Жындысың ба?


Мынаны оқып, төбе шашым тік тұрды: Оңтүстік Қазақстан облысында өзін дұғалатты деп анасын айыптаған жігіт оны өлтіріп тастады.

Bir ben vardır bende benden içeri

Yunus Emre

«Жыныма тимеші», «Жыным кеп тұр», «Жындысың ба?», «Жынданып кеттім»… Тілдік қорымда жынмен тіркесіп келетін сөздердің көп екенін аңғармайды екенмін. Серік «Жындармен сұхбат» деген бір диск әкеп берген. Соны көрудің сәтті осы демалыс күндері түсті. Бұған дейін жындар туралы тиіп-қашып оқығаным болмаса, я жын кіріп, ауырғандар туралы әңгімелер болмаса, бірнеше жыннан қатар сұхбат алғанын алғаш көрдім. Таңқалдым. Аллаһ адам мен жынды өзіне құлшылық ету үшін жаратқанын есіме қайыра түсірдім.

Апыр-ай, олар да біз қатарлы екен-ау деген ойдан арыла алмадым. Жынның адам ішіне кіріп кетуі де жылдам екен. Аузымыздан «жынды», «жыныма тиме» деген сөздер қалай тез шығып кетсе, солай жылдам енеді екен. Кәрімнің де жазбасын оқып, ол жерден де әлгі сөзді кезіктірдім.

Сөйтсем тікелей жындар әлеміне қатысы бар таныстарым өз арамызда да жүр екен. Тіпті бірі жақын құрбысының қалай емделгенін де айтып берді. Бастысы иманыңды күзетіп сақтанып жүру керек екен. Әйтпесе, адамның жынданып, сиқырланып қалуы оңай ма деп ойлап қалдым.

Айтпақшы, жынданудың алғашқы симптомы үздіксіз түсініксіз түстер көру деп естідім. Анық-қанығын қайдан нақтыласа болады екен…

Advertisements

3 thoughts on “Жындысың ба?

  1. Уағалейкум ассалам!
    Интернетім жылдам болғанда ИншАллаһ көрермін. Ал әзірге қысқаша мазмұнын айтып берсең де болар еді… Қызықтырып қойдыңыз.

  2. что такое колдовство-да лекция жүреді. ширк, сыхр жайында айтад. жақсылыққа шақырып, жамандықтан тиятын органнан(полиция) келген кісі колдундар жайында айтад, қалай жасайд, не жасайд, телевизордан ұстағандарды, жасаған сыхрларын көрсетед.2-часть әлі шыққан жоқ.
    Ал екінші ссылкада абу мухаммад жындардан қалай емделу керек, қандай қателіктер жіберед бауырлар, жалпы жындар жайында қысқаша айтад. Жақсы айтад. Соны да көр обязательно )
    Ринат қазір Алматыда жүр деп естігем. кешке мешітте ақшам ме құптан арасында сабақ өткізіп жүр деп

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s