Толықтырылған нұсқа:
Былтыр дәл осы уақыттарда осы үйге қоныстанған едік. Сол кездегі пәтер іздегенімді мына жерге жазып қойып едім. Міне енді бүгіннен қалмай, көшу керек болып жатыр. Кешке үйге келсем, үйдің іші астан-кестен… Көшу дегенді жаным сүймейді.
Медианеттегі студенттер хат жазды ма екен деп (блог ашып, пошта ашсақ хат жазамыз деген) ию-қию уақыт ішінде пошта қарап отыр едім, блогтарымыздың дұрыс ашылмай жатқанын оқыдым. Әйтеуір техника деген бір сынақ қой. Бірде былай, бірде олай. Ондай-мұндай хан қызында да болады емес пе? Содан, блогқа кірсем: «Бәріңе ХОП!» деген Айконың блогына кезіктім. Көңілім көтеріліп сала берді.
Қой. Осы жерден әзірге доғарайын. Көшу керек, жігіттер-қыздар.
Жаңаланды: Аман-есен жаңа бір пәтерге көштік. Көлігімен жәрдемдескен жігіттерге рахмет. Алматыға алғаш рет 2 жол дорбамен келіп едім. Бүгін жеңіл көлікпен 8 рейс жасауға тура келді. Дүние деген қолдың кірі ғой. Қалай ғана жиналып қалғанын білмей қаласың. Осы уақытқа дейін жазбаны қай бөлмеде отырып жазып келгенімді көргің келсе, суреті MobileBlog та!
Ортақтасқаныңа рахмет, Нұргелді!
Jana qonys qutty bolsin!
Кедей болсаң көшіп көр… Сегіз дорба толған кітап шығар, Асеке? 🙂
иә сол кітап қой…. тастауға қимай жүрген қағаз-қалам т.с.с.
Анау бір әннің римейкі есіме неге түсе береді:
«Ертеде де кеште, мен көшсем, сен көшпе, ааармаааныыыыммм» деген… Жарайды, әйтеуір жаңа шаңыраққа қоныстанып алғандарың қандай жақсы болған. Көре көре көсем, көше көше номад боласың деген…
Ағай!Сіздің мақалаңызды оқыдым,бізге немқұрайлы қарамағаныңызға рахмет!Биік белестерден көріне берініз!
Adaikyz, tilegine rahmet.
Жаңа қоныстарың қалай, жайлы ма? Бұрынғыға қарағанда жақсы шығар? 🙂
Konystarynyz kutty bolsyn.