Жел тербеген әткеншек


Өткенде газеттің кезекшісі болған едім. Баспаханадағы қыз бала газеттен екенімді біліп, мына өлеңді ұсынған еді. Ауылындағы бір ақсақал жазған екен. «Мүмкін болса, жарияларсың» деп өтінді. Қарап шықтым, Шымкенттегі бейкүнә сәбилердің СПИД-тің тырнағына іліккенін өлеңіне арқау етіпті.

  • Жайма шуақ Шымкент күні сарала суық күз қылып,
  • Бос тербеліп әткеншек тұр соққандай бір ызғырық.
  • Сәбилерде сыңғырлаған қуаныш күлкі жоқ бүгін,
  • Жас ғұмырды ілді ме әлде СПИД деген қыл құйрық.

  • «Бос бесікті» әткеншекті ызғырық жел тербетпе,
  • Көз жасы да аз аққан жоқ, долы жауын, селдетпе.
  • «Бұл өмірге неге әкелдің ойнатпасаң» дейтін дей,
  • Әке байғұс жер шұқиды қарай алмай перзентке.

  • Қанша ғұмыр сүретінін, жүретінін кім білсін,
  • Ойда түк жоқ анасын кеп құшақтайды бүлдіршін.
  • Ана байғұс бауырына ап аймалайды, сүйеді,
  • Бұл өмірде аз да болса, мейірім көріп үлгерсін.

  • Баласына қимастықпен қарап алып, телміріп,
  • Ана байғұс тек жылайды теріс қарап егіліп.
  • Ауру сорған тәні қалып, әке-шеше қолында,
  • Қылықтары есте қалып, жаны кетер бөлініп.

  • – Қайран балам, күлесің сен ойыңда жоқ арамдық,
  • Неге бардық емханаға, неге ғана қан алдық?..
  • Мәңгілікке айырылам деп қимай жаным өзіңді
  • Төрт қабырға там ішінде өзіңмен бірге қамалдық.

  • Жүрегімде мәңгі өшпесін балапаным билеші,
  • Жаным балам, сорың болды-ау емхананың инесі.
  • О, Тәңірім, мені алшы, құлынымның орнына,
  • Бұл өмірден түк көрмеген боташыма тимеші.

  • Жолдасбай Найманбаев,
  • 18.06.07
  • Алматы облысы Ұзынағаш ауданы
  • Жамбыл селосы
Advertisements

9 thoughts on “Жел тербеген әткеншек

  1. Әмин! Айтқаның келсін, Ақзере!
    Бірақ халықтың әлеуметтік жағдайы түзелмейінше мұндай жағдай тағы да қайталанып қалар ма деп ойлаймын. Қалай десек те үлкен сынақ болды ғой. Бәрінен де сәбилерді аяймын…

  2. адамдардың жұмысына деген салғырттығы ғо.
    өзіміз аз халықпыз, ал істеп отырғандары анау…
    өлең әсерлі жазылыпты.

  3. Шынымен де денсаулыққа салғырт қарайтынымыз бар. Жұмысқа да салғырт қараймыз. Негізі билікке өкпе артамыз. Түптеп келгенде өзімізден де бар ғой. Соларды (істеп отырғандарды айтамын)түртпектеп, түртіп, үнемі: «Әй, не істеп отырсыңдар? Ақшамызды (бюджеттегі) қайда, қашан, қалай жұмсадыңдар?» деп желкелеріне мініп, есеп талап етіп отырсақ, қоғамдағы біраз былық азаяр ма еді. Әйтпесе, қазір олар қызмет етіп жүрген жоқ, біз олара қызмет етіп жүрміз…

  4. Асхат, ашқан блогынын котерер жугы, орындайтын функциясы осы деп ойлаймын. Осы пыкырлерды окып, озымнын ышымдегы ойымды ортаг салуды жон кордым. Жалпы сонгы кезде менде быр мынез (мынез бе алде дерт пе) калыптасып келе жатыр. Жан жагына карасан, аш-жаланаш, мусапыр адамдар. Балалардын жалмауыз дерттын курсауына тусуы, карт адамдардын мусапырлыгы, кайыр сураган казактар. Кобыне оз ортанда журып байкамайсын, омырдын кызыгын кешып маз болып жургенын. Жан жагындагы адамдар да бакытты, тарыкпайды, курбыларынмен сонгы сан улгылерын айтып,кымбат дукендерды кезесын. Кунделыкты инфляция, бага кымбаттап барады деген созды естыгенымен ман бере коймайсын. Бырак, кейде сол ортадан шыгып, кадымгы омырдын шынайы келбетын коргенде коркасын. Жумыстан оралып уйге уйге келе жатканда, ерыксыз автобуста, кошеде жаланаш шындыкты, бугынгы Казахстаннын шынайы турын коресын. Мадениетсыздык оз алдына гой, ал адамдардын жутан тыршылыгы кынжылтады. Дырдектеп сонгы тиынын санап турган кемпыр, шалды коргенде журегын ауырады. Сондыктан ондай корыныстерды кормеуге тырысам. Базарга да баргым келмейды сол себептен. Жолдасым да урысды, быреуды аяп жагдайын айта бастасм. Осы тып тыныш кана омырге рахаттанып журмейсын ба, онда нен бар дейды.
    Кеше танетен кокысты тогейын деп кокыс салатын жашыкке жакындасам, усты басы таза, бырак киымы нашарлау быр аксакалды кордым (казах екен). Омырауындагы орден медальдеры бырден козге тусты. Колында бидон бар. Соган калдык тамактарды акырын гана салып жур екен. Мены корып сырт айналды. Журегым ауырды деген соз жай гана дыбыс екен. Жаным ауырды. Жылагым келды. Оны аяганым да бар, омырдын адылетсыздыгыне ашынганым да бар. Кезынде отанын коргады, балалары мен урпактарынын келешегы ушын куресты. Ал бугын ол курескен бала-шагасы онын коргаган отанын сатып, оган кокыс тергызды. Аяп кеттым. Амиянымда акша устамайтын едым, карточкамен есеп айырысуга дагдыланганмын. Бары 500 тенге екен. Усына берып едым. Керегы жок деп урысып тастады. Не айтарымды былмей, ренжыменызшы деп, тос калтасына сунгыте салдым да, автобусыма жугыре кашым.
    Алдындагы «туу настроениемды туырып алдым гой» деген пыкырды окып, ойыма кайтадан осы оралды. Мен де «настроениемды» тусыргым келмейды. Сондыктан да казыр тек жылтыр бетты журналдарды окып, ойын-сауык багдарламаларын коруды адетке айналдырып барам. Тыпты шынын айтсам, жагдайы нашар курбыларымнан да кол узып калдым. Омырдын мундай сур, ащы, кансыраган бейнесын коргым де , окыгым да, естыгым де келмейды. Мумкн бул дерт шыгар. Орысша айтканда бездушие деген.

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s