Нұрсұлтандықтар мен Нұрсұлтан қаласы!


Үнсіздігіміз бен жасықтығымыз өзімізге сор болатын болды. Кеше Сәт мырза Астана қаласын «Нұрсұлтан» деп атауды ұсынды.

Мәжіліс депутаты Сәт Тоқпақбаев Астана атауын Нұрсұлтанға өзгертуді ұсынады. Бүгін ол мәжілістің пленарлық отырысында премьер-министрдің атына тиісті сауал жолдады, деп хабарлайды “Қазақстан Бүгін” агенттігінің тілшісі.

Ағайын, шыдай алар емеспін. Не болып кетті? Үнсіз қала бермекпіз бе?

Осы жағымпаздық пен жалтақтықтан қашан арылар екенбіз?…. Сенгім келмейді. Астана қаласының атауы – Нұрсұлтан болып өзгеретініне сенгім келмейді… Қалай десек те бұл біздің қоғамды бір ауру меңдеп бара жатқанының жайлап кеткен аурудың күшейіп бара жатқанының айқын белгісі деп білемін

Жаңартылды.

“Мен қазір ешқайда кеткелі жатқан жоқпын, халық қанша уақыт сенім жүктесе, сонша уақыт ұзақ және өз мүмкіндіктеріме және денсаулығыма сәйкес жұмыс істей бермекпін”, -деді ол.

“Қазақстан мен оның халқына қажет уақытымда, сенімге ие болған уақытта және халық сайлауда маған сенім жүктеген уақытта мен жұмыс істей бермек ниеттемін”, – деді президент.

“Сол себепті бағалаған депутаттарға ризашылығымды білдіремін, осы қаланы, жалпы елді салып аяғынан тұрғызуға қосқан менің үлесімді есепке алған шығар. Атауды қалай өзгерту дұрыс дегенді болашақ ұрпақ шешетін болады, бірақ осы жолы емес“, – деп санайды мемлекет басшысы.

39 thoughts on “Нұрсұлтандықтар мен Нұрсұлтан қаласы!

  1. Жөн сөз! 🙂
    Жұрт енді мынадай уәж айтып жатыр екен.
    Петропавелді (Қызылжар) бір орыстың атына бердік. Әлемде Петербор, Вашингтон деген қалалар бар деп…

  2. Келісемін. Сұмдық!!!
    Жаңа бір кісімен сөйлесіп едім, бұл бір сценарий болуы мүмкін дейді. “Бәрі улап-шулаған соң, халайық, бұлай болмайды” деп айтады-мыс…

  3. келіспеймін десеңіз сізді кәміл “опазицияда жүр” деуі ықтимал
    келістім десеңіз шындық өліп барады деген екен. ХІІ ғасырда қытай пәлсапашысы 🙂 )))

  4. Мдда, әлі күнге дейін қай жақта жүргенімізді білмейді екенбіз ғой…
    Меніңше, қабылданбайды. Себебі қабылдап қойсақ, ЕҚ-қ-қ-қҰ-ұұұ-Ы-ға не бетімізбен төрағалық етеміз?

  5. Айко, баяғыда кісілер ханға өкпелесе: “Кетем!” – деп елін тастап кетіп қалады екен. 🙂
    Сен де осыны сылтауратып кетіп қалар ма деп қорқып едім.

  6. “Нұр-нұр” деп нұр сөзінің шын мағынасын жоғалтып алдық қой…
    Жақсы сөзді жамылып, бәрін “нұрдан” бастадық. айналаны “нұрға” толтырдық. Анаған теліп, мынаған теліп, ақыры Астанамызды солай атасақ, не бетімізбен әлемге танылмақшымыз.
    Жеке басқа табынушылық деп осыны айтыңыз. “Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек” болуы мүмкін емес болып қалды ғой деген ой мазалайды мені.
    “Нұр” сөзінің қадірін кетіргенше не болды сонша, қазақтар?

  7. shinemen Jayiq qizi keremet sozdin oz maginasin, manin jogaltip basqa maginaga ye bolgani ras

    aytqandai osi bir keremet sozdi jamild degende de NurAstana-ni qoya salip Nursultan degenderi bizdin senip jurgen agalarimizdin qai sasqandari deym da..

    Masqara dep bet shimshigannan basqa shara qalmadi..

  8. Столдан ауып түстім. Осыдан жарты жыл бұрын бір танысымның әзілдеп айтқаны шынға айналды. Масқара болдық қой, Нұраға, қойсайшы мынауыңды, көзге күйік қылмай… Әлде саған мақтау өтіп кеткен деген әңгіме шын ба?

  9. Ақмоланың Астана болғанына не бары 10 жыл жаңа толып жатыр еді ғой !
    енді қайтадан атын немен де ауыстырса жараспай қалады. Астанам дескен
    шырайлы ән-жырлар нұрсұлтаным деп кетпекші ма сонда ? Тұрақтылық керек қой

  10. Сөзсіз Нұрсұлтан ағамыз қазаққа көп қызмет етті, бірақ қала атын атау , енді мүлдем сорақы нәрсе. Депутаттар да бір жағымпаздар, әлде бұл тағы президентке жасалған аяқтан шалушылық па? Елге күлкі қылып қарап отырса…..
    Путин сияқты Ағамыз жақсы кетсе ғой басшылықтан,абзал болар еді. Әй, білмеймін?!Егер біз сияқты шын жанашырлар қасында болса, мұндай жағдайлар болмас еді!!!!

  11. сат токпакпаевты отставкага жиберу керек!демалып,ойланып келсин, келген сон усынысын кайтып алар.мумкин Астана жанындагы Щучинскти Сат каласы деп атармыз?Астана Нур-сити болсын! нуротан партиясы мушелери бари нурситиде турсын, калганымыз ман-магына жок казакшаланган оскемен,семейде,т.б турамыз, орыс атында калган калаларда турамыз.олген адамга бермй ме адам атын, калага беру миндетти турде емес шыгар,коше аты да бериледи гой, тек коз кеткен сон.сат агай олтире алмай журген жан сиякты, койыныз, дем алыныз.ушыктырманыз.кейин баскасы келсе президент боп, онын атын да нур-ситиди алып тастап жапсырармыз орнына?!Нурсултан агайды онсыз да кадир тутамыз,сыйлаймыз,разымыз!

  12. жеке баска табынушылык болып бара жатканга уксайды!
    2030 жыл:Нурсултан мемлекетинин астанасы – Нурсултан,халкы 100% нурсултандыктар,бир партиялы жуйе,нуротан партиясы,акшасы нур,1нур – 120доллар!!!

  13. Мынадай бір оқиғалар бар… Ауылда көз алдымызда болған жағдайлар ғой…
    Атағы жер жарған, түкірігі жерге түспеген партократ шал дүние салады. Оның беделінің көрінісі ретінде – садақаға екі көшеге сыймайтын машина келіп тұру керек. Әйтеуір – ең мықты делінетін молда алынып, ет асудан ең мықты шебер қазан асып, ең қайратты жігіттер қабір қазып, шығарып саламыз.
    Келесі кезең – марқұмды ұлықтау. Алдымен,марқұмның көзін көргендер не сөзін естігендер жергілікті газетке “утка” жібереді, әлгі туралы мақтау жазып. Сосын әрі қарай былай болады. Ономастикалық комиссияға марқұмның баласы, тума-туыстары дастарқан жайып … көшеге атын беруді сұрап алады. Бір айдан кейін көшеңіздің аты су жаңа!
    Сосын әлгі әкесінің қадірі мықтап қайыстырған бала, облыс орталығына бір екі-ай жоғалып кетеді. Сол кеткеннен келеді әйтеуір… Қуанышында шек жоқ! Тек біз сияқты мұрынбоқтарды қазан-ошақ құруға қайта моблизацияға шақырады. Ұлан-асыр той болады. Неге? Соған: облыс орталығынан да жарықтық!
    Тек бір ой – әкенің қадірін білген осындай болсын ба?

  14. ниЧе-ниЧе, ЧеТам-ЧеТам қолда билік болғанда нетіп қалу керек.
    Атачка(Сәт атаны айтам) дұрыс нетті негізі.

    Бәрлерің кеп анандай айтып кетіпсіңдер ғо 🙂
    мүлде жаман емес, ертен менде МИДке кетем я аким болам со кезде қолымнен кеп атса атамның атына көше беріп, ескерткіш тұрғызып, әкемнің атына қала салдырам, қолыңнан келеді ме? сенде сүйт! бірақ амаралень жағын ескеретін болсақ 😦

    Қырқып қой: Не істегісі келсе соны істесін, ертең тағы біреу келіп ол да қалағанын істейді. ХІІІ ғасыр. Қытай етікшісі 🙂

  15. Оллаһи-білләһи мойындамаймын: егер Астана атын өзертсе, қаланың атын координатасымен айтатын болам,21 градус шығыс ендік, 11 – оңтүстік бойлық деп. Немесе Басқала деп жүре берем, не Астана деп. Солай.

  16. Суыт!”Мемлекет басшысы мәжіліс депутаттарының Астананың атауын Нұрсұлтан деп атау жөніндегі бастамасына қарсы”, massagan.com,”Қазақстан Бүгінге” сілтемемен.
    Масқара, мына пікірлерді айтпай, шыдай тұрғанда болатын ба еді, ендігі күніміз не болмақ? 🙂

  17. Cіз соншалық қорқақ па едіңіз,technosyndrom?
    Қашанғы жалпақшешейлікпен өмір сүреміз? Сіздің бұл сөздеріңіз кеңес үкіметі кезіндегі “естіп қщйса қайтеміз” деген қорқақтыққа саяды.
    “Айтылған сөз – атылған оқпен тең” дегенді естіген шығарсыз. Жау алғанда жалтарып кететіннің бірі болып жүрмесеңіз болғаны. Бұл жерде мен сіздің нікіріңізді жоққа шығармаймын. Өйткені, ол сіздің жеке көзқарасыңыз солай емес пе, Тешеке? Бұл да бір демократия…

  18. Cіз соншалық қорқақ па едіңіз,technosyndrom?
    Қашанғы жалпақшешейлікпен өмір сүреміз? Сіздің бұл сөздеріңіз кеңес үкіметі кезіндегі “естіп қойса қайтеміз” деген қорқақтыққа саяды.
    “Айтылған сөз – атылған оқпен тең” дегенді естіген шығарсыз. Жау алғанда жалтарып кететіннің бірі болып жүрмесеңіз болғаны. Бұл жерде мен сіздің нікіріңізді жоққа шығармаймын. Өйткені, ол сіздің жеке көзқарасыңыз солай емес пе, Тешеке? Бұл да бір демократия…

  19. Махамбет, Дана, пікірлеріңді кештеу көріп, жариялап отырмын. Бұл уордпрестің сондай бір жүйесі бар. Адам алғаш рет э-поштасын жазып, пікір қалдырса, админ оған рұқсат бермейінше ол жарияланбайды. Сол себептен екеуіңнің пікірлерің сәл кеш жарияланып отыр. Кешірім сұрай отырып, сендердің кез келген пікірлерің мен үшін құнды екенін айтқым келеді. Жазбаға бей-жай қарамай, пікір қалдырғандарыңа рахмет.

  20. Қашанғы жалпақшешейлікпен өмір сүреміз? Сіздің бұл сөздеріңіз кеңес үкіметі кезіндегі “естіп қойса қайтеміз” деген қорқақтыққа саяды.
    Ия, қазір менің есігімнің алдына келіп эмка тоқтап, кожанка киген чекисттер алып кететін сияқты болады да тұрады, ма-ма…

  21. Техносиндром 🙂 мен тек пәлсәпашының ғана емес, барлығын оқи беремін ғо(темір еріткіш, адам тасушы т.б. көп)…
    со етікшінің сөзі түсіп кетті есіме :)))

  22. Нұраға елді қайтесіз тыңдап, Айко сізбен бірге! 🙂

    Қырқып Қой: кезінде партия қайда болса менде сонда деп өлең айтқан халық едіңдер ғо, қазр бәрің демократияланып кетіпсіңдер ғо түге :(((

  23. Жалпы астана деген ұғым ежелгі түрік-шағатай тілінде “табалдырық” деген мағына беретінін менің журфактағы ұстазым Аманқос Мектептегі айтып жүретін, оның ұсынуы бойынша, Астана емес, Ақорда деп атаса, құда да тыныш, құдағи да тыныш

  24. Петр патшаның атымен қойылды деуі мүмкін “санкт-Петербург” деп. ал бұл атты патша Петр, Иса пайғамбардың апостолы(хауари) әулие Петрдің құрметіне берген.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s