуктордан соз естигеним егштене емес, таяк жеп кала жаздадым. Жулып алгандай, ол да, «не деп мени мазактап турсын?» дегени бар. Сойтсем Актобемиздин «масломерлеринин» «тусиниги» жаксы екен гой.

  25. Есесіне!!! ІІ-Алматыда адасып кеткем, содан І-Алматыға таксимен жететін болып, көлік тоқтатқам. Ішінде өзіміз қатарлы жас жігіт отыр екен. Сырттан барғанымды байқаса керек, «қайдан келіп едің?» деп сұрады. Осы Алматыдан едім деп өтірік айта салуға арым жібермеді.

    (Өйткені, жаоғыз жүріп, түнгі Алматыдағы небір адам ойына келмейтін палекеттерге куә болып келе жатып, бейтаныс адамға сырттан клегенімді айтып не азабым деген ой болып еді)

    Бірақ шынымды айттым. Ол қуанғаннан көлігін тоқтатып, Шалқар (Ақтөбе облысындағы аудан) туралы сұрастырып әкетті. Сөйтсем, әке-шешесі оны туа сала, Алматыға әкетіпті ғой. Таксист өзінің туғанын тапқандай мәз болғаны сол, қаншама жерге тегін әкеліп тастады.

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s