Қостанайлық блогшылар :)


 Қостанайдағы семинарым жаңа ғана аяқталды. Өте қызықты өтті. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай университетінің журналистика факультетінің 1-2 курс студенттері қатысты.

 

Бұрын-соңды блог дегенді естімеген екен. Сөйтіп біразы блог ашты, өздеріне пошта ашып алды. Өте ұлтжанды жастар. Сөздеріне қарағанда Қостанайда тіл мәселесі аса өткір тұрған жоқ. Себебі қазақтардың өздері орысша сөйлеп кете беретін көрінеді. Десе де қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін көптеген шараларды қолға алу керек дейді. Жалпы жақсы қарсы алды. Қала тыныш. Машиналардың у-шуы естілмейді. Кеше мешітке бас сұққанмын. Ақмешіт деген қала орталығында орналасқан әдемі мешіттері бар.

Қостанайдағы семинардан суреттер  

 

Advertisements

6 thoughts on “Қостанайлық блогшылар :)

  1. Дәурен, рахмет! Саған да сәттілік тілеймін.
    Нұргелді, Диана студенттерге үлкен конференция болады деген соң келіпті. Көпшілігі орысша өтетін болар. Басы қазақша басталып, әрі қарай орысша болса кетіп қаламыз депті. Бәрі қазақша өткен соң, қалыпты. Онысын өздері тренинг соңында мойындады ғой 🙂
    Сымбат, сұрағың орынды. Бұл сұрағыңның жауабын Бекжанның блогындағы арнайы қонақ айдарында берген сұхбатымнан оқи аласың. Сілтемесі мына жерде.

  2. Машинаның шуы аз, тіпті жоқ екенін мен де байқаған едім. Барған күні кешке дейін «осы қалаға не жетіспейді?» деп бір-түрлі болып жүргенім бар. Сосын бір машина оқыс шыға келіп, сигнал берген кезде барып, «ох, машинаның дабылы екен ғой жетіспейтін!» деп, қуанған болатынмын 🙂
    Шынында да, үйде отырып, машинаның дабылынан маза кетіп отыратын бізге, анау Қостанайың бір-түрлі енді (жақсы жағынан, әрине) 🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s