Насихат: піл мен маймыл


Ш.Құдайбердіұлы кітабынан:
Пілдің бар жақсы көретұғын жемісін жүретұғын соқпаққа шұбатып шашып, оны тереңдеп барып тұйық жар қылып қойса, піл жемісті тере-тере тұйыққа қамалады. Сонда артын бекітіп қойып біреу ұрған болып, біреу арашалап алып әлгі жемісті беріп, үйір қылып алып көп жүк артып һәм ойнатып жетелеп жүреді.

Маймыл адам не қылса, соны қылуға құмар. Оны біліп тұрушылар маймылға көрсетіп торға орап, шырмап тұрып торды тастай кетсе маймыл да келіп оралып жатқанда келіп ұстап алып үйретіп неше түрлі ойын қылғызады. Қалаға барғаныңыз екеуін де ойнатып жүргенін көрген де шығарсыз. Енді бұл екеуі бір нәпсісі үшін, тамақ үшін құл болды. Бірі не көрсе соған құмар боламын деп құл болды. Шайтан да бізді сөйтіп алдап дәндетіп үйір қылады. Күні бұрын сонан сақтану керек. Піл көтінен кейін шегінуді білмегеннен ұсталды. Біз шегіне білеміз ғой. Шегініп қаралық. Маймыл құмарлығын қоя алмады, ұсталды. Бізде сабыр бар ғой, Аллаһқа сыйынып алдатпай ғадет (әдет) қылған күнәні қалдырып көрелік.

2 thoughts on “Насихат: піл мен маймыл

  1. Басында әрі таңқалып, әрі күліп отырып оқып едім, өзіміз жайлы айтылғанда, мұңайып қалдым ғой. Шәкәрімнің “Маймыл мен Айна” атты мысал өлеңі бар ғой, дәл соны басымнан кешірдім. Бұл мысал да бір айна екен… :(. Ееех деңіз…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s