Телефоннан блог бастаймын десең…


Ақтөбеге қатынайтын қытай пойыздарына қатысты дау-дамай туындағандықтан, КТЖ (Қазақстан Темір Жолы) тәуекелге барып, бір топ журналисті осы пойызбен Алматыдан Ақтөбеге дейін саяхаттап апаруды хош көрді. «Желсөз тудырған журналистердің өзі қолмен ұстап, көзбен көріп, мұрнымен иіскеп, Қытай вагондарының зиянсыз екенін білсін» деді. Мен осылайша, ойда жоқта осы Қытай пойызына тап болдым. Содан бұл пойыз іші-сыртын қалта телефондағы фотокамерамен суретке түсіріп жүріп, тел. ішінде «блогқа жарияла» деген функцияны көрдім. (менде SonyEricson 550i) Суретті түсіріп, әлгі “жарияла” дегенін басып қалып едім, МашАллаһ, бірден блогспоттан мобилді блогым ашылып, суреттерім мен сөйлемдерім пойыз ішінен тікелей сол жерге орналасып жатты.

Осылайша жол бойы көргенім мен көңілге түйгенімді сол блогқа жариялап отырдым. Былайша айтқанда, пойыз ішінен мобильді репортаж жасадым 🙂

Енді міне, Ақтөбеге келіп, (Ерлан мен Аршатқа көп рахмет) қонақ үйден интернет таппай отыр едім. Содан қалта телефонды ақтарып көрсем, оны ноутбукке қосып ақ, интернеттке кіруге болады екен. Осы жазбаны солайша жазып отырмын.

Егер Сіз қалта телефоныңыз арқылы блог жүргізгіңіз келсе, мына мәлімет Сізге пайдалы болады д.о.

  • Телефоныңыздан go@blogger.com мекен жайына MMS немес email жолдаңыз
  • Блогыңыз ашылды деген хабар және клейм код (кілт сөз тәрізді) жауап келеді
  • Бұдан соң қалта телефоныңыз арқылы жазба орната бересіз.
  • Телефоның СониЕриксон маркасы болса (барлық түрі үшін емес),суретті блогқа орнатқанда автоматты түрде ашылып, жауап келеді.

Сәттілік тілеймін.

Пы.Сы. Қытай пойызында екі күн жүріп келіп, аман-есен оралдым. Денім сау. Еш жерім ауырған жоқ. Сенбі күні ИншАллаһ, «Қазақ тілінде блог жүргіздің қыр-сыры» деген тақырыпта семинар тренинг өткіземін. Қатысамын десең, хабарлас.

2 thoughts on “Телефоннан блог бастаймын десең…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s