Kendi Kendime


– Әлемтапырық болып кетті. Түу… тағы да салың суға кетіп, мұңаймақпысың. Одан не өзгерер дейсің? Адамды түсіну оңай деп пе едің? Бәлкім, оған өкпелей бергенше жауапты өзіңнен іздегенің жөн болар.

– Таңертең ерте тұру керек. Дөңгеленген дүниемен астасып, жанталасасың. Үлгеріп қалу үшін жұлқысасың, таласасың. Жұмысқа барып, ғайбатқа толы ортада тұншығып, тұйықталасың. Дәл қазір сол үшін ұйықтамақпын ба? Басқа мақсатым қалмады ма? Япыр-ай, Аллаһ разылығы үшін демеп пе едім. Неге ұмыттым?!

– пендесің. Кіп-кішкентай пендесің. Құлсың. Құлқыңның ба, Аллаһтың ба?

– Бұл жазбаны неге жазып отырысың? Үздік болу үшін бе, я да… басқа не үшін? Жүрегіңнің қыл пернесін өзгеге ойнатқызғаннан ұтарың не? Әлсіздігіңді сыртқа шашқаннан мықты боламын деп ойлаймысың? Жақсы. Дос тапқан екенсің. Ел көріп, жер көрдің делік. Тағы не тындырдың? Кімге қарап бой түзегің келді. Достарыңның алдында адалдығың қайда? Виртуалды таныстарың… олардың алдындағы қарызыңды өтедің бе?

– Мақсатсыз, жүйесіз істеппін. Әйтеуір алға қарай ұмтыла беріппін.

– Саған білетін ағаң айтпап па еді. «Айналайын, аулақ жүр! Белсенді болып көзге түскенше, елеусіз қалып, өз ісіңді тындыр» деп. Үлкеннің ақылын тыңдамадың. Енді міне тығырыққа тірелдің.

– Неге менің бойымды сенімсіздік пен үрей билей бастады? Шамшыл, секемшілдігімді немен түсндіремін? Неге маған айғайлай бересің?

– Бәрің де маған үндемей айғайлайсыңдар! Менің де «ет пен сүйектен жаратылғанымды» ойламайсыңдар. … Тағы да сені кінәлай бастадым. Кешір! Шынымен де маған жаның ашыса, менің есеп-шотыма ақша аудармай-ақ қой. Мешітке барып, құлшылық қылғаныңда дұғаңа қоссаң болғаны. Аллаһ разылығы үшін.

– Жұмыс істеуім керек. Жігіт емессің бе? Боркемік болып, езіліп жату саған жараспайды. Қазақсың ғой!

***

Кел, бірге күлейік! Сен және мен. Кеше не болды өзі? Бұның саған қатысы жоқ. Өз-өзіме kendi kendime…

Advertisements