Үш сауал


Ертеде бір жас бала әке-шешесін тастап, мұхиттың арғы жағына білім іздеп кетіпті. Ілім-білімге қанығып, елге оралған соң, ата-анасына: «Үш сауалыма жауап беретін дін ғалымын, я болмаса данышпанмен жолықтыруын» өтініпті. Жалғыз баласының сөзін жерге тастамаған қарт әке-шеше бір мұсылман ғалымды тауып әкепті. Жігіт көрген бетте: «Сен кімсің?» деп сұрапты. Қарт кісі: «Мен Аллаһ Тағаланың құлымен және ол қаласа сенің сауалдарыңа жауап беремін» депті.

Сенімдісің бе? Әлемнің танымал профессорлары менің сауалыма жауап бере алмаған еді…

Аллаһтың жәрдемімен қолдан келген көмегімді аянбаспын.

Олай болса, менің үш сауалым бар. Біріншісі, Құдай бар болса, маған оның күшін көрсет? Екіншісі, тағдыр дегеніміз не?

Үшіншісі: егер шайтан оттан жаратылған болса, неліктен ол кейін отқа тасталып жазаланады? Бұл жаза оған ауыр келмесе керек. Себебі шайтан өзі де оттан жаратылған ғой.

Аллаһ тағала бұдан бұрын бұл туралы ойлап пе еді? Мені мазалап жүрген сұрақтар осы, – деп жігіт қартқа назар аударғаны сол еді, кенеттен қарт данышпан оның бетінен шапалақпен тартып жіберді. Мұсылман ғалымның бұл қылығына түсінбеген жас жігіт: «Маған неге сонша ашуландың?» – депті сасқанынан.

Мен ашулы емеспін. Бұл сенің қойған сауалдарыңның жауабы еді.

Түсінбедім?, – депті дуылдап тұрған бетін қолымен ұстап.

Мен сені шапалақпен ұрғанда өзіңді қалай сезіндің?

Әрине, қатты ауырды. Жаным көзімнің ұшына келді…

Яғни, сен аурудың бар екеніне иланасың ғой

Иә.

Онда маған ауруды көрсет.

Көрсете алмаймын ғой!

Міне, көрдің бе, – депті мұсылман ғалымы: Бұл – менің бірінші жауабым. Бәріміз де Аллаһтың бар екеніне оны көрмей-ақ иман келтіреміз. Өткен түнде сені әлдебіреу бетіңнен қағады деп ойлап пе едің?

Жоқ.

Менімен бүгін жолыққанда мен сені ұратынымды білдің бе?

Жоқ.

Міне, тағдыр дегеніміз осы – сенің екінші сауалыңның жауабы. Сенің бетіңнен ұрған менің қолымнан неден жасалған?

Ет пен теріден

Ал сенің бетңі ше?

Ет пен теріден

Мен сені ұрғанда өзіңді қалай сезіндің?

Ауру сездім ғой.

Міне. Бұл сенің үшінші сауалыңның жауабы. Аллаһ қаласа оттан жаратылған шайтан да тозақтың жалынында күйіп, азап шегетін болады, – деген екен.

11 thoughts on “Үш сауал

  1. Рахмет. Ағылшыннан аударып едім. Қаншалықты сәтті шыққанын білмеймін. Бірақ ара-тұра әлдекім осындай сауал қойып жатса, қалай жауап беру керектігін білетін болдық қой д.о.🙂

  2. Машалла, жақсы. Ағылшыннан аударсаңыз да беріліп аударыпсыз. Ана қарт бетінен тартып жібергенде менің бетім де дызылдап кетті. “Жүректен шыққан сөз жүрекке қонады” деуші еді ғой. Дәп өзі…

  3. Иә тагдыр дегенін ертенін болжап білмейді екенсін. Иа ет пен сүйектен жаратылған адамдар бір-біріне ауырлық та жаксылыкта тудырады гой. Ал алланың барлығына куман келтірудін ози куна шыгар…

  4. Асеке красава! Бұндай әңгімелерді қайдан тауып алып жүрсіз? АЛЛА разы болсын сізге!

  5. Аа-а, айтпақшы тағы бір плюс сізге. Сіз осындай оқиғаларды айтқан күннің өзінде “хадис” деп жанына қосып қоймайтыныңыз ұнайды маған. Біреулер бір кішкене “мағынасы жақсы” оқиға көрсе болды, жанына бажырайтып “хадис” деп жазып қоятыны, шынымды айтайын, жанымды қинап жібереді.
    Осы әдісіңіз дұрыс. Оқиға ма? “оқиға” деп жаз. Хадис болса жақсылап тексеріп көр, тексеруге егер шамаң келмесе “осындай хадис бар дейді-мыс” деп, ескерту жасап кеткен дұрыс болады. Асхат, пікіріңіз….(Жалпы, Аллаһ разы болсын сізге. Бос сөз … сөз, аз сөз алтын. Аллаһ тағала жақсы сөзді тамырын терең, бұтағын жоғары етеді. Есіңізде болсын!!!)

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s